М. Шаханов "Халық Рухы" партиясын құрмақ


Кеше Мұхтар Шаханов ағамыз бастаған топ «Халық Рухы» атты партия құрмақшы деген хабар келіп түсті. Олар өз Үндеулерінде негізгі мақсаттары жөнінде былай деп жазыпты: «Елімізде қордаланған мәселе аз емес. Бізді бәрінен бұрын жер қойнауы байлықтарының талан-таражға түсуі, оның пайдасын негізінен шетелдіктердің көруі, жер сату саясатының жаңа қиыншылықтар туғызуы, экологиялық апатты аймақтардың өсе түсуі, ауыл жағдайының кеңестік дәуірдегіден де төмендеуі, шет ел миссионерлерінің арандатуымен мыңдаған қандасымыздың басқа дінге өтіп кетуі, жүйелі ұлттық идеологияның болмауы себепті мемлекеттік тілдегі басылымдар көрінеу-көзге шеттетіліп, республикамыздың барлық дүңгіршегі мен дүкенін, кей жерлерде 90-100 пайызға дейін Ресейден заңды, заңсыз әкелінген 5248 газет пен журналдың және өзге де Қазақстан заңдарына қайшы келетін баспа өнімдерінің жаулап алуы, қазақ тіліндегі балабақшалардың жетіспеуі, жеткіншек ұрпақты отаншылдық, ұлттық рухта тәрбиелейтін сындарлы жастар саясатының болмауы, «біз көп ұлтты мемлекетпіз» деген желеумен бірнеше ғасыр бодандықта болған қазақ халқының ұлттық мүддесінің елеусіз қалдырылуы әрі оның еліміздегі көп диаспораның біріне айналдырылуы, оралмандар проблемасының орнықты оң шешім таппауы, т.б. проблемалар қатты алаңдатады.

Біз, осы үндеуге қол қоюшылар, өз пікірлестеріміз бен жақтаушыларымыздың атынан «Халық рухы» атты демократиялық партия құратынымызды мәлімдейміз. Бұл партияның басқа партиялардан ерекшелігі – ол өзінің негізгі қуатын республика халқының рухани дамуына бағыттайды. Жалаң материалдық байлықты ғана мақсат тұтып, рухани құндылықтарды елемеу мен ескермеудің үлкен қасіреті болатынын жұрттың есіне салып отырады. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен экономика саласында жүргізіп отырған оң қадамдарын қолдаумен қатар, елімізде ұзақ жылдан бері қордаланған рухани проблемалар төңірегіндегі ойлары мен ұсыныстарын алға тартады және оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады. Сонымен қатар Партия тіл саласында республика Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген пікірін ұстаным ретінде қабылдайды.

«Халық рухы» демократиялық партиясын құрушылар мемлекетіміздің өткен тарихы мен болашағына, рухани құндылықтарына құрметпен және гуманистік көзбен қарайтын отандастарымызды, қоғамдық ұйымдарды игі ниет аясында бірлесуге шақырады.

Қазірдің өзінде: «Бұл партия билік басындағы азаматтар ел ішінде ұлттық бағытта бір партия қажет болған соң ғана ашылды» деген сөздер айтылуда. Не де болса, ұлт мүддесіне жұмыс істейтін ұйымды қолдағанымыз жөн-ау. Ал ұлтқа жаны ашымайтындар не демей жатыр? Бұл партияның қатарында Дос Көшім, Төрегелді Шарманов, көптеген қазақ басылымдарының редакторлары бар. Осындай бір саяси ұйым құрылмаса, мұң-мұқтажын ішіне жасырып жүрген қазақтар жеке-жеке көздеген мақсаттарына жете алмайды. Іштен тынып, билікке өкпелеп жүрген қазақтар қазір өте көп… Олардың ашу-ызасын басудың бір амалы ретінде осындай бір партия құрмаса, ашынғандар төңкеріс жасаудан да тайынбайды.

Advertisements

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s