Posts Tagged ‘блог’

Алматыда посткеңестік елдердегі интернет мәселесі талқыланбақ
Алматыда 24 маусым күні посткеңестік елдердегі интернетті дамытуға арналған «Интернет-Альтернатива 2008» атты халықаралық конференция өтеді.

«Интернет-Альтернатива 2008» конференцияның басты мақсаты: мемлекеттік құрылымдар, коммерциялық емес ұйым мен бизнес арасында байланыс орнату. Конференцияға бірнеше елдерден қатысушылар келетіндіктен бұл өз кезегінде тәжірибе алмасуға жәрдемдесетіні сөзсіз.
 
 

 
… толық мәтін (орыс тілінде)
Дереккөзі: CNews

Толықтырылған нұсқа:
Былтыр дәл осы уақыттарда осы үйге қоныстанған едік. Сол кездегі пәтер іздегенімді мына жерге жазып қойып едім. Міне енді бүгіннен қалмай, көшу керек болып жатыр. Кешке үйге келсем, үйдің іші астан-кестен… Көшу дегенді жаным сүймейді.
Медианеттегі студенттер хат жазды ма екен деп (блог ашып, пошта ашсақ хат жазамыз деген) ию-қию уақыт ішінде пошта [...]

Кеше кездестік. Блог туралы сұхбаттасттық. Ауа райы мен интернет бағасының құбылуына қарамастан Интернеттің қазақ тілді бөлігіне алаңдайтын жандардың бірі екені анық көрінді.
Қызық… Осыдан санаулы ай бұрын тек блогын ғана оқып: “Қандай адам, тілі неткен әдемі”, - деп отырушы едім. Енді міне қарсы алдымда отыр. Алматыдағы қым-қуыт шаруаларының арасынан бірер сағатын менімен кездесуге арнапты. Респект!
Адамдармен кездесуге [...]

Менімен бірге сырласып, мұңдасып, қуанып жүрген, оқырман!
Өкінішке қарай Сені жақыннан танымаймын. Алайда үнемі оқып, кей сәттерде пікір білдіріп тұратыныңа қуанамын. Сенің кез келген пікірің мен үшін құнды да, маңызды екенін жақсы білетін боларсың.
Блогым одан әрі, қызық та пайдалы болсын десең, Арсенал777-дың блогындағы сауалнамаға жауап беріп, қазақ блогосферасының дамуына үлесіңді қосуыңды сұраймын.
Өрімтал
Суретте: sitemeter диаграммасында осы блогтың [...]