Kazakh Muslims Problem


Мұхаметжан Тазабек, айтыс ақыны, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты:
Айтыс ақыны болу мұсылманшылығыма қайшы келмейді
Мұхаметжанның қарсыласын олай да, бұлай да домалататын айтыстарын талай көрдік. Айтыстың аламан бәйгесінде оза шауып, төске өрлеген сәттері де көз алдымызда. Мәшһүр айтыскердің Исламға, интеллектуалды ақындыққа бет бұрып, дін қайраткеріне айналуы да кездейсоқтық емес.

Сізді бірер жыл бұрын оқуға кетті деп естіп едік. Қайда оқып келдіңіз?
− Дүниауи оқудан ҚазҰУ−дың филология факультетін бітірдім. Діни саладан белгілі бір оқу орнында оқыған жоқпын. Халифа Алтай атамыздан діни дәрістер алдық. Қайрат Сатыбалды бауырымыздың қамқорлығымен Мәдина қаласында алты айдай білім алып қайттым.
Киноға түсуді, айтысты қойдыңыз ба?
− Өзімді кино актері ретінде ешуақытта сезініп көрген емеспін. Бірақ кезінде киноға түскенім бар. Айтыскерлікті тастап кеттім дей алмаймын. Айтыскерлік − ақындық, дүниелік көзқарасым мен мұсылманшылығыма қайшы келмейді. Құрандағы «Шұғара» сүресінде: «Ақындарға азғындар ғана ереді, бірақ олардың иман келтіргені басқа» деген аят бар. Аллаһтың бұл аяты ақындардың қоғамда ықпалы зор екенін көрсетеді. Егер иман келтірсе, олардың айтқандары халықты бұрыстықтан тосып, дұрыстыққа жеткізетінін айтады. Ақындық − Аллаһтың берген сыйы, одан ешуақытта бас тартпаймын. Айтыскер болу үшін әрдайым бап керек. Әрқашан бабымда жүруге менің мүмкіншілігім жете бермейді.
«Бір Аллаға сыйынып» деген атпен танылған уағыз өлеңдеріңізді жастар жатқа айтып жүр. Бұл игі істің жалғасын қашан көреміз?
− Рас бір топ ақындардың «Бір Аллаһқа сыйынып» деген ислами өлеңдері бір дискі болып, Қазақстанның түкпір−түкпіріне таралды. Соның ішінде менің де уағыз өлеңдерім бар. Көп сұранысқа ие болды. Өзім де күтпеген едім. Енді барлық айтыстарымды жинастырып, кітап етіп шығармақпын. Қазақ − ақынжанды халық, сондықтан өлең арқылы келген уағызды жақсы қабылдайды.
− Елбасы соңғы (2006 жылғы) Жолдауында Қазақстан Мұсылман елдерімен ынтымақтастығын нығайту керектігін айтты. Бірнеше мұсылман елдерінде болдыңыз. Сіздің ойыңызша, біз мұсылман елдерімен қай салада ынтымақтаса аламыз?
− Бұл нағыз қажеттіліктен туындап отыр. Дамыған Еуропа елдерінде жалған мәдениеттерді қолдан жасау арқылы рухани байлықтардың құны түсіп кетті. Мұсылман елдерінде дүниауи игіліктер аз, есесіне рухани байлықтар молынан сақталған. Араб елдерінде Елбасыларына құрметпен қарайды. Жөн−жосықсыз етегінен тартқылау кездеспейді. Мемлекет басшысын сыйлау, мемлект құндылықтарын өз дүниесіндей көру − бұл Құдайдан қорқатын адамның ісі. Екіншіден, қазіргі кезде байлар кедейлерді жақтырмайды, оларды өздерінің жамандығынан жарлы болғандай көреді.

Негізінде, байларға берілген байлық Аллаһтың сынағы болыр табылады. Ол байлықтың ішінде кедей−кепшіктің де үлесі бар екенін ұмытпау керек. Зекеттің парыз етілуі де тегін емес.

Сондай−ақ, кедей байды жақтырмайды. Ол соның дүниесін ұрлап алған сияқты. Бұл байдың кедейге деген мейірімі жоқтығынан, ал кедейдің Аллаһтың тағдырына дұрыс иман келтірмегендігінің белгісі. Сондықтан жүректе иман азайған адамдарда бірін−бірі айыптаулар, жек көрулер күшейіп, махаббат, мейірім төмендейді. Мұсылман елдерінен біз рухани құндылықтарды алғымыз келеді. Бұл мәселеге жеңіл−желпі қарау жараспайды.
− Мұсылман елдерінің осы адамгершілік құндылықтарын өзімізге үлгі етеміз десек, алдымыздан қандай қауіптер бой көтеруі мүмкін?
− Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Арабтың араб еместен, араб еместің арабтан артықшылығы жоқ», − деп айтқан. Арабтың ішінде жақсысы да бар, жаманы да кездеседі. Құранда: «Аллаһ қасындағы ардақтыларың − тақуаларың» деген аят бар. Арабияда пайыздық көрсеткішке шаққанда халықтың көбі дінді ұстанады. Сондықтан ол елде береке бар. Біз арабқа ғана тән дәстүрден, дүниауи салттардан сақтансақ, оның айыбы жоқ. Бірақ ислам құндылықтары мен имандылықтан тұратын нәрселерден сақтанудың жөні жоқ. Кез−келген ұлтпен, мемлекетпен қарым−қатынас жасағанда біздің ұлтымызға пайдасы тиетін нәрсені және Аллаһтың разылығына жеткізетін амалдарды алғанымыз жақсы.

Қауіп жағын айтар болсақ, ислам он төрт ғасырдан бері әртүрлі қиындықтарға ұшырап келеді. Ислам дінінің ең бір қауіп−қатерінің бірі − бүлік (фитна). Бүлік деген бұл бір қиын нәрсе. Жіптің ұшын ешкім таппай қалады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бүлік ұйықтап жатыр. Кім оны оятса, оған Аллаһтың лағнеті болсын» деген.

Сондықтан бүліктерден сақтануымыз керек. Хазіреті Омар бүліктің берік қақпасы еді. Оның дүниеден өтуімен ол қақпа бұзылды. Сөйтіп ең үлкен бүлік басталды. Бірін−бірі жақтырмау, бір−бірінен кінә, кемшілік іздеу, болашы нәрселерге мән беріп, қайырсыз қарым−қатынастарға бару әрдайым мұсылмандардың аяғына тұсау болады.

Әлбетте, мұсылман адамды исламға қайшы келетін нәрселерден қайтару үшін насихат жасауға болады. Оның өзін оңашада айтқан дұрыс. Өйткені, көп көзінше кемшілігін айтқанды көп адам көтере алмайды. Шамданып қалып, шатақ шығаруы мүмкін. Адамның қателігін сары майдан қыл суырғандай жеңіл, жанын ауыртпай, аса даналықпен айтқан жақсы.

Сонда ғана мұсылман мұсылманның айнасына айнала алады. Бірақ мұсылмандар бір−бірінің кемшілігін іздеп, бетіне басса, діннің дамуына үлкен кедергі болатыны рас.
Ел мұсылмандарының алдында қазіргі уақытта қандай іс−шараларды атқару өзекті?
− Мешіттерде бес уақыт намаз оқитын адамдар көбейіп жатыр. Олардың өзіндік құқықарын ескермесе болмайды. Өйткені, ислам дінін толық ұстану үшін оның шартына бағыну қажеттілігі туындайды. Яғни, Аллаһтың тыйым салған нәрселерінен айналып өту − парыз болып қалады. Немесе ол адам үлкен күнәға ұшырауы мүмкін. Бірақ біздің қоғамымызда мұндай ерекшеліктер ескерілмейді. Сөйтіп, олардың құқықтары бұзылу үстінде. Сондықтан мұсылмандар өз сенімдеріне сай іс−амалды атқару мүмкіншілігін іздесе, оны да демократияның бір көрінісі деп білу қажет. Мәселен, дүниеге сәби алып келетін аналар атеистік негізде құрылған кеңестік емханалар көзқарасымен қарым−қатынас жасауға мәжбүр.

Толғақ қысқан мұсылман әйелдерді перзентханада өңкей еркек акушерлер қарсы алады.

Бұл − исламға жат құбылыс. Осыдан келіп, әйел адамдарды шариғатқа сай босандыратын емхана жасау қажеттілігі туындайды. Содан кейін,

өздерінің психологиясына, жыныстық жетілуіне байланысты ер балалар мен қыз
балаларды бөлек оқытып, тәрбиелейтін балабақшалар мен шағын мектептерді
ұйымдастырудың ерсілігі жоқ.

Көптеген әдебиеттерді жарыққа шығарып, видио, аудио, диск болсын, өнімді жұмыстар атқарылса, нұр үстіне нұр. Қазір мұсылмандар үшін өзекті нәрсеге күш−жігерімізді жұмсап, жұмыс істеудің кезі туып тұр. Жоғарыда айтқанымыздай, біздің қоғамымызда әйелдердің баланы дүниеге алып келуіне қамқорлық жасалатын болса, онда сапалы ұрпақ өсіруімізге мүмкіндік молаяр еді.
− 70 пайыз мұсылман тұратын елде көп жайттар, заңдар мұсылмандар мүддесі тұрғысынан қарастырылып жатқан жоқ. Бұның себебі неде деп ойлайсыз?
− Біздің қоғамда мұсылмандар көп бола тұра, олардың мүдделері ескерілмесе, өміріндегі, дініндегі ұстанымдарында көп кедергілер кездесіп жатса, әлі де дінімізді берік, дұрыс ұстана алмай жатқанымыздан. Себебі Аллаһ тағала қасиетті Құран кәрімде: «Бір қауым өздерін өзгертпейінше, олардың халі өзгермейтінін» айтады. Сондықтан біз мешітте мұсылмандардың саны көп деп жатқанымызбен, олардың сапасының қандай екені бір Аллаһқа аян. Біз тура жолға түсіп жатқан адамдарды көріп қуанып та жүрміз, керісінше қате жолдарға ұрынып, секталардың азғыруымен өзінің дінін сатып жатқандарды көріп, опынып та жүрміз. Олардың көбі қаракөз қандас бауырларымыз болғандықтан, қазақ халқы өз дінін ұстану жөнінен ұтылу үстінде. Бұль жағдай Аллаһ тағала мен қазақ мұсылмандарының арасындағы қарым−қатынасқа әсер етпей қоймайды. Сондықтан алдымен мұсылмандар ислам дінін толық ұстанбаса болмайды. Саналы адам білім алып, иманын түзеп, мінез−құлқын дұрыстасын, отбасын дін тұрғысынан тәрбиелесін, діни ғибадаттармен қоса, дүниауи тірліктерін ұмытпасын, халқының пайда−зиянына уайым шексін. Солайша, күшті мұсылмандар көбейсе, Аллаһың жәрдемі болары сөзсіз. Ел мұсылмандарының жағдайының жақсаруы, өзге де игілік есіктерінің ашылуы уақытымен орнына келеді. Әзірге мұсылмандар өз дінінде әлсіз екені жасырын емес.
−Уақыт бөліп сұхбаттасқаныңызға Аллаһ разы болсын!
Күлпара ЖҰМАҒАЛИ,
Асхат ЕРКІМБАЙ
Azamat.kz №16 (59) 28 сәуір − 4 мамыр, 2006 жыл
Республикалық қоғамдық−саяси апталық
Қысқартылған нұсқасы
Advertisements

4 thoughts on “Kazakh Muslims Problem

  1. Adil Abdrakhman wrote on my Facebook:
    Aseke Kazakh Muslims problem makalasynda kotergen meselen oryndy. Endi Kazakhstandagy Musylmandardyn ozge de meshitterdin azdygy, beriletin akparattyn zamanaui internet, mp3 tagy baska kuraldar arkyly zhasalmauy syndy tagy baska maselelerin talkylasan bolady. Iske sat

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s