Meeting with Massagan


Пойызбен саяхаттап көрдің бе? Қасыңдағы жолаушың қызық адам болса, әдемі әңгімелер айтса, жол қысқарады.
Кеше түнде Бақытнұрмен сөйлестім. Ол кореяда мен Алматыда. Қашықтық деген ұғым интернетке тән емес қой. Пойызда келе жатқан сенімді серігімдей емін еркін тілдестік. Көптен бері жақыннан таныссам деген ойым бар еді. Аллаһ тағала соның сәтін салыпты. Чат арқылы алғаш рет ұзақ хабарласқан болармын. Бір сағатқа созылған әңгімеден соң, кезекті бекеттен түсіп қалған жолсерігіммен қоштасқандай әсерде қалдым. Айтатын негізгі әңгімем айтылмай, соңғы ойымды санамда артық бір бөлшектей сыңғырлап қалғандай болды…
Екінің бір бұл күнде шетелде жүріп, қазақ тілінде сайт жасап, ұлттық идеологияның қалыптасуына үлес қосып жатқан жоқ. Бақытнұр өзге қазақ жастарына үлгі етуге тұрарлық жан. Мейді, бәлкім сайтты коммерциялық жобаға айналдырар, кейін бұл ісін доғарар. Бастысы оның ниеті. Адамның адамшылығы бастаған ісінен көрінеді ғой, қалай аяқтағанына емес. Қазақстанға келіп, Аршат пен Бекжан тәрізді лайықты кәсібін тапса, құба құп болар еді. Интернетті соңғы кезде жиі ақтарып жүріп, әлемторда жүрген қазақ жастарының болмысы өзгеше екенін аңғарамын. Себебі бұл жерде жүргендердің дені бірнеше шет тілін білетін, Қазақстандағы жағдайды өзге елмен салыстырып, көкейлеріне белгілі бір ой түйген жастар. Ой пікіріміз әртүрлі. Кейді түсінісеміз, кейде түсінісе алмай жатқан да сәттер болуы мүмкін. Бастысы – бір-біріміздің пікірімізді сыйлай білеміз. Әттең барлық қазақ тілді сайттарды жағдай мұнша жақсы емес. Қазақ рудағы жастардың (барлығы емес) өресін көріп, кейде қынжыласың. Ысырып етіп жатқан ақшасы мен уақыты үшін сұрау барын, дөрекі сөздері мен анайы қылықтары үшін кейін Аллаһтңы алдында жауап беретінін түсінбейтіні қалай дейсің…

Бақытнұр ондай емес. Сайтқа күн сайын келіп түсіп жатқан дүниелерді елеп екшеп отыру үшін де уақыт әрі төзім керек.
Тағдырдың бұйыруымен Отаннан жырақта туса да, елінің бір бөлшегіндей әрекет етіп жүрген жандар ұнайды. Содан болар Алматының көшесінде Қытайдан келген балалар жолықса, танысқым ақ келіп тұрады. Іште «Қазақстаннан көңілің қалып қойған жоқ па?», «Қазақстан сырт көзге қарағанда қалай екен?» деген сұраулар тұрады. Әрине олара да әртүрлі. Бәрінің жүрегіне Аллаһ тағала Отанға деген махаббат ұялатпаған. Отанды сүю иманнан ғой. Иманы бар адам ғана елін, ұлтын сүйе алады.
Ұнағаны Бақытнұр өз иманын тапты. Қанша қиындық көргенін ойлаймын. Аллаһқа құлшылық қылғанда кімге дұға қылатынын ойлаймын. Еліме аман есен оралайын деген бір ауыз дұғаны күн сайын күбірлейтін болар…
Бәлкім Бақытнұр тәрізді жастарды «Біз де қазағымның бір бөлшегіміз ғой» деген ой ғана алға жетелеп келе жатқан шығар деп ойлаймын. Әйтпесе, Қазақстанда жүріп, өз ұлтының қадірін түсіне алмай жүргендер мыңдап емес, миллиондап саналады. Бақытнұр «Кореяға «Болашақпен» келген балалар өзара орысша сөйлейде, бірақ адамгершіліктері жақсы» дейді. Ана сүтімен емес, орыстың мінезімен бойға дарыған адамгершіліктен қазақылықтың иісі шығып тұрмаса, олардан қайыр болар ма деген ой сумаң етті. Бұл ойымды оған айтпадым. Кім біледі, біз де аспаннан салбырап түспедік қой. «Әр қазақ менің жалғызым», «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген аталы сөздер сабырға шақырады.
Екеуміз ұзақ сөйлестік. Сөйлесіп отырып, көз алдыма оның отырған жерін, компьютерін елестугу тырыстым. Суреттен көрген түрін көз алдыма алып келдім. Сары бала. Мен Алматыда ол Кореяда. Түбі Қазақстанға келемін деді. Қашан келер екенсің? Дүние бүл күйінде дөңгеленіп тұрмас, мен де уақыт өте келе басқаша сөйлеп, ойлайтын болармын. Бүгінгі сағынышым басылып қалар. Бірақ Отаныңның Саған деген сағынышы сөнбесі сөзсіз, сары бала! Еліңе тезірек орал!

 

Advertisements

6 thoughts on “Meeting with Massagan

  1. «Ана сүтімен емес, орыстың мінезімен бойға дарыған адамгершіліктен қазақылықтың иісі шығып тұрмаса, олардан қайыр болар ма деген ой сумаң етті.»

    қазақтылықты тек тілімен шектеу қате. Қазақтылықты тіл, бет келбетпен өлшеу қате, маңыздысы – жүректердің ҚАЗАҚ деп соғылуы. Өщіңіздің, Баханың жүректері ұқсап, өзге елде жүрген жастардың да жүректері тек солай соғатынына сенімім мол.

  2. Әмин! Лайым солай болғай! Тіл, ұлт төңірегіндегі мәселеге бей жай қарай алмайтын Сіздей жандардың көп болуына біздер де тілекшіміз!

  3. TGT, жылы лебізіңе көп рахмет. Хат алмасып тұрайық. Бақытнұрдың досы болсаңыз, маған да бөтен емессіз. Бір көрген біліс, екі көрген таныс деген. Таныс болайық!

  4. Мәәәсссағаан! 🙂

    «Ақыры бүлдіріпсіңдер ғой» 🙂

    Шалғайда жүріп, түп тамырыңа жақын жүру, соны сезіну, бітіміңді сонымен ажырамастай байланыстыруды бір қасиет деп тану керек шығар.

    Ғалымжандардың, Жанарбек пен Бақытнұрлардың, Сәлімгерейлердің, Еріктердің үлкен миссиясы әрдайым ерекше ықыласқа ие бола бермек.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s