Rent a Flat: Kazakh Style


Жалға пәтер іздеушінің сыры
Үйі жоқтың күйі жоқ. Соңғы екі−үш күн бойы мүлдем ұйқым қашып кетті не тәбетім болмады. Есіл−дерті жөні түзу үй табу болатын…
Кешеден бергі күнім пәтер іздеумен өтті. Бүгінгі күн өте ұзақ болған тәрізді. Таңертеңнен бері Талас телефоннан түспеді. Жазиролла заттарды салатын қораптарды іздеді. Рүстем жұмысынан сұранып кету үшін кеткен. Мен болсам, газеттен, интернеттен пәтер іздедім. «Крыша» мен «Безпосредников» еді арқа сүйегеніміз. Бір бөлмелі пәтердің бағасы 450−500 АҚШ долларына шығып кетіпті… «Крышаның» интернеттгі сайтында
www.krisha.kz жалға берілетін пәтерлер тізімі жарты сағат сайын жаңаланып тұрады екен. Бірақ өте қымбат. Удай. Оған маклерге беретін жүз долларды тағы қос. Сонда бір бөлмелі пәтер шамамен 600 АҚШ долларына шығады. Әрине қаланың шетінен арзандауын да таптық. Бірақ онда не ыстық су жоқ және қалаға қатынайтын қоғамдық көлік те жоқ. Бір қызығы газеттегі әрбір екінші хабарландыру маклердікі. Тікелей қожайынға түсу өте қиын.

Намысыма тигені көпшілігі дерлік ер балалардан шошиды. Тіптен жалға пәтер
бергісі келмей азар−безер болғандары бар. «Әйел қауымы, біз Сіздерге не жазып едік?» дегің−ақ келеді. Сөйтсем, бұным жай екен. «Только русским» деген құлақтандыруды да көрдім. Телефонына звондап: «Қазақ адам емес пе?» − деп
айғайлағым келді. Сөйтсем, «толька девушкам казашкам» дегендер де бар екен.

Жалғасы мына жерде: http://kz.kazakhstan.neweurasia.net/

Advertisements

2 thoughts on “Rent a Flat: Kazakh Style

  1. Пәтерді ең жақсысы таныс арқылы іздеу. Біреуге айтасыз, ол өзінің танысына, деп кете береді. Өзімде пәтер іздеу қажеттілігі болмады еш, бірақ таныстарым іздегенде осы әдіспен тез табамыз.

    Ер балалараға бұзақылық жасайды деп пәтерді жалға қорққандарынан бермейді ғой деймін.

  2. Алматыда сол таныс деген болмай тұр ғой. Әйтпесе, прописка мәселесін де тез шешер едім. Енді міне, келесі айдан бастап тағы пәтер іздеу керек. Алматыдағы өмір осынысымен қызық шығар… Жалға пәтер берер таныстарың болса, хабар берерсің…

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s