Posts Tagged ‘сұхбат’
Қазиза апа айтады:
– Біздің үйге төрт-бес немісті әкелді. Онда біз баламыз. Бірімізден біріміз қорқып жаттық. Содан қазақтарды біріне-бірін кіргізіп, немістерді бөлек үйге шығарып, кейін үйренісіп кеттік. Немістермен туыстай болып кеттік қой. Балалары ауылға келіп тұрады. Неміс деген еңбекшіл халық қой. Өзіміз Глан деген неміспен көрші тұрдық. Туысқандай болып кеттік. Балаларымыз таңертеңнен кешке дейін соның [...]
Қазиза апа айтады:
– Менің шалымның 12 жасында шешесі, 14 жасында әкесі өліп, Төкеш Қанаев деген нағашысында тәрбиеленді. 1939 жылы мен педучилищеде оқып жүргенде міндетті әскерге кетіп, 1941 жылы елге қайтамын деп жүргенде соғыс басталды.
Содан бірінші күнінен бастап соғысқа қатысты. Ауылдан майданға жеті-сегіз азамат кеткен. Солардан екеуі ғана қайтып оралды. Нағашымыз жаңа туған баласына жиенім [...]
Қазиза апа айтады:
– Өңірімізде тұңғыш мектеп біздің ауылда ашылды. 1936 жылы мектепке Жұмагелді Ахметов деген тұңғыш мұғалім келді. Алғашқы сауатымызды сол кісіден аштық. Сол мектепте төрт класты бітіріп, Калинин ауылындағы жеті жылдық мектепте оқыдым. Сегізінші сыныпқа барған жылы соғыс басталды.
Менің көз алдыма мына оқиға оралды:
… Аштық пен соғыс қазақтың жадынан көп жайтты өшірді. Қырық [...]

