Posts Tagged ‘қазақ’
Исламда пайыз жүйесіне қатысты тиым өте анық, әрі нақты айтылған. Бұл тиымды тек осы аятта ғана емес, Құранның өзге де бөлігінен кездестіреміз. Мәселен, жомарттықты түсіндіргеннен соң, оның қарама-қарсы жағының қауіпті тұстары суреттеледі. Ысырапшылдықтың зұлымдығы мен соңынан әкелер кесапаты айтылады. Төмендегі орысша мәтінді тұтастай қазақ тіліне аударуды жөн көрмедім. Егер аудармасын көрсетуде жөн деп [...]
Ben and Co
“Жаңаеуразияның” құпиясы
Кеше Еуропадан келген достарыммен кездестім. Қазақстан мен (Алматы-Астана), Қырғызстанға үш аптаға қыдырып келіпті. Ол жақтың жастары демалыстарын бір жылға алдын ала жоспарлап, сосын осылай ел-елді шарлап жүреді емес пе? Кеше кафеде жолыққан соң, қалта телефоннан сурет қана қондырып, толықтай жазу мүмкіндігі болмап еді. Олқылықтың орнын толтыру үшін жұмыстарымды ысырып тастап, осы жазбаны [...]
Жаңаеуразияда өткен аптада төмендегідей жазбалар жарияланды.
1. Аймақтағы жас журналистердің ІІІ форумы - Қостанай қаласында өткен форумды облыстық әкімдік пен ҮЕҰ бірлесіп ұйымдастырды. Қостанай өңірінің журналистері қазақ тілінде блог жүргізудің жай-жапсарымен, сарапатамалық мақала жазудың әдістерімен танысты. (Бейнеүзік)
2. АҚШ конгресмендері Нұрсұлтан Назарбаевқа «Нобель» сыйлығын беру мәселесін қайыра көтерді - атты жазбаға пікір қалдырушылардың барлығы қазақ басшысына Нобель [...]
Альянс Банкті сыйлаймын сыйлайтынмын. Неге екенін білмеймін бір симпатия бар. Әйтеуір «Сеймардың» Сейсенбаев Марғұланның қазақ екенін білгендіктен, банктің келбеті қазақ болып көрінгендіктен болар.
Өткенде пресс-конференция өткізді. Байқаймын спикерлердің барлығы дерлік қазақтың жігіттері. Қазақша десең, қазақша, орысша десең, орысша, ағылшын десең ағылшынша сақ-сақ етеді. «Ана тілінде» «Сеймар» басшысының бір сұхбатын да оқығаным бар. Өз сөзінде ол [...]
1. Аптаның 7 жазбасы: Алматы - табанымның нүктесі - қазақ блогосферасына жасалған бір апталық шолу блогшылардың жеке қызығушылықтарын көрсетті.
2. ҚТЖ Қытай вагондарының ылаңы – атты бейнехабарда елді дүрліктерген Қытай вагондарымен саяхаттаған қазақ журналистер «Вагонның денсаулыққа еш қаупі жоқ», - дейді.
3. “kz” доменiн пайдаланушылар аздық етеді… - белгілі журналист Есенгүл Кәпқызының мақаласы блогшылар тарапынан талқыға [...]
Бүгін «Қазақ ертегілерінің» 6 томдығын сатып алдым. Бар жоғы 1200 теңге. Алам десеңіз Абай мен Гагарин көшесінің қиылысындағы «Жазушы» баспасынан сатып алсаңыздар болады (5-қабат). Қуанып отырмын. Жақсы сыйлық болатын болды. Жазда ауыл жаққа барып қалуым мүмкін. Соған орай жиендеріме жинап жатқан сыйлықтарым ғой. Өткенде қазақ тілін үйрететін бір кітапты қолға түсірген едім. Әуенді кітап десе [...]
Өткенде газеттің кезекшісі болған едім. Баспаханадағы қыз бала газеттен екенімді біліп, мына өлеңді ұсынған еді. Ауылындағы бір ақсақал жазған екен. “Мүмкін болса, жарияларсың” деп өтінді. Қарап шықтым, Шымкенттегі бейкүнә сәбилердің СПИД-тің тырнағына іліккенін өлеңіне арқау етіпті.
Жайма шуақ Шымкент күні сарала суық күз қылып,
Бос тербеліп әткеншек тұр соққандай бір ызғырық.
Сәбилерде сыңғырлаған қуаныш күлкі жоқ бүгін,
Жас ғұмырды [...]
Үнсіздігіміз бен жасықтығымыз өзімізге сор болатын болды. Кеше Сәт мырза Астана қаласын «Нұрсұлтан» деп атауды ұсынды.
Мәжіліс депутаты Сәт Тоқпақбаев Астана атауын Нұрсұлтанға өзгертуді ұсынады. Бүгін ол мәжілістің пленарлық отырысында премьер-министрдің атына тиісті сауал жолдады, деп хабарлайды “Қазақстан Бүгін” агенттігінің тілшісі.
Ағайын, шыдай алар емеспін. Не болып кетті? Үнсіз қала бермекпіз бе?
Осы жағымпаздық пен [...]
Көпшілік оқырмандар газеттің қандай қиындықпен шығатынын жете түсіне бермейді. Әр жерде бір шашылып жатқан газет парақтарын көргенде, адам еңбегінің еленбей жатқанын ойлаймын. Кішкене кезімде “Ұланның” әр санын қалдырмай түгендеп, жинап қоюшы едім. Әр жылғы “Ұланның” сол тігінділері әлі күнге дейін сақтаулы.
Мынау баспаханадан түсірген суреттерім. Көпшілік сүйіп оқитын басылымдардың бірі көптеген адамның еңбегімен осылай жарыққа шығады.
(Соңы)
Қазиза апа он бір бала тәрбиелеп-өсірді. Тұңғышы Амантайдан соң, сегіз қыз дүниеге қатар келді. Соғыстан кейін дүниеге келген Күлкен қазір зейнеткерлік демалыста. Жеке шаруашылық қожалығы бар. Фермер. Қарағандыда Абай деген жерде бір қызы Гүлсім шипажайдың бастығы болып отыр. Одан кейінгі қызы Амантайдың жолын қуып, медучилищеде оқыпты. Алпысыншы жылы дүниеге келген баласы Бақыт бухгалтерлік оқуды бітірген. [...]
