Speak in Kazakh, please!


Кеше шетелге виза жасату үшін Интертич компаниясына денсаулықты сақтандыру куәлігін жасатқан едім. Былтыр барып, қоймай қазақша сөйлеген соң, олар менің қасыма бір аудармашы қойып қойған. Оның үстіне: "Кітапшаларыңды біз түсінбесін деп орысша ағылшынша жасап қойдыңдар ма?" деп сұраған едім. Биыл жағдай түзелді ме десем, хатшылықта отырған қыз ептеп қазақша білетін болыпты. Бірақ менімен қазақша сөйлеуге қорықты. "Қазақша сөйлейтін кісі бар ма?" дегенім сол еді, дереу басқа бір бөлмеден қазақ келіншекті шақыртты. Құжаттарымды рәсімдеп болған соң: "Қазақстанда тұрып жатқаныңа он бес жылдың жүзі болды. Он бес ауыз қазақша сөз жаттап үйренбедің бе?" деп ағылшынша сұрадым. Екі беті алмадай қызарып кетті. Кетерімде не керек: "Сау болыңыз!" деді ау. Шамасы менен құтылғанын қуанған шығар. Ал кітапшалары сол баяғы қалпы орысша және ағылшынша жазылған. Сонда бұл тілді білмейтін қазақтар қайтпек? Неге олардың құқы ескерілмеген? Біреулер үшін ұсақ түйек саналатын осындай дүниелер кейібір қазақтарды орыс тілінде сөйлеп, оқуға итермелеуде. Өзге тілді білген әрине жақсы. Бірақ өз тілімізді де құрметтеу керекпіз ғой. Ағайын, жүрген жерімізде қазақша сөйлеп, жұрттан қазақша сөйлеуді талап етейік! Бұл біздің құқығымыз. Біле білсеңіз Алматыдағы әрбір екінші орыс қазақшаға жетік.

Advertisements

13 thoughts on “Speak in Kazakh, please!

  1. Шетел компаниясы болған соң тайраңдап жүргені. DHL мен де осындай оқиға болып еді. Тіпті соттасуға дейін бара жаздағанбыз. Кейін өздері кешірім сұрады. Қазақ тілін талап етіп, соңына дейін бару керек екен.

  2. «Оның үстіне: «Кітапшаларыңды біз түсінбесін деп орысша ағылшынша жасап қойдыңдар ма?» деп сұраған едім.» :)))))))

    +

    «»Қазақстанда тұрып жатқаныңа он бес жылдың жүзі болды. Он бес ауыз қазақша сөз жаттап үйренбедің бе?» деп ағылшынша сұрадым.» ;))))

    өте қатал екенсіз! бәрі де уақытысымен болады

  3. Eleke, uakyty kashan… Men 15 jil 6,7 aida Koreada boldim. Azdap koreishe uirenip aldym. 15 jil kooooooooop uakyt.

    Negizi kazakdyng osy keri- tartpaliktari, oz tiline kurmet korsetpegendigi goi. Sebebi ozderi syilamagan kazak tilin sheteldikter kalai syilasin. Kazakka kereksiz kazak tili sheteldikke ne ushin kajet?

    Osylai bolsa 15 jil emes 20jilga da ketedi.

    Odan da orys tiline koship ketse goi, kuda da tynysh, kudagi da tynysh!

    Barlygy bilip tusinetin!

    Uakytymen bolady dep jubatyp jurgenshe bastarynyz auyrmaityn bolady!

  4. Тіл, дін, ұлт мәселесіне келгенде компромиске бармау керек! Біз тілді насихаттап, дамытпасақ кім дамытады?
    Тотық құс екеш, құс та бір сөзді қайталай берсең, қайталап айтады. Тоты құс құрлы болмағандары ма?

  5. Балалар, Корея мен Қазақстанды салыстыру дұрыс емес. Олардың тарихы өзіне, біздікі басқа. Жұрттың бәрі Қазақша сөйлеп кетсін десек, ол тілді КЕРЕК ТІЛ жасауымыз керек бастысы. тіл тек қана де-юре болып тұрса, ешкім да оны керек етпейді. ал елге ашумен «неге сөйлемейсің, ұялмайсың ба» дегенімізден қазақ тіліне жек көрініштен басқа ешнәрсе ұтпаймыз. агрессияның барлық түріне қарсымын!

  6. Сонда Қазақстанда орыс тілін білмейтін қазақтар қайтуы керек? Сақтандыру кәулігін жасату үшін өзімен бірге аудармашысын ертіп жүруі керек пе? Заң бойынша олар тұтынушыларға екі тілде де қызмет көрсетулері керек. Ал олар орыс тілінде ғана қызмет көрсеткендіктен, жұрт орысша сөйлеуге мәжбүр. Біз тәрізді жастар барып, қазақ тілін талап етпесек, олар қазақ тілінде қызмет көрсетпейді. Қазір Қазақтелеком, Қазақстантемір жолы тәрізді компанияларда міндетті түрде екі тілде қызмет көрсетеді. Сондықтан қысылмай ол жерде қазақ тілінде сөйлеймін. Өз еліңде жүріп, өзіңді екінші сортты сезінудің не екенін түсінсең ғой… Неге мен өз елімде орысша үйреніп, сөйлеуім керек. Заң бұл азаматтарды мемлекеттік тілде сөйлесін демеді ме? Ендеше менің талап ету құқым бар деп санаймын. Қазақ тілін керек тіл қылдыру үшін біз жүрген жерімізде сол тілді талап етуіміз керек. Мен де зорлықпен тілді үйретуге қарсымын. Бар болғаны Ата заң берген заңдарымды талап еттім. Анда-санда осындай тәсілдерге бармасақ, олар Қазақстанда қазақ тілі бар екенін, ҚАЗАҚ деген ұлт бар екенін ұмытып кететін түрі бар.
    Друзей как родную казахскую речь,
    С детство учусь любить и беречь!
    Қазақ тілінде тәп-тәуір сөйлейтін көптеген өзге ұлтан достарым бар. Олармен әуеліде Сәлем деп амандасып жүріп, кейін күнделікті пайдаланыт сөздерді үйреттім. Қазір біз қазақша сөйлесеміз 🙂 Олар да риза менің елім де риза!

  7. Elvira men ashu korsetkemin jok, jane ashuym da jok, Sebebi KAzakstanda bolgamin jok. jane agressia korsetkemin jok… Menin jazuymdy durys okynyz,,

    Tek aitkanym, kazak tili kazaktardyng ozine kerek jok bolsa, baskasyna ne ushin kajet??

    Sondyktan orysshaga koship ketsin dedim.. bari tusinedi.. Sol goi ozi de.. (Sosyn eshkimnin basy auirmaityn bolady bul iske)

    Men de uirenip jurmin orysshany..

  8. Мәссаған, Эльвира ханым Сізге емес маған ашулы тәрізді.
    Бүгін Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып жарияланғанына ОН ЖЕТІ жыл толды. Сол туралы мақалын мына жерден оқи аласыңдар. http://zonakz.net/articles/18283
    Қазақ тілінің күш алып, қуатты тілге айналар күні жақындап келе жатқанға ұқсайды. Құдайға шүкір!!!

  9. g»Сонда Қазақстанда орыс тілін білмейтін қазақтар қайтуы керек?» – мен өз ойымды түсіндіре алмаған сияқтымын. Орысша білмейтіндер орысша үйренсін деуден аулақпын. Білгені қазақша болса, қазақ елінде өз тілінде сөйлесуі орынды да қажет нәрсе. Алайда, қалайша орысша білмейтінді білмейтігімен айыптау қате болса, қазақ тілін білмегенді айыптау да қате. Қазақ тілінде сөйлескеніңіз дұрыс, елді айтып ұялтқаныңыз дұрыс емес имхо дегім келді.

    Маған мына ісіңіз жақынырақ — «Олармен әуеліде Сәлем деп амандасып жүріп, кейін күнделікті пайдаланыт сөздерді үйреттім. Қазір біз қазақша сөйлесеміз» — Жарайсыз!

    Баха, қой енді 😉

    п.с.: ешкімге ашулы емеспін. өз ойымды білдірдім.

  10. Рахмет, Эльвира!
    Қазақ тілінің дамуына Сен де өз үлесіңді қосудан аянып жүрген жоқсың ғой…
    Осы Қазақ тілінің Мемлекеттік тіл болып жарияланғанына ОН ЖЕТІ жыл толуына орай арнайы бір дәм мәзірін жасау идеясына қалай қарайсыз?

  11. Мына тақырыпты «оқыста» тауып ап, оқып, рахаттанып отырмын 🙂 Элекең жігіттерді біраз әуре-сарсаңға салып қойыпты ғой…

    Интертичті мен де білемін. Біз де сол патша-патшайымдардың қызметін пайдаланымыз. Шымкенттегі Интертич персоналы қазақша өте жетік екенін толық сеніммен айта аламын 🙂 Қазақша ем-дом алғыңыз келсе, оңтүстікке сапар шегіңіз! 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s