The Price For Internet Will Down


«Хабар» арнасының «Бетпе бет» бағдарламасына қатысқан қонақ (шамасы ҚР Ақпараттандару агенттігінің төрағасы болса керек) таяу арада Интернеттің арзандайтынын жеткізді. Бірақ нақты қанша теңгеге арзандайтынын ашып айтпады.

Қазақстанда Интернет қызметін пайдалану шынымен ақ өзге Еуропа және Батыс елдерімен салыстырғанда анағұрлым қымбат. Мәселен, Алматыдағы Интернет кафелерде бір сағатың 200 250 теңге тұрады. Ал Nursat, Ducat тәрізді интернет карточкалардың құны арзан болғанымен, жұмысы баяу. Осы орайда мектептерге тегін пайдалануға берілген Интернет сағаттары зая кетіп, информатика пәнінің мұғалімдері басшылардан сөгіс естіп жатқаны жалпы қазақ тілді бұқараның интернеттің мән маңызын толықтай түсінбей отырғанын көрсететін тәрізді.
Қазақстанға қарағанда көрші Қырғызстан елінде Интернетті пайдаланушылар саны анағұрлым көп екені айтылуда. Бірақ бұл жайтты айтқанда екі елдің территориялық аумағын ескергеніміз абзал.
Қазақстандағы интернет қызметінің қымбат болуы өз кезегінде қашықтықтан білім алу тәрізді әлеуметтік қоғамдық маңызға ие жобаларды жүзеге асыруда аяққа тұсау болуда. Бір өкініштісі, келген қонақтың орыс тілінде сөйлегендіктен, Интернеттегі қазақ тілінің ахуалын қатысты, компьютерді қазақиландыруға қатысты қандай шаралар атқарылып жатқанға тоқталмады. Бұл күнде «Гугл» іздестіру торабында қазақ тілінің қолдану аясы, қырғыз және ұйғыр тілдерінен кейінгі орында тұрғаны да жанға батады.
Бір күннен соң өтетін Елбасымен интернет конференция халықтың компьютерлік сауатын ашуға бағытталыпты. Осындай бұқаралық сипаттағы іс шаралар алдағы уақытта да жүзеге асырылмақ. Бірақ WiFi немесе желісіз интернет, оның бағасы қаншаға арзандайтыны турасында «ләм» демеді. Улап шулап ұшырған KazSat серігі қазақ халқына қашан қызмет етер екен? Қазақ тілінің мерейі интернетте қашан үстем болар екен?

Advertisements

One thought on “The Price For Internet Will Down

  1. Елбасымен өткізілетін интернет конференция күні жақындаған сайын, теледидардан Интернет, электронды үкімет туралы хабарларды көптеп көрсете бастады. Жалпы Электронды Үкімет жұмыс істеуі үшін халықтың 20 пайызы Интернет пайдалануы керек екен. Ал біздің елде бұл көрсеткіш әзірге тек 7 пайыз ғана. Халықтың компьютерлік сауатын ашу үшін енді Алатау Технологиялық Паркінде «Халықтық компьютерлер» құрастырылмақ.
    Бір өкініштісі қос тілді ел едік (Жыланда ғана айыр тіл болушы еді). Электронды үкіметтің тілі орысша шықты. Қазақ тілі аударма болмақ. Бұл жағдай қашан түзелер екен…

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s