АМЕРИКАДАҒЫ ҚАЗАҚ БҮЛДІРШІНДЕРІ


Біз оларды өз қолымызбен шетелге саттық. Кәдімгі экспортқа шығарған мұнайдың бір баррелі тәрізді бағамен саттық та жібердік. «Тағдыры сол болса, қайтеміз. Жарқын болашақ оларды бұл елде күтіп тұрған жоқ қой», — дедік те қойдық. Ана емшегінен ажырап, өзге елдін топырағында тәй-тәй басқан қазақ бүлдіршіндері өздерінің қай елдің баласы екенін біледі екен. Тәуменді елдің өзекке тепкен ұрпағы атанғанын біліп, енді бір он жылда өкінер ме екен, өшігер ме екен?

Америкалыктар Қазақстаннан асырап алған балаларға казақ тілін үйретуге бар мүмкіндік жасап жатқанын естіп, бұл жайтты көзбен көргенше асықтым. Әр сенбі сайын Нью-Йорк шаһарының Бруклин ауданында Америкадағы Қазақ мәдени орталығы америка қазақтарына арнап, қазақ тілі, домбыра, пианино кластарын ашқан екен. Қазақстанда жүріп туған тіліне менсінбей қарайтындардың бар екенін ескергенде, американдықтардың қазақ балаларына тамырынан ажырамауға жағдай жасап жатқанын көріп, іштей риза боласың. Әйткенмен, американдықтардың бұл кадамға қандай ниетпен барғаны бір Аллаға аян.

Американдықтар асырап алған қазақ балаларына қазақ тілі мен ән-күй дәрістерін өткізу үшін, Чайнатаунның бір бұрышындағы ғимараттың жертөлесінен бір бөлмені жалдаған екен. Бөлме иесі Джой американдықтарға тән ақ көңілдігімен қарсы алды. Әйелі — қазақ. Сондықтан, бұл бөлмені Америкадағы Қазақ мәдениеті орталығына арзан бағаға жалға беруде. Бөлме заттары өте ыңғайлы орналасқан. Ортада үстел. Бір бұрышта пианино. Одан әрі асхана заттары: ыдыс-аяқ, қасықтың ұшы қылтияды. Жұмсақ диван, кілем төселген. Кластың ішінде емес, өз үйіңде жүргендей еркін сезінесің.

Мен кіріп келгенде Әлия Розаға пианино үйретіп жатты. Әлия — АҚШ та он бес жылдан астам уақыт тұрып жаткан қазақтардың бірі. Розаны (шын есімі Айдана) Грейм есімді келіншек Карағандыдағы «Матрешка» балалар үйінен сегіз айында алдыртты. Ол — американдықтар асырап алған алғашқы бүлдіршіндердің бірі. Нью-Йоркта американ отбасында тұрып жатқанына алты жыл болды. Тілі ағылшынша шыққан Розаның бет әлпеті болмаса, ширақтығы, еркелігі америка бүлдіршіндеріне келеді. Өкіл анасы Грейм: «Роуз өте қабілетті. Мінезі ашық. Пианинода ойнағанды жақсы көреді. Қазір қосымша қазақ тілі курсына барып, қазақ тілін үйреніп жүр», – деді менімен әңгімесінде. Шынымен-ақ Әлия орындаған әуенді демде қағып алып, қайталап орындап береді. Әлия да бұл қыздан түбі бірдене шығады дейді. Біраз уақыттан соң, Дана мен Вирджиния келді.

Дана Ақмола облыстык перинаталды орталықтан үш айлық кезінде алынды. Дана деген есім сол жақта беріліпті. Вирджиниа да осы есімді калдырғанды жөн көрді. Бірақ бұл есімнің мағынасын түсінбепті. Қазақ есімінің мағынасын ашып, түсіндіріп бердім.

Дорбамды ашып, балалардын бейбітшілік тақырыбында салған суреттер жинағы бар күнтізбені алып шыққанымда Дананың кішкентай көздері жайнап кегті. «Мынау Қазақстандағы өзің сияқты балалар салған суреттер», — деп түсіндіріп, сыйлығымды беріп жатырмын. Жымияды да, әрі карай жүгіріп кетеді. Әңгімелесудін ретін таппай, үнсіз бақылап отырдым. Қалтамда омырауға тағатын қазақтын көк туы бар еді. «Оны қалай берсем екен?» – деп те ойладым. Бәлкім, «Сәлем» деген сөзді түсінер ме деген ой қылаң берді. Бірақ әдемі ойдың соңы, көнілде кірбің мен мұң қалдырды.

«Сен қайдан келдің?» — деді бір кезде ол басымдағы тақияма карап тұрып. «Мынау саған», — деп сол кезде сыйлығымды ұстаттым. Әрі қарай бұл Қазақстанның туы деп түсіндіріп жатыр едім, сөзімді елең қылмады. Ентелеп, дорбама қолын сүңгітіп барады. Бұндайды күтпеген едім. «Қой!» — деп те айта алмадым. Қасымда анасы Верджиниа отыр. Алты жастағы асыранды қазақ қызының тәртіпсіздігі мені қатты таңғалдырды. Бұнымды Вирджиния дереу байқап қалса керек: «Ол ұят деген сөзді білмейді!» — деді кешірім сұрап. «Бұлар Америка, оның ішіңде Нью-Йоркта өсіп келе жатқан бүлдіршіндер ғой. Америкадағы Дана мен Қазақстанда тұратын Даналардың даму ерекшеліктерінде өте үлкен айырмашылықтар бар».

Алмадай екі беті ұяттан хабар берер деп, жүзіне үңілемін. Жоқ. Роузайдана түк болмағандай жүгіріп ойнап кетті. Вирджиния Қазақстаннан бала асырап алу ойы неден туындағанын осы кезде айтып берді: «Мен өзім заңгермін. Дана менің жалғызым. 1980 жылы Ұлыбритаңиядан АҚШ-қа көшіп келдім. Отбасымызда әке-шешем бірнеше баланы асырап алған. Бала асырап алу тәжірибесі біздің отбасымызда дәстүр ретінде қалыптаскан. Қазақтардың көпшілігіне американдыктардың қазақ балаларын асырап алып жатқаны таңсық екенін мен жақсы түсінемін. Американдықтар дүние жүзінің барлық елінен балалар асырап алуда.

Мен бала іздеп, арнайы агенттікке хабарласқанымда бірнеше елдерден ұсыныс шықты. Арасында Қазақстан да бар еді. Салыстырмалы түрде алғанда сіздің елден асырап алу оңайырак болғандықтан, Қарағандыға келдім. Бұл 2000 жыл еді. Дананың дүние есігін жаңа ашқан кезі. Қарағандыда алты айдай тұрдым. Орыс тілін үйренуге тырыстым. Құжаттар реттелген соң, осында Нью-Йоркқа келдік. Менің ойымша, Дана екеуміздің Нью-Йоркта тұрып жатқанымыз оның болашағы үшін өте жақсы. Себебі бұл калада мыңдаған ұлттың өкілдері тұрады. Араласу, өзге ұлттың салт-дәстүрімен танысу оңай. Дана мен Айдана да ес жиғалы бері бірге. Мында біз Әлияны жолықтырдық. Казір қазақ тілін үйреніп жатыр. Дананын биге деген қабілеті де бар. Дананың қазақ мәдениетін білуі екеуміз үшін де өте маңызды».

Қазақ топырағында жетім атанып, жат елде отбасылы болған үшінші сәби Нина қазақ тілі сабағына сәл кешігіп келді. Өкіл әке-шешесінің қолы тимегендіктен, курска оны көршісі ертіп келіпті. Нина араларындағы ең кішкентайы. Өзі қазақ болғанымен, әке-шешесі Нина деп ат қойыпты. Әзірге қазақ тілінде көп жәйтті түсінбесе де, Айдана мен Дананың қасында ойнап, мәз-мейрам. Ескерткішке деп түсіріп алған камерамның алдынан олай да былай да жүгіріп өтеді. Мидай сапырылыскан мегаполисте Қазақстаннан асырап алған үш бүлдіршіннің қол ұстасып айналып жүргенін көргенде шынымен жүрегің сыздайды. Алла пешенелеріне тағы қандай сынақ дайындады екен деп еріксіз ойланасың. Кіп-кішкентай жүректері «мен — американдықпын» деп бүлкілдеп соғып келе жатыр-ау…

Мен кезіктірген Америкадағы қазақ балаларынын мінез-құлқы шынымен-ақ өзгеше. Роуз да, Дана да өте еркін. Өз ой-пікірін айтуда, түсініксіз жәйтті сұрауда қысылмайды. Әлі мектеп табалдырығын аттамаса да білсем, үйренсем деген қабілеттері зор. Өздерінің Казақстан атты елден асырап алынғандарын да біледі. Тек аналары бұл тақырыпта әңгіме қозғалып жатса, оларға араласуға болмайтынын, мүмкіндігінше тыңдамағандарың жақсы деп жайлап ескертіп қояды. Осыдан бірнеше ай бұрын АҚШ-та Ресейден асырап алған орыс баланы американдық анасы ұрып өлтіргені үлкен дүрлігіс тудырған. Бұл бірінші оқиға емес еді. Бұған қатысты Вирджинияның пікірі мынау болды: «Әрине, біз де бұл оқиғаны естіп, үлкен тебіреніспен қабылдадық.

Себебі бұл жәйт біздер үшін үлкен сын. Қателеспесем, Чикагода болды ғой деймін. … Не деймін, есуастар кай заманда да болған. Тас жүрек адамдар барлық елден табылады. Бұл оқиға барлық американдыктар асырап алған балаларын ұрып-соғып жатыр деген сөз емес қой. Екінші жағынан, сол қайтыс болған орыс бала Америкаға келмесе, оны Ресейде дәл осындай тағдыр күтіп тұруы мүмкін ғой?» -деді күрсініп. Ораза айы болғандықтан, тақырыбымыз дінге ауысып кетті. Аузымнан: «Сіз діндарсыз ба? Балаңыздың діні қайсы?» — деген сұрақтың қалай шығып кеткенін байқамай қалдым. Ол болса: «Жөйт болсам да мен аса діндар емеспін. Синагогқа өте сирек барамын», — деп жауап берді…

Ғылыми зерттеулер жетім баланың толық адам болып қалыптасуында отбасы жылуының әсерықпалы өте зор екенін дәлелдеген. Балалар үйінде тәрбиелеген бала мен асыранды отбасындағы баланың санасезімі екі түрлі дамиды. Отбасында ана мейрімінің шуағы көбірек көрінеді және әр баланы жеке болмысына, қабілетіне қарай тәрбиелеудің мүмкіндігі мол. Жетім баланы өз баласындай мәпелеп, бар жылуын аямай өсірген атаана сол баланың жақсылығын кейін қартайғанда көріп, шүкіршілігін айтып жүргендер қазір де біздің ортамызда бар.

«Жетім көрсең, жебей жүр» дейтін қазақ жетім баланы асырап тәрбиелеген жанға Алла тағала өз сыйлығын беретінін ертеден түсінген. Бірде пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.): «Жәннатта мен және жетім баланың асыраушысының арасы осындай болады«, — деп сұқ саусағы мен ортаңғы саусағының арасын көрсеткен екен. Яғни, шамасы жетіп тұрса, жетім баланы асырап, оған өз балаңнан кем қарамай, жүрекпен, иманмен тәрбиелесе, оның жақсылығы тірі жаннан қайтпаса да Алладан айтады.

Дәріс аяқталған соң, бәріміз жақын жердегі ресторанға тамақтануға баратын болдық. Тамақ ішпесем де, балалардың көңілін қимай қастарында отыратын болдым. Жол бойы Айдана менің қолымды тас қылып ұстап алғаны бар. Жібергісі де келмеді

АлматыНью ЙоркАлматы

Асхат ЕРКІМБАЙ

«Ана тілі» газеті, №04 (841), 25.01.2007ж

Сенің кез келген пікірің мен үшін маңызды. Аталған мақалаға қатысты жазба.


Advertisements

2 thoughts on “АМЕРИКАДАҒЫ ҚАЗАҚ БҮЛДІРШІНДЕРІ

  1. Сол балардың қазақ тілі сабағын қалай үйреніп жатқанын көрсетейін десем, интернетім баяу болып бейнехабарымды (videocast) қондыра алмай жүрмін 😦

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s