Қонақ кітабы [guest book]


Блогыма қызығушылық танытқаныңа рахмет. Ұсыныс-пікір, ойларыңды осы жерге жазсаң болады. Сенің кез-келген пікірің мен үшін құнды.

***

Thank you for your interest. Please, feel free to share your opinion about this blog.

53 thoughts on “Қонақ кітабы [guest book]

  1. Ағасы тамаша екен Блогыңыз,
    Көруден жалықпаймыз үнемі біз.
    Бақшасын блогыңның жайқалдырып,
    Көңліне көрерменнің гүл егіңіз.
    Ғажап, бай,_өнеріңе риза боп,
    Қазақтай мақтан тұтсын ұлы еліңіз.
    Құдайым дұғаңызды қабыл етіп,
    Іләйім нұрға толсын жүрегіңіз.
    Жүгініп исыламға жүрген жанға,
    Інілік осы біздің тілегіміз!.

  2. Салеметсізбе, блогыныз жақсы әсер қалдырды. Жақсы жаналықтар мен салмақты ойларға тола берсін. Осы блогқа қалай жазылуға болады? Алдын ала рахмет,
    Асель.

  3. Әсел, пікіріңізге рахмет. Поштаңызды блогыма тіркеп қойдым. Енді блогымдағы жаңа жазба поштаңызға келіп тұрады. Тек поштаңызға келетін хатты мақұлдасаңыз болғаны.

  4. Рахмет үлкен! Негізінде мен де бүгін блог ашқан едім. Енді ойланып отырмын, жақсы жүргізе алам ба деп, сізді де шақырам егер қызық болып жатса :))))))))

  5. Блогыңыз жаңара берсе, ұсыныстар түсе берсе, Құдайың берсе, айтқаның келсе, біз тілеулес боп жүре берсек жаман болмаймыз.

  6. Блогыңыздың кескін-келбеті өзгеріпті. Әдемі! Ең бастысы — маған жинақылығымен ұнады.
    Мазмұны бұрыннан да ұнайтын :)!
    Құтты болсын!

    • Рахмет, Баян! Мен саған “Өрімталдың” ең белсенді оқырманы деген атақ беретін шығармын 🙂 Блогқа қатысты үнемі пікір білдіріп тұратының ұнайды. Себебі әрбір пікір блогты бұдан да жақсы, бұдан да қызықты болуға итермелейді. Блог жақсы болып жатса, бұл сенің де үлесің!

  7. Аршаттың бүгінгі назынан кейін барлык блогқа бір ауыз жазып тұруға тырысам. Жақсы-жаман блог деп бағалау қызық осы. Талғам, стиль, әр адамнын ой-өрісін ескерсек.. Көп болсын жазбалар да, “жазбашылар” да!

  8. саламатсыз ба Өрімтал.
    Оразаңыз қабыл болсын.Блогыңызға өте жақсы деп бағалаған болар едім.
    Сізбен қалай жақын танысып, байланысуға болар екен? Сұрақтарым бар еді……

  9. Ассалаумагалейкум, Асеке! Блогынызга кіріп, елге келгеніңізді біліп, куанып калдым. Хабарласып турайык. Костанайдагы бауырлардан жалынды салем! Аллаһ Тағала жқсы күндерді жүздесуді нәсіп етсін!

  10. Салеметсізбе! Сізден Медианеттен даріс алудын ынгайы келмеді. Сізді Малазияға оқуға кетті деп еді. Блогыныздын туракты оқырманымын.Блогыныз катты унайды. Онын устіне қазақ блогшыларының ұстазы саналасызгой!Блогшыларга катты кызыгатын едім, сіздер озінше бір алемсіздер гой! Коптен армандаған блогымды аштым. Мен де сіздердін катарларынызга косылгым келеді. Шамамнын келгенінше сіздер сиякты жаксы жургізуге тырысам.Мен білмейтін кыр сыры өте көп екен! Менінде блогыма жиі конак болып турыныз! Сізден отініш менін де блогымды озініздін тізімінізге тіркеп койынызшы.http://www.zhaziratashmat.blogspot.com
    менін блогымнын адресі.

  11. Асхат агай, blogspot.com ашылмай тур. Сіз калай ашып кордініз менін блогымды?Неге ашылмай калды екен? blogspot.comтагы баска блоггерлердін де блогы ашылмай тургой!

    • Жазира, менде барлық блогтар дұрыс ашылып тұр. “Кигіз кітапты” да көріп отырмын 🙂
      Көптеген оқу орындарында блогтарды көруді шектеген. Бәлкім, содан болар. Техникалық мәселеге қатысты сұрақтарды жеке поштама жазуыңды өтінемін.

  12. Асхат, блогыңыз қызықты да тартымды екен. Алдағы уақытта, бұйыртса, блогыңыздағы жаңалықтармен, өзгерістермен, ойлармен жиі танысып тұратын боламын. Биік табыстарға жете беріңіз!

  13. Уағалейкум ассалам, Мерей! Ниетіңізге рахмет. Хат алысамын десеңіз, поштам блогымның алғашқы бетінде жазылып тұр. Хабар үзбейік! 🙂

  14. Қайырлы күн. Сіздің блогыңызды қарап тұрамын.Өзімнің дипломдық жұмысымды қазақ блогтарының тілі мен стилі бойынша жазбақ ниеттемін. Осы тақырыпта өзіңіздің ой-пікіріңізді білгім келеді.

    • Сәлем! Пікіріңізге рахмет. Блогыңыздың тақырыбы өте қызық екен. Қолымнан келгенше көмектесейін. Осы жұма күні болатын тренингімізге қатысуға шақырамын.

  15. Сәлеметсіз бе?! Асхат, сіздің қазақ блоггерлерінің көшбасшыларының бірі екендігіңіз жайлы естідім. Сайтыңызбен де таныстым. Қатты унады. Сізден қазіргі қазақша интернет тілі, интернеттегі қазақша терминдер туралы быраз сұрақтарыма жауап алсам ба деп едім…ол мүмкін бола ма екен? Алдын ала алғысымды білдіремін. Еңбегіңіз жемісті болсын! 🙂

  16. Тамаша…….блогыныз жаксы екен…….кызыкты акпараттар мен окигаларга сусындадым……….унеми кирип туруга уаде берем…сизде жазыныз тосылманыз.. Иске сат!!!!!!!!!!!1

  17. Асхат! Қазақтілді виртуалдық кеңістіктің жаһандық желіде өзінің лайықты орнын табуына және осы бағыттағы бұқаралық, ағартушылық қызметтеріңе әрі ұстаз әрі үйренуші шәкірт алғыс білдіргім келеді. Істеріңізге сәттілік. Мныау жаһандану көшінде әрбір қазақтілді блогшы не журналист қолындағы қаламын компьютердің пернетақтасына айырбастаған сәтте жаңа инновациялық жобаларды ұйымдастыр әрі жүзегеасыра біледі деген үміттемін. Гүлмира серікбайқызы

  18. Ассалаумағәйкүм !!! Асеке. сіздің қазақ интернетінің жанашыры екеніңізді білеміз. еңбегің жана берсін. мен де уордпрестен блог бастап қойып едім. бірақ ағылшыншадан хабарым жоқ, сайттың басқару панелін орысшаға айналдыруға болама екен. өзім биологтарға арналған вев сайтымды UCOZ дан аштым көріп пікіріңді айтсаң қуанар едім. http://WWW.biologia.my1.ru
    serjan618@gmail.com

    • Уағалейкумассалам! Сержан, құрал-саймандарды орысшаға немесе қазақшаға аударғыңыз келсе, settings – general – language деген бөлімге өтіп өзгертесіз. Алматыда болсаңыз, жеке поштама хат жазыңыз. Блогшылардың кездесуіне шақырайын 🙂 Ниетіңізге көп рахмет!

  19. Сәлеметсіз бе, қазақ блог сарапшысы.

    Осылай атаудан тайынбаспын. 🙂 blogspot-та блог ашқам. Осы орайда сіздің ақыл-кеңесіңізді білгім келеді. Жалпы қазақ оқырмандарын парақшама қалайша тарта алам? Blogspot-та қазақша блогтарды ілгерілету мүмкіндіктері қаншалықты жоғары, сіздің ойыңызша?

    Менің блог адресім келесідей:
    http://swiss-kazakh.blogspot.com/

    Жауабыңызға риза болар едім.

    • Мұндай жоғары атаққа лайықты деп тапқаныңызға көп рахмет! Блогыңыз тамаша екен! Қазақстанда blogspot.com, Livejournal және соңғы кезде wordpress.com блогтұғырнамалары құрсауланғанын естідім. Сондықтан blogspot-тағы блогыңызды Қазақстаннан тысқары аймақтағылар және блогтарды айналма жолмен оқи алатындар ғана көре алады.

      Егер көңіліңіз қош көрсе, kazjur.kz kerekinfo.kz on.kz qb.kz qazaqblogger.com блогтұғырларының бірін таңдап, сол жерден де блог тіркесеңіз болады.

  20. Асхат, хал-қуат жақсы ма. Сені Америкада деп естіп едім, әлі сол елдемісің. Мен де дәм жазып Польшаға келіп қалдым. Познань университетіндемін. хатымды оқып жатсаң, жауап жазарсың.
    сәлеммен Жетпісбай Бекболатұлы

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s