Posts Tagged ‘Теміртау’

Қазиза апа айтады:
– Біздің үйге төрт-бес немісті әкелді. Онда біз баламыз. Бірімізден біріміз қорқып жаттық. Содан қазақтарды біріне-бірін кіргізіп, немістерді бөлек үйге шығарып, кейін үйренісіп кеттік. Немістермен туыстай болып кеттік қой. Балалары ауылға келіп тұрады. Неміс деген еңбекшіл халық қой. Өзіміз Глан деген неміспен көрші тұрдық. Туысқандай болып кеттік. Балаларымыз таңертеңнен кешке дейін соның [...]

Қазиза апа айтады:

– Өңірімізде тұңғыш мектеп біздің ауылда ашылды. 1936 жылы мектепке Жұмагелді Ахметов деген тұңғыш мұғалім келді. Алғашқы сауатымызды сол кісіден аштық. Сол мектепте төрт класты бітіріп, Калинин ауылындағы жеті жылдық мектепте оқыдым. Сегізінші сыныпқа барған жылы соғыс басталды.

Менің көз алдыма мына оқиға оралды:
… Аштық пен соғыс қазақтың жадынан көп жайтты өшірді. Қырық [...]

(Жалғасы. Басы)
Қазиза апа айтады:
– Бір үйде бес бала болдық. Өзімнен кейін сіңілім бар. Одан кейін 1934 жылғы бір ұл болды. Ескендір. Содан кейінгі сіңілімнің бірі соғыс басталған жылы, ал кенже сіңілім соғыс аяқталған жылы туды. Жалғыз бауырымыз ерте қайтыс болды. Қазір біріміз Қарағандыда, екеуі совхозда, біреуі Алматыда, мен Теміртауда тұрып жатырмыз. Қараталда жетпіс бес [...]