НАТО ҚАЗАҚ ҒАЛЫМЫН МОЙЫНДАДЫ


Қазақ ғалымы Мұқаш Бүркітбаевтың ғылыми зерттеуі Солтүстік Атлантикалық Одақ (НАТО) басшылығының назарына ілікті. Қызыл империядан қазақ халқына «мұраға қалған» ядролық сынақтардың зардабын зерттеумен айналысып жүрген қазақ ғалымы мен оның әріптесі ағылшындық  Ник Пристке НАТО-ның жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығы табыс етілді.

Сауапты іске ғұмырының он жылдық өмірін арнаған ғалымдар Қазақстандағы Семей полигонында радиологиялық қауіп-қатер жағдайын зерттеген. Ғалымдар сынақ өткізілген жерлерді бақылауға алып, халықтың тұруына жарамды, шаруашылыққа пайдалануға болатын жерлерді анықтап, Үкіметке өздерінің ұсыныстарын жолдады. Өткен жылы НАТО-ның бас штабында болған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Мұқаш Бүркітбаевтың қолға алған ғылыми жұмысын «НАТО мен Қазақстан ғалымдары арасындағы әріптестіктің үлгісі» деп атап өткен. Қазақстан шетелдердегі халықаралық жиындарда ядролық қарудан бас тартқан ел ретінде танымал. Сондай-ақ шетел ғалымдарына Семей полигоны зардаптарының нәтижесі Кеңес Одағы тұсындағы ядролық қару жасау шеберлігінің деңгейін анықтауға бірден-бір көмек болатыны сөзсіз. Ғылыми зерттеу жобасы үшін аталған ғалымның әрқайсысына 10 мың евро көлемінде сыйлық табыс етілді.
«Семей аймағында экспедицияда жүргенімде, немересін жетектеген қарт қасыма таянды. «Балам, мен дүниеден озармын, бірақ мына немеремнің келешекте қандай су ішетінін сен өзің айт», – деп, ауласындағы құдығынан алынған бір тостаған суды алдыма тосқаны есімде. Халық бізді көрген сайын судың, топырақтың сапасын сұрайды. Жыл сайын жүргізетін зерттеулеріміздің нәтижесінен халық үлкен үміт күтетінін біз жақсы түсінеміз», – дейді ғалым НАТО-ның Бас хатшылығының ғылымды дамыту бөлімінің орынбасары Кейт Гарднермен болған сұхбатында.
Үреймен өмір сүруге еті үйренген ел сынақ өткен жерлерді пайдалануға ресми түрде рұқсат берілмегенімен, мал жайып, шаруашылыққа пайдалануда. Шетел ұйымына берген сұхбатында қазақ ғалымы ядролық қарудың зардаптарын зерттеумен айналысатын жас ғалымдарды даярлау мәселесін де көтерді. Мұқаш Бүркітбаев қызмет ететін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универсиетінде радиацияның қоршаған ортаға әсерін зерттейтін мамандардың қалың шоғыры өсіп келеді. Докторлық диссертациясын арнап жатқан жас ғалымдарға қаржылай көмек көрсетілуде. Төрт студент қазір Курчатовта, кейбіреулері Лондонның Middlesex университетінде тәжірибе жинақтауда. Бұл орайда студенттердің тұрмыстық, әрі ғылыми ізденіс жолындағы қажеттіліктерін өтеуге НАТО-ның арнайы шәкіртақысы көп көмектесуде.
Семей полигонының қоршаған ортаға оның ішінде қазақ халқына тигізер әсер-ықпалын азайту мақсатындағы зерттеулер әлі де жалғасуда. Қазақ ғалымының ағылшын әріптесімен бірлесе атқарған ғылыми жобасы енді дүниежүзілік маңызға ие болды.

Асхат СӘРСЕНБАЙҰЛЫ,
«50де50»

Advertisements

One thought on “НАТО ҚАЗАҚ ҒАЛЫМЫН МОЙЫНДАДЫ

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s