Don’t Kill Your Best Intention!


Осынау әдемі тіркесті кеше Алматыдағы БҰҰ-ның өкілдігінде естідім. Жиналғандар жемқорлықтың алдын алу, оны жою шараларын қарастырды. Мен үшін бұның бәрі бос сөз тәрізді көрінді. Жемқорлық, парақорлық қадам бассаң кезігеді. Олар болса, Халықаралық деңгейдегі жемқорларды ұстап беру туралы мәселе көтеруде.
Бұл күнде дәрігерге барсаң да, оқуға түссең де, балаңды балабақшаға тапсырсаң да пара бересің. Бұл параның кіші түріне жатады-мыс.
Елбасыны сайлау кезінде оппозициядан шыққан бір пысық жігітің үгіт-насихатқа деп бөлінген ақшаны қалтасына басып қалғаны бар. Бүгіннен саясатқа араласып, лас ақшаға құмартқан жастан кейін не күтуге болады?
Екі апта бұрын Халыралақы Банк Швейцария банкінде сүрленіп жатқан қаржыны Қазақстан жастарына жұмсайтынын айтты. Бұл ақша қайдан шықты? Әлі қанша ақша заңсыз жолмен шетелдің банктеріне ағылып кетті екен?
Кей-кейде мүлікті заңдастыру акциясы да ауылдағы шаруаға бір тракторын заңдастыру үшін емес, заңсыз жолмен дүние жинаған байшыкешетрге өз мүліктерін заңдастырып алуға берілген мүмкіндіктей көрінеді.
Отырыста мынадай қызық әңгіме естідім. Қазақстанда Зейнетақы қорын ашқан бір азамат, қорға түскен ақшаның бәрін қалтасына басып АҚШ-қа қашып кетіпті. Адам құқын асыра дәріптейтін ел ол пақырға босқын мәртебесін берсе керек. Сонда АҚШ елді қанап, ақша ұрлаған жанға не үшін көмектеседі деген сұрақ туады…
Менің ойымша, Құдайдан қорыққан жан, амал-әрекетін жоғары Құдіретті ие бақылап отырғанын терең түсінсе, пара бермес те, алмас та еді. Бұл туралы отырыста тек Тәжікстаннан келген өкіл айтты.
Сыбайлыс жемқорлыққа қарсы күрес күшейген сайын, пара алудың түрлі құйтырқы жолдары да көбейе түседі емес пе?

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s