…есейгім келмейді



… есейгім келмейді! Компьютер адамды жалғыздыққа үйретеді. Содан ба, көп ішінде жүрсем де, өзімді жалғыз сезінемін. Көбіне мұңлы ойлар сананы шырлайды. Бәлкім, интернетте жақсыдан гөрі жамандықты насихаттайтын мәліметтер көп болғандықтан болар. Кей кейде адамдар әлемторды өздерінің лас ниеттерімен былғап тастағандай көрінеді. Жиіркенемін. Денем тітіркенеді. Түршігіп кетемін.
Қазір Прагадағы ауылшаруашылық универсиетінде отырмын. Тып тыныш. Табиғаты да таза. Білім алам дегенге барлық мүмкіндік жасалған. Бағасын салыстырсам, Алматыдан көп арзан. Тек халқы… бәрі емес әрине, рухани кемтар. Кеше амалсыз, топпен бірге өмірімде алғаш рет сыраханада болдым. Әйел киімін киген еркектерді көріп шошып кеттім. Ұлыбританиялық Корел бұл «бойдақтықпен қоштасу» рәсімі екенін түсіндірді. Өкінішке қарай ағылшындар әлі күнге дейін тозық дәстүрлерін ұстанады екен. Аяалдамада араққа сылқия тойып, ықылық атып тұрғандар жиі ұшырасады. Кеше жатақханамыздың ауласында жатқан инені көзім шалды. Вахтада отырған жігіт те, шайтан суға тойып, өңеші жыртылғанша немісше айғалағаны бар. Неге?

Прага орталығы шіркеулер мен діни құлшылық қылар ғибадатханаларға толы. Бірақ халық діндар емес.
жалғасы мында

Advertisements

7 thoughts on “…есейгім келмейді

  1. Әр нәрсенің сияқты интернеттің да жаман мен жақсы жақтары бар. Бәрі де көретін көзге байланысты.

    Ұрымтал, Прагалықтар Қазақтар жайлы қандай ойда? жалпы пікірлері қызықтырады

  2. Достар! Пікірлеріңе көп рахмет. Бақытнұр тәрізді өгелерің де байқаған боларсыңдар. Әуелі бұл мәтіннің толық нұсқасын осында жарлаған едім. Кейін ЖаңаЕурази блогына көшірдім. Масақсатым «Жаңаеуразия» оқырмандарын көбірек жинау болатын. Сол себепті пікірлеріңде Жаңаеуразия блогына да қалдырып отырсаңдар қуанышты боламын. Кейбреулеріңнің пікірін сол жаққа көшіріп қойдым. Түсіністік танытқандарыңа рахмет.

  3. Эльвира! Прагадан Сізге деп арнайы әкелген бір базарлығым бар еді. Соны сізге қалай жеткізсем деп ойлап отырмын.

  4. Көңілашар! Жылы лебізіңізге көп рахмет. Мүмкін гуглдағы қазақ блоггерлерінің тобына өз поштаңызды қосып қоярсыз?

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s