Чехия. Карлосон. Тазалық!


Ауылшаруашылық университетінің жатақханасындамын. Қаланың мұнтаздай тазалығы мен жасыл желекке көмкерілгені көзді арбайды. Күн райы желді. Сәл салқындау екен. Қалыңдау киімдерімді алып шықпағаныма өкініп қалдым. Праганың орталығына жету үшін мен орналасқан жерден автобуспен жарты сағат жүру керек. Автобуста кімге ақша төлерімді білмедім. Сөйтіп үш рет тегін жүрдім. Қоғамдық көлікте жолаушылардан ақы талап ететін не болмаса жолбилетін тексеретін арнайы адамдар жоқ.
Ұяты барлар шопырға барып төлейді, ал ақылдылар айлық жолбилет сатып алады. Бұл тұрғыдан алғанда чехтардың дені ақылдылар.
Ақылды болуға талпынып жүрген біз тәрізділер көшедегі автоматтардан 25 кронға (Чехтардың ақшасы) билет сатып алып, оны автобус ішіндегі құрылғыға сұғып, мөр бастырады. 122 теңгеміз 22 кронға тең. Қоғамдық көлікке егде тартқан кісілер көп мінеді екен. Көпшілігі өте жұпыны кинген, бір екі масты да кезіктірдім. Прагалықтардың қанден иттерге деген махаббаттары ерекше! Автобуста төрт аяқты досын қолдорбасына салып алғандарды көзім шалды.

Ал аялдамалардың барлығында: «Бұл жерде шылым шегуге тиым салынады» деген жазу бар. «Назар аударыңыз! Маңызда ұры жүр!» деген ескертпелер қоғамдық орындарда көзге жиі түсті.

http://kz.kazakhstan.neweurasia.net/
\

One thought on “Чехия. Карлосон. Тазалық!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s