Қазақ блоггерлері не жазуда?


Күн өткен сайын демей-ақ қояйын, бірақ ай сайын қазақ блоггерлерінің қатары көбейіп келеді. Бұл жайтты қазақ жастарының арасында интернетке және қазақ тілінде ақпаратқа деген қызығушылықтың артуымен түсіндіруге болар. Бір-біріміздің не жазып жатқанымызды білу үшін өзім жақсы білетін блогтарды бір сүзіп шыққан едім. Сонымен...

Едігер атты бауырымыздың блогында осыдан екі үш күн бұрын Алматылықтар байқаған табиғат құбылысының суретін көруге болады. Басында досым телефон шалып: "Бүгін ай ерекше қызық екен" дегенде түсінбей қалған едім. Балконға шығып қарсам, шынымен ақ ерекше болып тұр. Ертесіне қазақ журналистері бұның сырын дін ғалымдарынан сұрастырып жатқан. Хикметін біле алмадым. Не де болса, жақсылыққа болғай. Едігердің блог бастағанын Бақытнұрдан білдім. Себебі ол Бәкеңнің блогына сілтеме жасаған екен. Блогты танымал етуге қатысты Бақытнұр пайдалы мәлімет жариялады. Бұл мәлімет арқылы әлемтордағы блогтың, интернет парақтың шама шарқын анықтап, жұртқа қаншалықты дәрежеде пайдалы бола алғаныңды анықтуға болады. Жеке өз басым үшін бұл бір қызық дүние болды. Қазақ блоггерлері де өзгелер тәрізді YOUTUBE арқылы бейнеклиптер ұсынуда. Мәселен Бақытнұр өзінің соңғы көрген фильмінен алған әсерімен бөлісіп, бір үзіндісін ұсыныпты. Ал Томирис болса, "Қара жорға" биін қондырды. Қазақта еркектер билемейді дегенді жиі естуші едім. Шамасы бұл қазақ жігіттері билейтін жалғыз би болар. Басқасын білсеңдер, айта жүріңдер. Кейде той-томалаққа барғанда не билеріңді білмей дағдарып қалатын кездер де болады. Жалғасы мында!

Advertisements

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s