Мен сені дос тұтамын!


(жолданбай қалған хат)
Сен тағы пианинода Бетховеннің «Шаттық күйін» ойнап отырсың. Көңілді әуеннен сағыныш сезіледі, достым. Менің де жабыққан көңілімді қалай көтеруге болатынын сен ғана білесің.
Есіңде ме, Алматының шұбатылған көшелерінде танысып едік қой. Сен менен «Қауымдастық қай жерде?» – деп сұрағансың. Ал мен сенен АлМУ-ға нешінші автобус баратынын сұрадым. Екеуміз де адасып кетіппіз. Бірақ, ол кезде сен маған Қытайдан келгеніңді айтпадың. Тіпті, есіміңді де өтірік айта салдың емес пе? Менен неге сонша секем алдың, а? Ол кезде, достым, сенімен бір бөлмеде бірге тұрамын деп ойлаппын ба?
Мен сені дос тұтамын. Алайда, тым өзімшілденіп кететінің бар. Көп адамға сене бермейсің. Мұның бір жағынан дұрыс та шығар. «Алматының көшелерінде адамдар неге ит жетектеп жүреді?» дегеніңде, мен «еріккендер» дей салғанмын. Шындығында, адамдар бұл күнде бір-біріне сенуден қалған. Төрт аяқты иттеріне сенеді. Баладан гөрі салпан құлақ сабалақ күшіктерін өбектуге құмар… Қытайдан «елім» деп келген сені де көшеде полиция тоқтатып, ақша талап етпеді ме? Ал дүкеншіге «Нан беріңіз!» дегенде «Пошел вон!» деп қуып шыққанын да ұмытпаған шығарсың. Сол күні бөлмеге жылап келмедің бе? «Он екі жыл иероглифтерді оқып едік, енді өз жеріме келіп орысша сөйлемекпін бе?» дегеніңде, кірерге тесік таппай қысылғанмын. Не деп басу айтарымды да білмедім. Қазір, міне, сен орысша білсін деп, «Как дела?» деп амандасамын. Сен мені кешір, достым… Қазақшылығымызды дұрыс көрсете алмай келе жатқан тәріздіміз.
Бір күні «үйден сәлемдеме келіпті, алып келейік» деп бір үйге бардық. Үй толы қыз. Жас шамалары әртүрлі. Сөйтсем, бұлардың барлығы ҚызПИ-дің дайындық курсына оқуға келгендер екен. Араларындағы ересектеулері осындағы кафе-барларда жұмыс істейді. Былайша айтқанда, бұл жақтың өміріне бейімделгендер. Олар асқақ романтикамен Отандарына білім іздеп келген сіңлілерін көшеде жүріп тұру тәртібіне, орысша «да», «нет», «спасибо» деген сөздерге үйретуде.
… Достым, сен «Шаттық күйін» ойнай бер. Менің көңіліме қарама. Сен болашақ музыкантсың. Арманың да асқақ. «Әке-шешем мен бауырларымды осында көшіріп алып келсем» дейсің. Өзіңнің қалай келгеніңді де ұмытып кеткендейсің. Әлдекімге қыруар қаржы беріп шақырту жасаттың. Артынша оқуға түскенде де біраз қиналдың. Енді ініңді шақырту үшін жүгіріп жүрсің. Сол інің емес пе маған хат жазып жіберген. Ой, төте жазумен жазылған хатты оқи алмай қиналғаным-ай!.. Келесі жолы «Ағақалдарыңыз қалай. Оқу ойдағыдайдеп ойлаймын» деп, сөздерді бір-біріне жабыстырып жазып жіберіпті.
Сен оны «ішкілікке әуес» дегенсің. Неге сыра ішуге сонша құмар екенін түсіне алмадым. Сен ренжіме, бірақ, бір байқағаным, осында келген кейбір оралман балалар да сыраға сылқия тойып, шатақ шығарып жүргенін көремін. Арақтың «шайтан» екенін құлағына көбірек құю керек шығар.
Сен ертең кетесің… Қытайға. «Бір айдан соң інімді ертіп келемін» деп уәде бердің. Мен сені күтемін. Отаның сені күтеді. Тезірек кел!!!
Асхат ЕРКІМБАЙ,
Абай атындағы АлМУ дың ІІІ курс студенті,
(«Жас Алаш»№23 ақпан 2003 жыл)


Faithfully,
Askhat Yerkimbay
journalist
e-mail: urimtal@gmail.com
http://kz.kazakhstan.neweurasia.net
http://50de50.blogspot.com

Advertisements

4 thoughts on “Мен сені дос тұтамын!

  1. Рахмет, Эльвира!
    Қазір ол досым, үйленді. Алматының шетінен жер сатып алған. Інісі де Алматыда политехта оқиды. Бұйрса, биыл әке шешесін көшіріп әкелмек. Өзі болса, өзі оқыған оқу орнында қазір оқытушылық қызметте. Алтын кездік қап түбінде жатпайды деген осы ғой.

  2. сәлем Асхат!
    комментіңе көп рахмет! мен блогыма онша жиі жазбағасын, кімнің қашан мәндеме бергенін байқамай кетуім болады кейде. сондықтан кешірерсің 🙂
    пікірлескің келетін жағдайын бар сияқты, не туралы екен, біраз егжей-тегежейін айтып өтсең 🙂
    адресім мынау: admin @ qaztranslit com
    көмек ете алсам, қуаныштымын
    GaiJin

  3. Сәлем Асхат!
    комментіңе көп рахмет! мен блогыма онша жиі жазбағасын, кімнің қашан мәндеме бергенін байқамай кетуім болады кейде. сондықтан кешірерсің 🙂
    пікірлескің келетін жағдайын бар сияқты, не туралы екен, біраз егжей-тегежейін айтып өтсең 🙂
    адресім мынау: admin @ qaztranslit com
    көмек ете алсам, қуаныштымын
    GaiJin

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s