ЖАНАР КЕЗДЕ ӨЗІҢ ДЕ ОТ БОП ЖАНАРСЫҢ…


Балам менің, бұл сөзіме бағарсың,
Жанар кезде өзің де от боп жанарсың.
Менің қазақ жүрегімді ал, тілімді ұқ,
Ал басқасын өзің іздеп табарсың.
Т.Молдағалиев

Бізде қазақта: «Көп білгеннен сұрама, көп көргеннен сұра» деген мәтел бар. Мақал-мәтелдерді мектеп партасынан бері пәлсапалық тұрғыдан қарастыруды үйреткендіктен, оның күнделікті өмірдегі пайдасын сезіне бермейді екенбіз. Шындығында қазақ журналистикасына қадам басқан әрбір жас үшін мақал-мәтел, нақыл сөз, ырым-тыйымдардың пайдасы ұшан теңіз. Бүгінгі ғаламдасу заманында әртүрлі мамандық иелерінің жұмыс істеу стилінде де ерекшеліктер байқала бастады. Менің ойымша, қазақ журналистикасының бір ерекшелігі – тамырын ұлт болмысынан өрбітетін мақал-мәтелдердегі астарлы ой мен эмоционалды-экспрессивті реңктің көптігінде, оны ұтымды пайдалана білуде.

Төменде келтірілген пайымдауларымда белгілі журналистерді өз мақалаларында мақал-мәтелді қалай пайдаланғаны турасында мысалдар келтірмейтіндігімді бірден ескертемін. Себебі тұрақты тіркестерге тұнып тұрған ойлы мақалаларды кез-келген газет бетінен табуға болады. Ал оның орынды немесе орынсыз қолданғанын анықтау өз еншіңізге қалдырайын. Өйткені мен мақал-мәтелдер журналист болып қалыптасуда көрсетер жәрдемі туралы әңгімелемекпін.

Көп білгеннен сұрама, көп көргеннен сұра

Бірде «НТК» телеарнасының жаңалықтар бөлімінде қызмет ететін жақын досым тақырып тауып беруін өтінген-ді. Газет шығатын күннің қарбалас болатынын сылтауратып, сыпайы ғана жауаптан жалтармақшы едім. Кенеттен таңертең жұмысқа кетіп бара жатқанда көрген тосын оқиға есіме түсе кетті. Алматының көліктері таңертеңгі уақытта көлікке кептеліп қалатынын жақсы білесің. Терезеден сыртқа қарап отыр едім, кастюм киген жігіт ағасы роликпен көше шетіндегі жолмен сырғанап кетіп барады. Иығына жолдорбасын асып алған. Шетелдікке ұқсамайды. Шамасы бір кәсіпкер болар деп ойлағанмын. Тележурналист досыма осы оқиғаны, әрі қызметкер келіншектің қызы жұмысына кешікпес үшін велосипедпен келуде әдетке айналдырғанын әңгімелеп бердім. Кейін ол осы тақырыпты пайдаланған, пайдаланбағанын білмеймін, алайда мен оған қызық тақырып ұсына алдым деп ойлаймын. Себебі, ролик киген адам арқылы, Алматыдағы өмірдің «батыстанап» бара жатқанынын, бұған көлік тығындарының себеп болып жатқанын немесе таяу арада роликтерге деген сұраныстың қымбаттай түсетінін, көшеде роликпен арнайы жүруге арналған жолдың жоқтығын т.б. мәселелерді өрбітіп қызықты сюжет жасауға болар еді. Журналист үшін көру, байқау, білгенін айту өте маңызды екенін мен сол жолы өз-өзіме тағы бір мәрте дәлеледеген едім. Қазақ қашан қалт айтқан?! Жалғасы мында

7 thoughts on “ЖАНАР КЕЗДЕ ӨЗІҢ ДЕ ОТ БОП ЖАНАРСЫҢ…

  1. Ролик пен велосипеті пайдаланып жұмысқа келуді мен де талай ойлағам. Оған кедергі көше шаңы, арнайы жолдар мен велосипеті қойып кететін орындардың болмауы және ең маңыздысы жолдың шалғайлығы. Егер осы қиындықтар шешілсе, қашықтықты бағындырудың бұл құралдарын қуана пайдаланар едім

  2. Бір жағынан спорт түрін де дамытар едік. Прагаға барғанда ақ шашты аталар мен әжелердің спорт костюмін киіп, елең алаңнан велосипедпен жарысып жүргендерін көрген едім 🙂
    Иманғали ағамыз орнынан түсіп қалмаса, бір күні велошабандоздарға да арнайы бір жол салатын шығар.

  3. Велосипедпен жұмысқа бару дағдыға енсе, мен одан басқа ештеңе сұрамас едім. Бұл-менің арманым! Велосипед деген – Денсаулық деген сөз. Қашан сол дағдыға енер екен? Тағатсыздана күтудемін.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s