Мешітті бұзып тастап … тұрғызыпты жаңа мектеп


“Жалын” журналының ескі сандарын парақтап отырып, мына бір өлең шумақтарына көзім түсті.

Біз де бір кірпіш….

Ертай Ашықбаев

Posted by Picasa

Сонау жыл…

Ресейден дана леп кеп,

Заманның ойға қонып талабы ептеп,

Мешітті бұзып тастап,

Кірпішінен

Біздің ел тұрғызыпты жаңа мектеп.

Түсінбей жүрсе де тың ағысқа әлі,

Келді ұлдар алфавитпен танысқалы.

Қирады Мекке менен Мәдиненің

Микроқұрылысы алыстағы.

Бәрі ертек, бәрі аңыз көрмегенге,

Тақта да орнатылды төрге демде.

Балалар кіріп жатты

Құдайлардың

Беделін түсірген сол бөлмелерге.

Өсті олар сонда оқып, сонда қонып,

Ғасырдың ғимаратын оңдап, өріп.

Мешіттің кірпішіне сүйенсе де,

Кетпеді ешбіреуі молда болып.

…Есейдім,

Өсті менің талабым да,

Шіркеуін көрдім талай қаланың да.

Сол мектеп жайлы ойлап отырушы ем

Ғылыми атеизм сабағында.

Толтырдық жылнаманың көп кемісін,

Біздерге енді, бәлкім, өкпелі шын

Будда да, Христос та, Мұхамбет те

Жағымсыз кейіпкер боп кеткені үшін.

Үңілсем сол мектептің дерегіне

Ойлардың батам небір тереңіне.

«Біз де бір кірпіш дүниеге» дей беремін

Жарайтын еліміздің керегіне.

«Жалын» Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитеті мен Қазақстан Жазушылар Одағының екі айда бір шығатын әдеби−көркем және қоғамдық−саяси журналы, №6, 1986 жыл, 17-бет

Кеңес тұсында елімізде бар болғаны 68 ғана мешіт болса, бұл күндері олардың саны 1900-дан асты. Бір ғана Алматы қаласында бұл күнде 25 мешіт бар. Өткен аптада 15 мың адам бір сәтте намаз оқитын зәулім мешіттің алғашқы кірпішін Елбасының өзі қалап берді («Ислам және Өркениет» газеті №10, 2007 жыл).

“Республикдағы барлық аймақ қарқынды құрылыс алаңына айналды, алдағы жылдары 100 мектеп пен 100 аурухана салу жоспарланып отыр (Елбасының Тараздағы жаңа мешіттің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінен, 27-сәуір, 2007 жыл)”.

Дәл Желтоқсан оқиғасы орын алған жылы ислам дінін дәріптейтін өлең жазған қайсар жастар көп болған-ау… Салыстырып отырсам, қазір жағдай көп өзгерген. Бірақ өз руының атын шығару үшін (Аллаһ разылығы үшін емес!) тұрғызған мешіттерден гөрі, кейбір ауылдарға шынымен де мектеп пен емхана салса, қазақ қоғамына тигізер пайдасы артар еді. Мешіттердің қасынан жұрт неге кітапхана ашпайды, осы? Интернеті бар, Құран мен діни кітаптар, газет журналдар, аудио видио, СД материалдар болса, білім іздеген жастардың бір жерде жиналатын, пікірталастырып, ғалымдардың ақыл кеңестерін тыңдар тамаша бір мекен болар ма еді. Білім іздеген жастардың бәрі шығып жатқан діниі әдебиеттерді сатып ала алмайды. Кітапханадан жаздырып алып отыратын мүмкіндіктері болса тамаша емес пе? Кейде мешіттен шыққан соң, пікірлесер жер іздеп таппайсың. Күйбең тіршілік жұтып әкетеді… Қожа Ахмет Яассауи кесенесінде болғанымда, кітапхана рөлін атқарған бөлмені көріп таң тамаша қалғаным бар еді.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s