Жаңа мұсылмандар жарты адам ба, толық адам ба?



Алматы қаласындағы Астана алаңында орналасқан Қазақ-Британ Техникалық Университетінің (ҚБТУ) ғимараты бұрынырақта қып-қызыл атеистердің бас ордасы еді. Өткен аптада сол еңселі ғимарат «Құранға бастар жолда» атты тақырыптағы конференцияға есігін айқара ашты.

Осылайша қазақ тәуелсіздігі орыс империясы тұсында қазақ санасына қонған атеизмнің шаңын қақты. Сол жылдары білетіндер Қызыл Одақ күйреген соң, либерализмнің таңы атады деп сәуегейсіді. Америка философы Фрэнсис Фукуяманың бұл пікірін америка саясаткері Самуель Хантингтонның «Өркениеттер қақтығы» теориясы жұтып қойды.

«Ойдан шығарылған теорияның қалай десек те жақтастары көп. Бірақ менің ойымша, діндер бұл күндері өзара диалогқа зәру. Әлем қараңғылық материясына батқаны сонша, руханият ысырылып қалды. Адамзат қазір діннің ізгілікті-әдеп құндылықтарын іздеумен әлек. Бүгінгі мұсылмандардың миссиясы жоғалтқан балансты қалпына келтіру», – дейді «Әлбаракат» қайырымдылық қорының арнайы шақыртуымен Қазақстанға келген «Құран. Аудрмасы мен мағынасы» кітабының авторы Эльмир КУЛИЕВ.

Эльмир Рафаэль оглы Кулиев – 27 жасында «Құран. Мағыналарының түсіндірмесі мен аудармасы» атты күрделі еңбекті орыс тілінде жарыққа шығарған жас мұсылман ғалым. Бұл күнде тек Әзірбайжанда ғана емес, күллі мұсылман әлемінде оның «На пути к Корану», «Глобализация и Коран: в поисках гуманистических идеалов», «Пророчество о приближении конца света», Әбдірахман ас-Саадидің «Облегчение от Великодушного и Милосердного» атты Құран түсіндірмесін аударған еңбектері кеңінен танымал.

«Қасиетті Құран Кәрімнің мағынасын дұрыс білетін жас ғалымды Қазақстанға шақыртуымыздың мақсаты да осы. Мұсылман адамның діні толық болуы үшін Құранды дұрыс түсінуі аса қажет», – деді аталған шараға орай тілшімізге арнайы түсініктеме берген «Әлбаракат» қорының басшысы Қанат ҚҰРМАШҰЛЫ.

«Әлбаракат» қайырымдылық қоры бұл күнде Алматы қаласында араб тілі және Құран курстары бойынша тегін дәрістер жүргізуде. Шамамен аптасына 150-ге жуық адам дәріс алады. «Бұл бізге аздық етеді. Исламды дұрыс түсінбегендіктен, Құранның аяттарын бұрыс жеткізушілердің арбауына түсіп қалған жастар көп. Ислам атын жамылып жұмыс істейтін «Хизбут-Тахрир» ағымы – соның бірі. Жастарға ол жерде Құранның аяттарын дұрыс түсіндірмегендіктен, мемлекетімізге келетін ішкі қауіп күшейе түспек», – деді телефон арқылы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Дін істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Қайрат БАҚТЫБАЙҰЛЫ бүгінгі жастардың дінді танысам деген талпынысын қуаттап.

«Хизбут-Тахрир» – Қазақ топырағында жұмыс істеуге тиым салынған экстремистік діни ағым. ҰҚҚ-нің осыдан екі апта бұрынғы баспасөзге таратқан мәлімдемесінде аталған ұйымның 50-ден астам мүшесі тәубесіне келгенін хабарлады. Өзінің ғылыми жұмысын Қазақстандағы Жастар саясатына арнаған саясаттанушы Жомарт СИНТИКОВ: ««Мемлекттік жастар саясатының тұжырымдамасында» жастарды патриоттық, құқықтық, рухани тәрбиелеуде оларды діни экстремизмнің, фанатизмнің ықпалынан қорғау басты бағыт болуы тиіс. Бұл мақсатта жастардың ортасына экстремистік-діни көзқарастардың кірмеуін қамтамасыз етуші механизмдердің құрылуын ойластыру қажет» – деп санайды.

Саясаттанушы келтірген деректерде жастардың 8,8%-ы – сенушілер, 41,2%-ы өздерін сенушіміз деп есептейтіні, бірақ дін өміріне араласпайтыны айтылады. Осы екі топ дінге сенуші жастардың 50%-ын құрайды. Жастардың 17,4%-ы өздерін сенбеушіге жатқызады, бірақ діннің кейбір дәстүрлерін орындайды.

Жігіттер мен қыздардың 15%-ы дінге сенбейді, діни өмірге араласпайды, бірақ сенушілердің сезімін сыйлайды.13%-ы дінге толығымен қарсы, 8,5%-ы дін мәселесіне немқұрайлы қарайды. Егер дінді жақтаушылар ішінде 26-29 жас аралығындағы жастар саны 7,6%-ы құраса, онда 15-18 жастағылар 17,6%-ын құрайды. Бұл болашақта дінге сенушілердің қатары көбейеді деген сөз.

Жас мұсылмандардың қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени оқиғаларға араласып, мемлекет бекіткен бағдарламаларды жүзеге асырудағы потенциалы зор. Тек соны дұрыс мақсатқа бағыттай білу керек. Әзірбайжандағы Кавказдың мәдени стратегиялық зерттеу институты департаментінің директоры Эльмир КУЛИЕВ осы орайда Әзірбайжандағы 50-ден астам діни қауымдардың басын біріктіретін Діни қауымдар форумының жұмысын мысалға келтірді. Діни көзқарастары алшақ болғанымен, түпкі мақсаттары қоғамға ізгілікті насихаттау болып табылатын діндарлар «Дін және СПИД» деген бағдарлама бойынша бірлесе жұмыс істеуде. Бұл – дін қайраткерлерінің өзара түсінісіп, әлемдегі бейбітшілікті сақтауда, қоғамда ізгілікті насихаттауда атқарар рөлінің бір көрінісі ғана.

Биік мінберлерден дін мемлекеттен бөлек деген пікірлер жиі айтылады. Шындығында мемлекетті құраушы әрі дінді ұстанушы болып саналатын халықтың екіге бөлінуі ақылға сыймайды. Күн өткен сайын еліміздегі мешіттердегі мұсылман жастар саны көбейюде. Олардың дұрыс діни білім алу мәселесі де шешіліп қойды. Ендігі кезекте олардың қоғамдағы экономикалық-саяси мәселерге араласу үдерісі бой көтереді. Құранның мағынасын орыс тіліне аударған Эльмир Кулиевпен болған кездесуде мұсылмандардың банк, экономика саласына қатысты көптеп сауал қоюлары – осының дәлелі. Бұдан үркудің қажеті жоқ. Абай хакімнің «толық мұсылман – толық адам» теориясының күні туды.

Асхат Сәрсенбайұлы

Advertisements

One thought on “Жаңа мұсылмандар жарты адам ба, толық адам ба?

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s