Is He My President?


Президент өкілдігін ұзартты
Бүгін халық қалаулылары халықтың емес, өз қалауларын жасады. Бәлкім жоғарғы жақтың шығар. Себебі бұлардың қалталы парламент атанғандарына қанша болды…
Қазақтың тұңғыш басшысына шексіз уәкілдік берілді. Не ойларымды да білмеймін. Ел үшін аса маңызды істе, халықпен неге келіспеді, неге жасандылық үшін болса да біздің пікірімізді сұрамады екен деп ойлайсың.
Сөзсіз, Елбасы тұрақтылықта, ел экономикасын алға оздыруда біраз тірлік жасады. Бірақ шексіз патша болады деп ойламап едім.
Парламент Ата заңға енгізілген өзгерістердің Елбасының өзіне қол қоюға жіберді. Егер қол қойылса, 2012 жылдан бастап Заңның «шексіз уәкілдік атты» сөйлемі жұмыс істейді.
Билікке бір келген адам одан айырылғысы келмейді деген рас екен.
Блогтың тәтті дәмін енті татып келе жатқанда, бұндай мүмкіндіктен де айырылып қалар ма екенмін.
Аллаһым, бұл істі біздер үшін һайырлы қылдыра гөр!!!

Advertisements

2 thoughts on “Is He My President?

  1. Ата заңына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар, Елбасының президентік сайлану мерзімін ұзатуды көздеп отырған жоқ.

    Біріншіден Парламенттің снімділігі арттырылды, екіншіден Премьер Министрге Президенттің билік күшін бөліп берді, яғни елде тек президенттік қана емес, Президенттік-Парламенттік жүйе қалыптасатын болады.

    Яғни Елбасы «белсенді саясаттан» , «бақылаушы саясатқа» ауысуға дайындалу үстінде.

    Келесі сайлауда әр аумақтан жеке жеке депутаттар емес, партиялар сайлауға түседі. Халық өзі қалаған партиясына дауыс береді. Бұл Партиялардың жолын ашып отыр және өз партиясы арқылы парламентке кіріп, Үкіметке басшылық қылатын азаматтарын жолы ащылып отыр. Қазақстанда алдымыздағы он-он бес жыл төңірегінде пәлендей саяси өзгерістер болмайды. Елбасы келесі кезекте Үкімет Басшылығын бір кісіге табыстап, өзі оның саясатын ьақылап отыратын болады.

    Бұл туралы әлі көп нәрсе жазуға болады. Бірақ ең бастысы, бұл біздің ел үшін құайырлы қабылданған шешім. Құр бос мойыма бауырым. Елу жылда ел жаңа демекші. Бүгінгі жастардың, келешектегі саясатшылардың жолынын ашылғандығын анық айғағы.

    Қуану керек бұндайға.

  2. Бекжан, осылай қуансам бола ма?
    :-))
    Неге екенін қайдам, бүгінгі билік басындағыларды қанша жерден түсінейін десем де, түсіне алар емеспін. Шындап қарайтын болсақ, елімізді сайлағандер емес, сайланғандар басқарып отыр емес пе? Олар сіз бен біздің мүддемізді қашан алдыңғы орынға қойып еді?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s