Прагадағы транспорт


Ауылшаруашылық университетінің жатақханасындамын. Қаланың мұнтаздай тазалығы мен жасыл желекке көмкерілгені көзді арбайды. Күн райы желді. Сәл салқындау екен. Қалыңдау киімдерімді алып шықпағаныма өкініп қалдым.
Праганың орталығына жету үшін мен орналасқан жерден автобуспен жарты сағат жүру керек. Автобуста кімге ақша төлерімді білмедім. Сөйтіп үш рет тегін жүріппін. Қоғамдық көлікте жолаушылардан ақы талап ететін не болмаса жолбилетін тексеретін арнайы адамдар жоқ. Ұяты барлар шопырға барып төлейді, ал ақылдылар айлық жолбилет сатып алады. Бұл тұрғыдан алғанда чехтардың дені ақылдылар. Ақылды болуға талпынып жүрген біз тәрізділер көшедегі автоматтардан 25 кронға (Чехтардың ақшасы) билет сатып алып, оны автобус ішіндегі құрылғыға сұғып, мөр бастырады. 122 теңгеміз 22 кронға тең. Қоғамдық көлікке егде тартқан кісілер көп мінеді екен. Көпшілігі өте жұпыны кинген, бір екі масты да кезіктірдім. Прагалықтардың қанден иттерге деген махаббаттары ерекше! Автобуста төрт аяқты досын қолдорбасына салып алғандарды көзім шалды. Ал аялдамалардың барлығында: «Бұл жерде шылым шегуге тиым салынады» деген жазу бар. «Назар аударыңыз! Маңызда ұры жүр!» деген ескертпелер қоғамдық орындарда көзге жиі түсті.

2 thoughts on “Прагадағы транспорт

  1. “автобус ішіндегі құрылғыға сұғып, мөр бастырады.”

    Бұрындары бізде де солай болған ғой. Кейін жолаушы саны көбейіп ондай құрылғыға жеті қиын болғаннан ба, алып тастады ғой ;)Негізі, олардікіне қарағанда біздікі дұрыс – ақшаны қолма-қол жинап, жаңағыдай билеттерді басу үшін а) қағазды ысрап етпейді б) қолданылған билеттермен көшелер ластанбайды

  2. Менің ойымша, пластикалық карточканы пайдаланған дұрыс. Нью Йоркте солай еді. Ол метроаға да, автобусқа да жарайды. Бір ай бойы пайдаланасың. Автобус ішінде кондуктордың айғайынан да құтыласың.
    Кейде жұмыстан шаршап келе жатқанда, осы кондуктордың айғайын естіп, жүйкемді тоздырғанша, таксиге мінгенім мың артық деген ойлар келеді.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s