Айтпасқа болмады

кездесуЕкеуміз Сейфуллин мен Бөгенбайдың қиылысында кездесеміз деп келістік. Поштамдағы чатыма: “Он бес минуттан соң боламын. Құстай ұшып барамын” деп хат қалдырды. Уақыт болды-ау дегенде уәделі жерге шықтым. Көрінбейді. Телефоным шыр етті. Қабанбай мен Бөгенбай көшелерін шатастырып алыпты. “Көлігіңмен төмен қарай түс” дедім. Бес минуттай уақыт өтті. Телефоным тағы да белгі берді. Айналама қарасам, көшенің арғы бетінде тұр. Үстіндегі пальтосы өзіне сондай қонымды. Мені көріп, қуанғаны алыстан ақ байқалып тұр. Құшағын ашып, маған қарай жүгіріп келеді. Келді де, құшақтамаққа ұмтылды… Аң-таңмын. Эмоциясын жасыра алмайтынын бұрыннан білетін едім. Өткендегі бір аударма үшін қағаздарын көрсетті. Қол қойдым. Рахметін жаудырып, өз шаруасымен кетті.

Жұмысқа келген соң, бірінші кезекте оған хат жаздым. Continue reading

Нигара мешіті

Қасымызға палестиналық Мұса есімді бала келіп орналасты. Осы пәтерде өзгелерден ең ұзақ тұрып келе жатқан “ақсақал” болғандықтан, үйдің ішкі ережелерін таныстырумен қатар, қаланың кейбір тұстарын да көрсететін әдетім бар. Мәселен, арзан тамақ қайда бар, қай станциядан түсіп, қайда бару керек деген тәрізді. Мұсаны Ұлттық мешітке ертіп апарғанмын.

Бұлар Ұлттық мешітті “Нигара масджид” деп атайды. DSC00169 Туристер де осы мешітті көруге көптеп келеді. Мешіт архитектурасында әртүрлі стильдер аралас тәрізді. DSC00159 Бірақ сыртқы пішінінде модерн басым.

Continue reading

Шаһ Аламдағы Көк Мешіт

Ашық кеңістікте жалғыз қалудан қорқатын жандар бар. Бірақ мен ондайлардан емеспін. Мешіт ішіндегі кеңістікті, мүлгіген тыныштықты жақсы көремін. Малайзиядағы ең үлкен мешіттің бірі Путраджаядағысы деп ойлап жүргенмін, кеше көрші түрік Ешреф: “Көк мешітке баралық!” дейді. Интернеттен көріпті. Шаһ Аламда деген соң: “Барсақ, баралық” деп, бүгін таңертең сол жаққа жиналдық.

Will pray after 5 min

Continue reading

Ашура күні құлшылығымыз көбейсін!

атамның жайнамазы

атамның жайнамазы

rasulullah.kz хадис-тарату торабына алғысымды білдіремін. Туыс-туғанды аралап жүріп, ертең Ашура екенін ұмытап та кетер едім. Осы жолы үйге барғанда әжеме соқтым. Атамның 5 уақыт намазын қаза жібермегенін, арнайы молдадан жас кезінде білім алғанын, тіпті Оразада тарауихта да атам имамдыққа шыққанын естіп қуандым (Яғни, Құран кәрімді жатқа білген деген сөз ғой). МашАллаһ! Ол кездің аталары қария (араб. қари – Құранды жатқа білетін  жақсы оқитын адам)еді ғой (Түзеткен Бақытнұрға рахмет)! Тіпті бір атамда дұғалығы, бір атамда (әкемнің үлкен ағалары – үлкен әкелерім) жайнамазы сақталыпты (суретте). Исағазы атам 1900 жылы дүниеге келген. Мынау жайнамаз сол 1930 жылғы аштықты, 1937-38 жылғы репрессияны көрген тарихи жәдігер.

Мұхаррам айы мен осы айдағы Ашура күні дінімізде, қала берді діндер тарихында ерекше орынға ие. Ашура күні – Мұхаррам айының оныншы күні. Бұл күн биыл қаңтар айының 7-жұлдызына сәйкес келеді

делінген олардың сайтында. Сонымен бұл күні ислам тарихында мынандай қызықты оқиғалар болған:

 

1.Мұса (а.с.) пайғамбардың мұғжизасы. Ол осы күні теңізді жарып шығып, Ферғаунды әскерімен қоса теңізге батырады.

2.Нух (а.с.) пайғамбар кемесін Жуди тауының үстіне осы күні тіреген.

3.Юнус (а.с.) пайғамбар балық ішінен осы күні құтылған.

4.Адам (а.с.) пайғамбардың тәубесі осы күні қабыл болған.

5.Юсуф (а.с.) пайғамбар бауырлары тастаған құдықтан осы күні шығарылған.

6.Иса (а.с.) пайғамбар осы күні дүниеге келген және осы күні көкке көтерілген.

Әрі қарай оқимын десеңіз мында өтіңіз.Ашурада қосымша атқарылар 7 іс жайлы блогымның өткен жылғы жазбасынан оқып таныса аласың. Дұғаң қабыл болсын!Әке-шешемізге, туыс-туған, бауырларымызға дұға қылуды ұмытпайық!

Ислами қаржыландыруды мәжіліс бекітті

Islamic financing boom going on these days

Islamic financing boom going on these days

Ислами қаржы құралдары бұйртса, келер жылы енгізілетін түрі бар.
Ислами қаржыландыруға байланысты заң жобасы мәжілістен өтіп, сенатқа жіберілді. Бұл туралы ҚР Парламент мәжілісі аппаратының баспасөз өкідері хабарлады.

Заң жобасының басты мақсаты ислами қаржы құралдарын енгізу болып табылады. Осыған орай ҚР Азаматтық Кодекске ислами қаржыландырудың ерекшелігіне байланысты арнайы нақтылаулар, ҚР Салық кодексінің ислами қаржы құралдарына салық салу бөлігіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделуде.

Заң жобасын қабылдау қаржыландырудың балама көздерін енгізуге мүмкіндік береді және дәстүрлі қазақстандық банк қызметтеріндегі пайыздық ставкаларды төмендетуге септеседі.

Айттым ғой жапондарға ұқсаймын деп…

Urimtal is the Best Blog Dart Thinker. Ағылшын тілді блогшы блогымызға осылай баға берді :)

looks Japanese at first glance

looks Japanese at first glance

Алматыға алғаш келіп, ағылшынша тіл сындырып жүргенде Гоголь мен Қалдаяқовтың бойынан бір турист апаларды көргенмін. Адасып қалған екен, көмектесе қояын деп (негізі ағылшынша сөйлескім келіп, тұр еді) қастарына барып: “May I help you?” дегенімде олар тіксініп қалған. Сөйтсем, зейнеткерлікке шығып, ел аралап жүрген француз апалар екен. Жастарын шамамен 60 пен 70-тің арасы деп шырамыттым. Біздің әжелер бұндай жаста немересін бағып үйде отырар еді. Содан әлгі апамыз көмегімнен бас тартты да, шамалыдан соң артымнен қуып келді. Сосын: “Сіз жапонсыз ба?” деп сұрады. Өзімнің жапонға ұқсайтынымды сол кезде біліп едім. Кейін, КИМЕП-те ағылшын тілі курсына барғанда, Нью Йоркта, Ригада, Прагада, Украинада жүргенде жұрт мені жапон деп ойлаған. Шетелде намыстанып, басыма қара тақия киіп алуға тура келген еді. Бүгін көшпелі қазақтың блогын оқып отырсам, маған арнайы жүлде тағайындапты. Сосын жапонға ұқсайтын қазақ блогшысы депті.

My next award goes to Asqat who is very Kazakh but looks Japanese at first glance, he has a blog that is in Kazakh language but ocassionally he slips into blogging in English. I trust that what he writes is a good perspective on life in his country of Kazakhstan, it was pleasant to meet him last spring.

Жылаймын ба, қайтем енді…

Алматы мешіті туристің көзқарасын өзгертті

Азан айтылған соң, намаз оқуға кеткенде мешіттің маңы қаңырап қалады. Сол кезде шетелдіктер келіп, біздің мешітімізді суретке түсіріп алады екен ғой. Мынау сондай бір туристің түсірген суреті. Негізі біздің Орталық мешіт шынымен де әдемі. Ағылшынтілді блогтардың көбінен суретін кездестіргенмін. Шетелден келген қонақ:

Visiting the mosque help me learn more about culture

Visiting the mosque help me learn more about culture

«Қаланы аралап жүріп, азанды естіген соң осы жерге келдім. Жұрттың бәрі намаз оқуға кеткенде мешіттің айналасы тым-тырыс болып қалды. Шынымды айтсам, сенбі күні мешітке келуім менің мәдениет туралы ойларымды түбегейлі өзгертті»

деп жазыпты. Кеше осы мешіттен 200 ге жуық адам Қажылық сапарға аттанды. Ертең тағы біразы Қағбаға тәу ету үшін ұшаққа отырмақ. Бүгін досым әуежайға барып, тағы бірнешеуін шығарып салды. Біз үшін де дұға қылыңыздар, қажылар!

Қадір түнінде не жайлы ойлағанымды айтайын

Ешкімді де жалықтырғым келмейді. Бірақ Қадір түнінде не жайлы ойлағанымды айтайын. Әрине, бірінші кезекте,

  1. дүниенің өткінші екендігіне,
  2. егер ертең немесе бүгін түнде жүріп кетсем, өзіммен бірге қандай амалдарымды ала кететінімді.
  3. Қай құлшылығым қабыл болатынын,
  4. өткен жылы, оның алдыңғы жылы дүниеден озған жақындарымды, жақсылықтарын…
  5. “маған да дұға қыл” деген достарымды, олардың қиыншылықтарын.
  6. Ібіліске мүмкіндік берген Аллаһтың мейірімін.
  7. Сосын, мүмкін сенбессің, осы блог жайлы ойладым. Continue reading

Құранда өсімқорларға арнайы ескерту бар

Исламда пайыз жүйесіне қатысты тиым өте анық, әрі нақты айтылған. Бұл тиымды тек осы аятта ғана емес, Құранның өзге де бөлігінен кездестіреміз. Мәселен, жомарттықты түсіндіргеннен соң, оның қарама-қарсы жағының қауіпті тұстары суреттеледі. Ысырапшылдықтың зұлымдығы мен соңынан әкелер кесапаты айтылады. Төмендегі орысша мәтінді тұтастай қазақ тіліне аударуды жөн көрмедім. Егер аудармасын көрсетуде жөн деп тапсаңыз, оны да айта отырыңыз. Егер аудармашылар аударуда жәрдемдесемін деп жатса, қуаныштымын J

Бақара, 275-аят:

Сондай өсім жегендер, (қабырларынан) жын соғып тұрғандай есеңгіреп тұрады. Бұл олардың: «Сауда да бейне өсім» дегендіктерінің салдарынан. Негізінде Алла сауданы халал, өсімді харам еткен. Сонда кім Раббынан насихат келгенде тыйылса өткені өтіп кетті. Оның ісі Аллаға тән. Ал және кім қайталаса, міне солар тозақтық. Олар онда мәнгі қалады. (Құран Кәрім Қазақша мағына және түсінігі, 47-бет) Continue reading