ИНТЕРНЕТТІ ҚАЛАЙША АҚПАРАТ КӨЗІНЕ АЙНАЛДЫРАМЫЗ?


Өткен аптада БҰҰ да көптен көкейде жүрген жоспарымды орындадым. Шетелден білгеніммен бөліссем деп едім, соны «МedıaNет» мектебінің тыңдаушыларымен бірлесіп жүзеге асырдым.

Компьютерсіз журналист – көліксіз жүргізушімен тең

Интернеттің пайдасы:

  1. Интернет тиімді байланыс құралы
  2. Көптеген мәліметтер жинақталған
  3. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері
  4. Толғандырған сауалдарыңның жауабын табасың
  5. Кісі есімдері мен лауазымдарын нақтылайсың. Мысалы, www.government.kz Үкімет сайты, ҚР Парламент мәжіліс депутаттары
  6. Өткен ескі жаңалықтар мұрағатынан мәліметтерді нақтылау
  7. Өзге елдегі мамандармен байланыс жасап, сұрақтар қоюға болады
  8. Түсінбеген сөзді демде аударуға болады. Мысалы: http://www.sozdik.kz
  9. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді. Аська, Мейлруагент, мессенджер т.б.

Интернет кемшілігі:

  1. Интернетке шығу үшін қаржы керек. Қазақстанда интернет қызметін пайдалану қымбат (120 тг/сағ).
  2. Электронды жаңалықтарға жазылу керек
  3. Кейбір мұрағат қорларына кіре алмайсың
  4. Кәсіби қызметтер өте қымбат тұрады. Мысалы шетелдің белгі агенттігінің Қазақстан туралы жасаған зерттеулері

Интернетпен қалай жұмыс істеу керек?

Жадынама!!!

  • Комп токқа арқылы істегендіктен, барлық файлдарды сақтап отыру керек. Ең дұрысы қойын кітапшаңа негізгі мәлеміметтер мен сандарды түртіп отыру
  • Асықпай жұмыс істеу. «Асыққан шайтанның ісі».
  • Сенімді дерек көзді табу
  • Бір ғана сайт деректеріне тоқтап қалмаңыз, қосымша екі үшеуін іздеңіз
  • Көтеріңкі көңіл-күймен жұмыс істеуге тырысыңыз
  • Белгілі бір адам туралы Интернетте мәлімет бар болса, ол сондай адамның бар екенін білдіреді
  • Бірақ ол адам туралы мәлімет жоқ болса, ол адам жоқ деген сөз емес.
  • Интернеттен алынған мәліметке сілтеме жасап, оның көшірмесін сақтап қойыңыз.

Тапсырма:

Сауалдар:

БҰҰ мен байланысты мәселелерді көтеру

Ол проблемаларды қалай шешеміз?

Ол үшін не істеу керек?

Кімге, қандай сауалдар қоямыз?

Мақала қандай мазмұнда болады?

Оны қай басылымға береміз?

Соңынан не болады?

Жауаптар:

Ауыз су тапшылығы

Мәліметтер жинақтау

БҰҰ өкілдігіне, депутаттқа, ауыл адамдарына

Мақала сарапатамалық мазмұнда болады

Оны «Azamat.kz» газетіне береміз (Ауыл тұрғындарының мәселесін көтереді және билік оқиды)

Билік мәселеден құлағдар болып, оның шешу жолдарын іздейді. Журналист тұрақты түрде қадағалайды

Ойын:

Үш топқа үш түрлі мәселе:

  1. Ауыл мәселесі
  2. Ана мен бала денсаулығы
  3. Қазақ тіліндегі білімнің деңгейі

Өзөзің сөз бер!

    • Менің е-пошта бар. Жоқ болса, таяу арада аштырамын.
    • Міндетті түрде қызықты ақпараттарды достарыма жолдап отырамын.
    • Wikipedia қазақ тілінде мәлімет қорын жинастаруға ат салысамын.
    • Интернеттің мәліметін пайдаланып, мақала жазғанда кем дегенде үш дереккөзді салыстырамын.
    • @ – бұның аты айқұлақ екенін ұмытпаймын. «Собачка» деген сөзді тілдік қорымнан алып тастаймын.
    • Қазақ тіліндегі веб-сайттардың тізімін жинастырамын.
    • Болашақта қазақ тілінде өзімнің жеке сайтымды және блогымды ашамын.

Advertisements

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s