Corporate Governance in KZ


Сейсенбі күні Халықаралық Банкте болдым. Қазақ тілді журналистерден жалғыз болдым десем, артық айтқаным емес. Бір қызығы «Татаринфо» атты басылымның бір қызметкері қатысты. Татарстанның да қазақ даласындағы өзгерістерге мұқият қарай бастағандығы ел мәртебесінің өскені деп түсіну керек шығар. Олар Орта Азиядағы Корпоративті Басқару жөнінде семинар өткізді. Елімізде қай бір бизнес құрылымда корпоративті басқарылым дамыды дейсің…

“Нұрбанк”, “Көмірбанк”, “Шахармұнайгаз”, “Валют Транзит Банк” оқиғалары қазақ компаниялары Корпоративтік басқарылымды тек көзбояушылық үшін ғана бетперде қылып жүргенін айғақтап берді. Тонап жатыр-ау бізді. Біз болсақ “мыңқ” етпейміз…

Корпоративтік басқарылымдар шындығыда бізге емес, компанияларға халықаралық аренаға шығып, байлықтарын көбейту үшін қажет. Әйтпесе, біздің қамымызды ойлап, өз жұмыстарын таза жүргізіп жатыр деймісің. Мәселен, Лондон Қор Биржасында ойын жүргізетін «Қазақмыс» корпорациясы ескі акциялары бар жандарға жаңа акцияларды бермей жүр. Бұны көпе-көрнеу алдау емей не дейміз? «Қазақмыс» шахталарында қаншама жұмыскерлер көз жұмуда. Тозақ өмір кешіп жүрген қарапайым шахтерлер үшін Ким бас қатырып жүргеніне өз басым сенбеймін. Байлықты өзгенің қолына ұстатып қойып, қарап жүрміз. Егер ұлттық экономикаға шынымен-ақ жаны ауырып, балтыры сыздар болса, баяғыда-ақ шикізатты сыртқа сатпай, өнім шығарар бір өндірісті іске қосар еді. Қазақтың бір де бір компаниясының Нью-Йорк Қор биржасына ұмтылмауы да осыдан. Ол биржаға тіркелу үшін жұмысың мөп-мөлдір, тұп-тұнық болмағы керек. Біз болсақ, Нью-Йорк сұраған мөлдірлікке жетпедік немесе Нью-Йорк бізден мүмкін емес нәрсені сұрап отыр.

Бұрын білмеппін, АҚШ-та ENRON атты компанияның күйреуі осы Корпоративті басқарылыммен байланыстырылады екен. Осы мысалдың өзі мөлдір, ашық жұмыс істейтін компания басшыларының өздері ақша десе, жолдан таятынына – анық дәлел. Тіпті, Халықаралық Банк басшысының өзі де көңілдесімен ұсталып, ел ақшасын талан-таражға салғаны айдай әлемге паш етілді. Бізде де сөз жоқ, халықтың марғаулығын пайдаланып, байып жатқандар көп қой. Тек бұның бәрі ашып айтылмайды. Ал шетелде Халықаралық Банк басшысының Түркиядағы бір мешітке кіргенде аяғындағы нәскиінің жыртығына дейін сөз қылады. Осы да демократия ма?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s