Posts Tagged ‘өлең’

Көңілдің бұздым қамалын,
Қапаның таппай амалын…
Сағындым туған өлкемнің
Еркелей ескен самалын!!! (өрімтал)

Қоя жесең қой қалады

Тарта жесең тай қалады

Қоймай жесең не қалады?

***

Есеппен ішіп-жегенге,

Жібі үзілмес құт келеді.

Есепсіз тиіп-жегенге,

Елден бұрын жұт келеді

Сірә,бізге тыныштық жоқ тұрмыста,
Іздеме оны,
Табамын деп тырмыспа.
Тыныштық жоқ,
Тыныштық бар-мәңгілік,
Тындырып бақ, ғұмыр қысқа, күн қысқа.
Тіршілікте тыныштық жоқ тұрмыста.

Демалыс ап, Кавказ, Қырым барғаның-
Бәрі өкініш,
Өзіңді өзің алдауың.
Continue Reading »

Өткенде газеттің кезекшісі болған едім. Баспаханадағы қыз бала газеттен екенімді біліп, мына өлеңді ұсынған еді. Ауылындағы бір ақсақал жазған екен. “Мүмкін болса, жарияларсың” деп өтінді. Қарап шықтым, Шымкенттегі бейкүнә сәбилердің СПИД-тің тырнағына іліккенін өлеңіне арқау етіпті.

  • Жайма шуақ Шымкент күні сарала суық күз қылып,
  • Бос тербеліп әткеншек тұр соққандай бір ызғырық.
  • Сәбилерде сыңғырлаған қуаныш күлкі жоқ бүгін,
  • Жас ғұмырды ілді ме әлде СПИД деген қыл құйрық.

  • «Бос бесікті» әткеншекті ызғырық жел тербетпе,
  • Көз жасы да аз аққан жоқ, долы жауын, селдетпе.
  • «Бұл өмірге неге әкелдің ойнатпасаң» дейтін дей,
  • Әке байғұс жер шұқиды қарай алмай перзентке. Continue Reading »



  • Бөлімдер

  • Беттер

  • Сәлем!

    Блогыма қызығушылық танытқаныңа көп рахмет. Хабарласқыңыз келсе, төмендегі э-поштаға хат жолдаңыз. mailonpix.ru Creative Commons License Site Meter
  • Copyright

    © Askhat Yerkimbay and urimtal, 2012.

    Unauthorized use and/or duplication of this material without express and written permission from this blog’s author and/or owner is strictly prohibited. Excerpts and links may be used, provided that full and clear credit is given to Askhat Yerkimbay and urimtal with appropriate and specific direction to the original content.

  • RSS “Мінбер” газетінен

    • Зейнеткерлік аннуитет шартын бұзып, ақшаны қайтарып алуға бола ма?
      Жанар: Мен кезінде аннуитеттік зейнетке шыққан едім. Алайда оларда сақтандыру төлемдері үшін өтемақы қарастырылмаған екен. Яғни экономикалық жағдай ушығып, ұлттық валюта құнсызданып кетсе, бұл зейнетақы қайта есептелмейтін көрінеді. Мен енді зейнеткерлік аннуитет шартын бұзып, ақшамды кері қайтарып ... […]
    • Көк қасқа ат
      ...
    • Батыр Баянға ескерткіш орнатылды
      Керекуде қазақ рухы асқақтады! Бүгін Мағжан ақын жырлаған батыр Баянға қаланың қақ ортасында ескерткіш орнатылып, салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Бұл тәуелсіздік алған 23 жыл ішінде облыс орталығында қазақ батырына орнатылған ең алғашқы ескерткіш екен. Бұдан былай айбатты Баян батыр Ресейден кір... […]
  • Соңғы жазбалар

  • Алдыңғы жазбалар

  • Өзгерістер жолындағы репортаждар

  • Блог бастаушыға арналған кеңестер

  • Экологиялық журналистика

  • RSS-Өрімтал


Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 3,993 other followers