ESCAP


Алматыда тұңғыш рет БҰҰ-ның үлкен ауқымды отырысы өтіп жатыр. Араларында жүріп Нью-Йорктың Бас хатшылық ғимаратындағы атмосфераға тап болдым. Көптеген ұлт өкілдері. Барлығы дерлік Азия елдерінен. Сондықтан көпшілігін түрлеріне қарап қазақ деп ойлап қала беремін. Олар бұл жерде кедейшілік, энергетикалық қауіпсіздік т.б. тақырыптар төңірегінде пікірлеспек. Пікірлеседі дегенім жай сөз. Әр елдің өкілі алдын ала дайындап келген баяндамасын оқиды. Көп ретте бұл өз елінің жеткен жетістіктерімен мақтану не болмаса БҰҰ-дан техникалық, ақпараттық көмек сұрау түрінде келеді. Ешкім ешкімге сұрақ қоймайды. Жалпы бұндай отырыстардың халыққа қаншалықты пайдалы болатынын түсіну қиын. Қызықсыз, іш пыстырарлықтай өтеді.
Біздің елдің бар ұтары – осы іс-шара арқылы беделі артады. Тағы бір рет биік мінбелерден «Қазақстан – Орта Азиядағы көшбастаушы ел» деген сөздер айтылады.
Бәлкім, Сергейдің БҰҰ белгілі бір елдердің саяси ықпалында кетіп бара жатқан, өз бетінше ешқандай оқиғаға әсер ете алмайтын ұйымға айналып барады деген сөздерінде шындық бар шығар.
ЭСКАТО 53 мүше-мемлекет пен 9 қауымдасқан мүшеден құралған Азия-Тынықмұхит өңіріндегі әмбебап мүшелігі бар, жер шары халқының 60 пайызын немесе 3,8 миллиард адамды қамтыған, жалғыз үкіметаралық ұйым.
Әлемнің үштен бірін қауызына сыйдырған ұйым бәрібір де Батыстың билеп-төстеуіне көніп отыр. Бізге таратқан мәлімдемеде: «Комиссияның жұмысы негізгі үш мәселеге бағытталған:
1. Кедейшілікпен күрес
2. Жаһандану үрдісін реттеу
3. Жаңа әлеуметтік проблемаларды шешу»
деп көрсетілген.
Елімізде кедейшілік көрші елдермен салыстырғанда жоқ деуге болады. Бірақ ауылдағы мүшкіл ахуал бұл жерде есепке алынбайды ғой. кедейшіліктің Айтпақшы, БҰҰ Мыңжылдық Дамыт Бағдарламасына сәйкес кедейшілік деп «Күндік табысы 1 АҚШ долларына төмен жағдайдағы адамдар халі» деп түсінік береді екен.
The role of external agents in the public sector and civil society is to create the conditions for the poor to escape poverty. External organisations can ensure access for the poor to essential infrastructure ad services; they can promote and support participation by the poor in decision-making that affects their lives and livelihoods; and they can create a policy and legislative environment that is supportive to the needs of the poor.
Журналистер шұбырып жүр. Бірақ мәселенің қай қырын, қалай түсіндірерін білмей әлек. Бұл жерде ақпаратты ресми жеткізетін журналистер ұтады. Ал отырыстың келешегін айтып, оған сараптама жасаушылар кездесе қоймас. Күні бойы осында болатын шығармын.
Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s