Posts Tagged ‘ислам’
Ешкімді де жалықтырғым келмейді. Бірақ Қадір түнінде не жайлы ойлағанымды айтайын. Әрине, бірінші кезекте,
дүниенің өткінші екендігіне,
егер ертең немесе бүгін түнде жүріп кетсем, өзіммен бірге қандай амалдарымды ала кететінімді.
Қай құлшылығым қабыл болатынын,
өткен жылы, оның алдыңғы жылы дүниеден озған жақындарымды, жақсылықтарын…
“маған да дұға қыл” деген достарымды, олардың қиыншылықтарын.
Ібіліске мүмкіндік берген Аллаһтың мейірімін.
Сосын, мүмкін сенбессің, осы блог жайлы [...]
1. Алғаш рет сақал-мұрт енді-енді тебіндеп өсіп келе жатқан соң, еркіне қойғаным бар. Содан бір күні автобуста қыздар орын беріп, кітап дүкенінде екі қыз бала: “Молда келе жатыр”, - деп әңгімелерін сап тыйғаны бар. “Е-е, молданың танго мен ча-чаны қалай билейтінін көрмеген ғой олар”, - деймін қазір ішімнен
2. 2006 жылдың 11-қыркүйегенде Нью-Йоркқа [...]
Сірә,бізге тыныштық жоқ тұрмыста,
Іздеме оны,
Табамын деп тырмыспа.
Тыныштық жоқ,
Тыныштық бар-мәңгілік,
Тындырып бақ, ғұмыр қысқа, күн қысқа.
Тіршілікте тыныштық жоқ тұрмыста.
Демалыс ап, Кавказ, Қырым барғаның-
Бәрі өкініш,
Өзіңді өзің алдауың. (Толығырақ…)
Исламда пайыз жүйесіне қатысты тиым өте анық, әрі нақты айтылған. Бұл тиымды тек осы аятта ғана емес, Құранның өзге де бөлігінен кездестіреміз. Мәселен, жомарттықты түсіндіргеннен соң, оның қарама-қарсы жағының қауіпті тұстары суреттеледі. Ысырапшылдықтың зұлымдығы мен соңынан әкелер кесапаты айтылады. Төмендегі орысша мәтінді тұтастай қазақ тіліне аударуды жөн көрмедім. Егер аудармасын көрсетуде жөн деп [...]
Жаңа «Таулы қыраттағы» мешітте болып едім. Намаздан соң мешіт имамы қысқаша құлақтандыру жасады.
Бүгін сағат 19.30 да “Алматы” телеарнасында
07 маусым күні сағ. 12.00-де “Астана” телеарнасында
09 маусымда сағат 00.30-да “31″ телеарнасында
“Тәубе” (мешіт сыртындағы хабарландыруда орысша “Покаяние” деп жазыпты) атты Қазақстан Мұсылмандарының діни басқармасы мен Прокуратураның бірлесіп түсірген фильмі көрсетілмек. Негізі жақсы бастама ғой. Бірақ халықтың көпшілігі қарайтын [...]
Әділбектің блогындағы “туған күн бе, қуған күн бе” деген жазбаны оқыған боларсың.
Пайғамбарымыз (с.а.у):
“Аллаһ Тағала айтты:
“Иә Адам баласы, сен Менен үмітіңді үзбей
кешірім сұрап жүрсең Мен де сенің күнәләріңнің аз-көбіне қарамай кешіріп отырамын!
Иә Адам баласы, егер сен аспандағы бұлттарға жететін күнә жасап, одан кейін Менен кешірім сұрасаң, Мен сені кешіремін!
Иә Адам баласы, расында, егер сен сонша күнә [...]
Ш.Құдайбердіұлы кітабынан:
Пілдің бар жақсы көретұғын жемісін жүретұғын соқпаққа шұбатып шашып, оны тереңдеп барып тұйық жар қылып қойса, піл жемісті тере-тере тұйыққа қамалады. Сонда артын бекітіп қойып біреу ұрған болып, біреу арашалап алып әлгі жемісті беріп, үйір қылып алып көп жүк артып һәм ойнатып жетелеп жүреді.
Маймыл адам не қылса, соны қылуға құмар. Оны біліп тұрушылар маймылға [...]
Ертеде бір жас бала әке-шешесін тастап, мұхиттың арғы жағына білім іздеп кетіпті. Ілім-білімге қанығып, елге оралған соң, ата-анасына: «Үш сауалыма жауап беретін дін ғалымын, я болмаса данышпанмен жолықтыруын» өтініпті. Жалғыз баласының сөзін жерге тастамаған қарт әке-шеше бір мұсылман ғалымды тауып әкепті. Жігіт көрген бетте: «Сен кімсің?» деп сұрапты. Қарт кісі: «Мен Аллаһ Тағаланың құлымен және [...]
Саналы мұсылман адам назар аударып қараса, ғайбатшыны ғайбатқа, өсекшіні өсек айтуға итермелейтін нәрселердің бірнеше себептері бар. Олардың негізгілері мыналар:
Өзінің жеңіске жетуіне әркеттену және ғайбатталушы адамға деген көкірегіндегі ашу-ызаның отын басуға тырысу. Оны ғайбаттап, оған жала жауып, басқалармен араларын бұзу үшін [...]
Үлкен кісілерден күнде сұхбат ала бермейсің. Олармен сұхбаттасқанды жақсы көремін. Әсіресе шежірешіл қарттарды. Қазиза апаның көргені мен көңілге түйгені көп. Мен кітаптан оқыған тарихты ол кісі басынан өткерген. Бәрін әп-әдемі айтып берді. Қазиза апа сұхбат алғаннан кейін ұзамай қайтыс болды. Марқұм апамыз газет бетінде жарық көрген бұл мақаламды оқыды ма, оқымады ма білмедім. Осыдан үш-төрт [...]

