What About KazNet?


Министрліктің аузынан: “Қазақ тілінің халі мүшкіл” деген сөзді қашан естіп едім? Кәрім Мәсімов билікке келе салысымен, “Мемлекеттік тілді дамыту керек” деп елді бір қуантқан. Қуанған жұрт “Биылғы жыл Қазақ тілі жылы болады” деп лепірді. Бүгінгі Үкіметтің жиынында Қазақ тілі жылына қатысты ештеңе айтылмады.


АСТАНА. 29-мамыр. Kazakhstan Today.
ҚР әділет министрі З. Балиеваның айтуынша, “бүгінде 12 мыңнан астам министрлік қызметкерлері арнайы мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткен”.


“Сәләматсыз ба?” деп бір ауыз сөз жаттап үйренген, оның өзін айтқысы келмей намыстанатын 12 мың қызметкерлер ме? Қай бір мекемеге бас сұқсаң да орысша сөйлесіп, қағаздарды орысша толтыруға мәжбүрсің, Зағипа ханым!

Төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпуновтың есепті хабарламасына сәйкес, іс-қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру келесі жылы жүзеге аспақ.

“Саламатсыздар ма, ханымдар мен мырзалар!” дейтін Виктор ағамыз да мемлекеттік тілге көшу ісін жылдамдатудың орнына келесі жылға қалдырыпты…

Парламент сенатының депутаты Қуаныш Сұлтанов “ҚР премьер-министрінің
бастамасымен құрылған арнайы комиссияның жұмысы өз нәтижесін бере бастады. Қазақ тілін дамытуға деген үкімет басшысының жанашырлық көзқарасы үлкен қолдау болуда” деп атап көрсетті.
Парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханның мемлекеттік тілді дамыту мақсатында ұлттық экологиялық-этнографиялық парк құру жөніндегі ұсынысы үкімет басшысынан қолдау тапты.

“Экологиялық этнгорафиялық парк” дегені қызық екен. Көз алдыма елестете алар емеспін. Сонда бұл парктің негізгі қызметі не болмақ? Бәлкім уақыт өте келе айқындалар. Жөн сөз айтқан тәрізді.


Комиссия мүшелері сондай-ақ бүгін мемлекеттік тілді еркін меңгерген қазақ
ұлтынан емес мемлекеттік қызметшілерді материалдық ынталандыру мәселесін,
сондай-ақ кеңес қорытындысында білім және ғылым министрлігінің көршілес
түркі елдерінің латын әліпбиіне көшу тәжірибелерін зерделеу жұмыстарының
нәтижелерін талқылады.

Өз елінде “мемлекеттік тілде сөйлесеңдер ақша береміз” деп жалынып жүрген дүниежүзіндегі жалғыз ел Қазақстан шығар. Өзге диаспораларға мемлекеттік тілді үйренгені үшін хадия жасап жатқан бірден бір мұсылман ел де Қазақстан. Интернеттегі қазақ тілінің жағдайын депутаттар қашан талқылар екен? Мектептерге компьютер орнатты. Оның бәрі орысша, ағылшынша сөйлейді. Оқушылар бәрібір де компьютер мен Интернет тілін түсіну үшін орысша, ағылшынша оқуға мәжбүр. Мәжбүрлеп қойған үкіметтің алдын ала ойламаған саясаты… Казнет мәселесін тезірек көтерсеңдерші!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s