Қазақстан 11 млн. га жерін Ресейге 30 жылға жалға бермек…



ҚР Қаржы министрі Наталья Коржованың қылығына орыс халқы ду қол шапалақтап жатқан болар.

ТМД кеңістігіндегі Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынас кісі қызығарлықтай. Екі елдің арасындағы тауар айналым жыл сайын өсуде, бірлесіп жүзеге асырып жатқа экономикалық жобалар да бар. Құдай қосқан көршісіне имандай сенгендіктен болар, 1997 жылы Қазақстан өзінің 11 млн. га жерін бар болғаны 3 млрд. теңгеге 30 жылға жалға берген. 12 жыл бойы Ресей әскерилері қазақ даласында жүргізген сынақ алаңдарының шаң-тозаңы ауа мен суды, жер мен көлді былғап келіпті. Енді сол жерлерде сынақтар өткізіп, халықты ауруға ұшыратуы үшін Наталья КОРЖОВА жыл сайын 23 млн. АҚШ долларын сұрауда. Өткен аптада халық қалаулыларының талқылауына түскен заң жобасына 59 депутаттың ішінен бар болғаны 8 депутат қарсылық білдірді. Егер сенат аталған заң жобасын мақұлдайтын болса, Сарышаған, Ембі сынақ полигондары, 929-сынақ жасайтын орталық, 4-мемлекеттік полигонның нысандары мен жауынгерлік алаңдары 25-30 жылға жалға берілмек.
Семей полигон зардаптарын қазақ халқы әлі күнге дейін тартып келе жатқанын біле тұра, Қаржы министрінің заң жобасын ұсынуы қайран қалдырады. Әрине, Наталья ханым тапсырысты орындаушы адам. Тапсырыс берушілер тасада тұр. ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Мұхтар ШАХАНОВТЫҢ

«Реті келіп тұрғанда айта кетейін. Мәселен, республикамыздағы тендер «ойындарында» 20 пайыз ақшаны ұйымдастырушыларға бермесеңіз ұта алмайсыз. Мұны жұрттың бәрі біледі. Бірақ ұсталмаған ұры емес. Тіпті ұстауға тырысатын адамның да бала-шағасы бар. Сонымен, бұл індетпен күресу біздің елімізде әзірге мүмкіндік табылар емес» «Ана тілі» Ұлт апталығы №23

деген пікірінен соң, депутаттардың ұлтқа қаупі зор мәселені қос қолдап қолдауының артында жемқорлық жатыр деп ойламасқа амалың жоқ.
Осы заң қабылданған соң, Қазақстанда тұратын диаспоралардың бірте-бірте Отандарына көшу үдерісі белең алса, таңданбауға болады. Экономикасы гүлденгенімен, тұтас ұрпағын мүгедек қылар елде өмір сүрудің қажеті не? жалғасы мында

2 thoughts on “Қазақстан 11 млн. га жерін Ресейге 30 жылға жалға бермек…

  1. Қазақтың жерін өзге елдің пайдалануына беруге қарсымын! Сынақты қай ел өткізсе де қазақ халқына тиер зияны бірдей болар деген ойдамын. Сол себепті ол жерлерді халықтың тұтынуына берген дұрыс. Ресей сынаө өткізер Қазақстаннан басқа жер таппапты дегенге сене алмаймын.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s