Жындыхана мен Құран


Ауылымызда бір жынды болатын. Көктем мен күзде ауруы қозатынынан күллі жұрт хабардар. Көшеде кездессе, алыстан айналып өтетінбіз. Ол туралы ел ішінде небір аңыздар айтылатын. Әлгінде Мақсаттың әңгімесін естіп отырып, сол «ағамыз» еске түсіп кетті. Санасын жын билеген жандар біздің арамызда  жүргенін неге ұмыта беремін? Атам қазақ «жынданды» дегенде, тұла бойын жын−шайтан билеген адамды меңзейді емес пе?

Мақсат Алматыдағы Медколледжді бітірді. Каблуковадағы атақты жындыханада жұмыс істемек. Практикасын да сол жерде өткізді. «Қазір мамандар жетіспейді. Жүйкесіне зақым тиіп, жынданғадар өте көп. Бірі шығып жатса екі−үшеуі келіп жатады. Көпшілігі өзге ұлттың өкілдері. Жындануларының басты себебі − арақ. Бір апта бойы жындысуды сіміргендер, кейін аты−жөндерін ұмытып, ақылдарынан алжасады» − деді Мақсат менімен әңгімесінде…

Қазақ қашаннан көпшіл ғой. Көп ішінде жүрген соң, бұл дерт бізді айналып өткен екен ғой деген үмітім ақталмады. «Ауылдан келіп көктем мен күзде емделіп тұратын ағайындар бар. Олар үйлерінен келіп ем қабылдап тұрады» деді Мақсат.

Оныншы сыныпта оқып жүргенде Нашақорлық туралы ғылыми жұмыс жазғанда Наркодиспансерде болғанмын. Бір кісінің қолын қайырып, жан түршіктірер айғайына қарамастан укол салып, денесін ақ матамен орап жатқан. Оның бәрін әйелі көріп, жылап тұрған. Мен болсам, балалыр қандай күйде жүр екен деп ойладым. Кейде көшеде өзді өзімен күбір−күбір сөйлесіп жүргендерді кездестіретінмін. Әсіресе Нью−Йоркте олар өте жиі кездеседі. Үлкен қаланың тынымсыз тіршілігі адамдарды жындандырып жібереді екен. Нью−Йорк метроларында кез−келген адамға психологиялық тегін көмек беретін адамдар отырады. Таңқалғаным әп−әдемі киінген адамдар сол психологтармен көшенің ортасында сөйлесіп, сырласып отырады. Біздегі құмалақшыға барып бал аштыратын кісілер тәрізді. Жан жарасы ақылдан алжастырса одан өткен сор бар ма? Жайлы тұрмыс, атақ−мансап, дүние байлық түк емес екенін терең түсінесің. Дүние қуамын деп ақылдарын сатып жіберген пақырлар дамыған елде көп екен. Шфейцария өз−өзіне қол жұмсаушылар саны жөнінен алдыңғы орында тұруы тегін емес−ау!

Шын−шайтанға азғырылған жандарды бір ғана нәрсе құтқарады. Ол − сенім. Құран. Дұға. Бірде Мақсат дос баласының қалта телефонын сұратып алыпты. Себебі ол телефонда Аятүл Күрсі бар еді. Бір палатада кем дегенде он екі кісі жатады. Екеуден немесе біреуден жататын палаталарды люкс деп атайды (Мұндай палаталарда қылмыс жасап, өтірік жынды бола қалған байлардың балалары кездесуі мүмкін екенін Мақсат жасырмады). Он кісі жатқан палатаға кіріп, сол Аятүл Күрсіні қойып, ауруларға қалай әсер ететін байқапты. Он адамнан тек бірі Мақсат сүрені басқа әуенге ауыстырғанда: «Әлгі әуенді қайта қойшы» депті. Қасиетті аяттарды қайта−қайта тыңдап, әлгі жан ұйқытап кетіпті. Ал қасындағылара абыр−дабырмен бұл жайтқа тіпті мән бермеген…

5 thoughts on “Жындыхана мен Құран

  1. “Шфейцария өз−өзіне қол жұмсаушылар саны жөнінен алдыңғы орында тұруы тегін емес−ау!”

    Жапон елі деп білуші едім..

  2. Материалдық игіліктің соңынан қуып, рухани байлықты ұмыт қалдырғандар қашан да жалғыздықты көбірек сезінеді. Жалғыз адамға шайтан да үйір… Бүгін Алматы қаласындағы Оталық мешітте осы туралы уағыз айтылды.

  3. Анар, “Жалғыздың үні жаяудың шаңы шықпас” деген. Бір психолог не істей алар дейсің. Адамды орта тәрбиелейді дұрыс айтасың. Қауіптісі осындай адамдар аулдық жерлерде күннен күнге көбейіп бара ма деп қорқамын. Семей мен Аралдың, төбемізге құлап жатқан зымыранның қалдықтары қазақты рухани мүгедек етпеді ме?

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s