Екі іс ұсынылған болса, жеңілін қалайтын…

Бір шешімге келе алмай қиналып жүр едім, бүгін электронды сандығыма мынадай хадис келіп түсті:

“Қайбір уақытта Аллаһтың елшісіне (с.а.у)
екі іс ұсынылған болса ол әрдайым күнәсі болмаса жеңілін қалайтын, ал егер оның
күнәсі болса, онда ол адамдардың ішіндегі одан ең алшақтаушысы болатын. Аллаһтың елшісі (с.а.у) өзі үшін еш уақытта кек алмайтын, ал егер Аллаһ Тағаланың харам еткен нәрселері орындалса, онда ол Аллаһ Тағала үшін кек алатын.”

(Айшадан (р.а) Имам Бухари,
Имам Муслим риуаят етті)

Э-поштаңызға хадистердің келуін қаласаңыз,
мына адресті оларға жіберіңіз:
http://www.rasulullah.kz/join.html

 

Жындысың ба?

Мынаны оқып, төбе шашым тік тұрды: Оңтүстік Қазақстан облысында өзін дұғалатты деп анасын айыптаған жігіт оны өлтіріп тастады.

Bir ben vardır bende benden içeri

Yunus Emre

“Жыныма тимеші”, “Жыным кеп тұр”, “Жындысың ба?”, “Жынданып кеттім”… Тілдік қорымда жынмен тіркесіп келетін сөздердің көп екенін аңғармайды екенмін. Серік “Жындармен сұхбат” деген бір диск әкеп берген. Соны көрудің сәтті осы демалыс күндері түсті. Бұған дейін жындар туралы тиіп-қашып оқығаным болмаса, я жын кіріп, ауырғандар туралы әңгімелер болмаса, бірнеше жыннан қатар сұхбат алғанын алғаш көрдім. Таңқалдым. Аллаһ адам мен жынды өзіне құлшылық ету үшін жаратқанын есіме қайыра түсірдім.

Апыр-ай, олар да біз қатарлы екен-ау деген ойдан арыла алмадым. Жынның адам ішіне кіріп кетуі де жылдам екен. Аузымыздан “жынды”, “жыныма тиме” деген сөздер қалай тез шығып кетсе, солай жылдам енеді екен. Кәрімнің де жазбасын оқып, ол жерден де әлгі сөзді кезіктірдім.

Сөйтсем тікелей жындар әлеміне қатысы бар таныстарым өз арамызда да жүр екен. Тіпті бірі жақын құрбысының қалай емделгенін де айтып берді. Бастысы иманыңды күзетіп сақтанып жүру керек екен. Әйтпесе, адамның жынданып, сиқырланып қалуы оңай ма деп ойлап қалдым.

Айтпақшы, жынданудың алғашқы симптомы үздіксіз түсініксіз түстер көру деп естідім. Анық-қанығын қайдан нақтыласа болады екен…

Киевтегі ар-Рахма мешіті

Киевте нөсерлетіп тұрғанына қарамастан Саша екеуміз Киевтегі мешітті іздеуге шықтық. Саша Киевте туып өссе де, ешқашан мешітте болмаған екен. Содан менімен бірге еріп баруға бірден келісімін берді.
Мешіт Киевтің Татарка деген бөлігінде орналасқан. Ол жаққа қоғамдық көлік жиі жүреді. Іздеген адресімізді оңай таптық. Көшедегі бір-екі жігіттен мешіттің қай жақта екенін сұрап едім, жөн сілтеп жіберді. Аллаһ разы болсын. Бір қызығы мешіттің қасында христиан бейіттері (син: мола, қабірстан ) орналасқан.

Толығырақ….

Continue reading

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) адамгершілік қасиеттері

Бүгін Мәуліт түні. Осыдан бірнеше жыл бұрын осы күнге орай Күлпара екеуміз мынадай бір мақала әзірлеген едік. Соны қайыра ұсынып отырмын.

Аллаһ Тағала сүйікті Елшісі Мұхаммед (с.а.с.) арқылы дүниеге жаңа өмір берді. Ол негізін қалап, жүректерге орын тепкізген иман (сенім) сәулесінің арқасында қате, жалған сенімдер жойылды. Надандық орнын ілім, зұлымдық орнын адамға деген сүйіспеншілік басты. Ислам бауырластығы құрылды. Әйел отбасында да, қоғамда да лайықты орнын тапты.

Continue reading

1937 жыл Қазиза апаның көзімен

(Жалғасы. Басы)

Қазиза апа айтады:

ҚабірстанБір үйде бес бала болдық. Өзімнен кейін сіңілім бар. Одан кейін 1934 жылғы бір ұл болды. Ескендір. Содан кейінгі сіңілімнің бірі соғыс басталған жылы, ал кенже сіңілім соғыс аяқталған жылы туды. Жалғыз бауырымыз ерте қайтыс болды. Қазір біріміз Қарағандыда, екеуі совхозда, біреуі Алматыда, мен Теміртауда тұрып жатырмыз. Қараталда жетпіс бес жыл тұрдым. Әсіресе Сталиннің қазақтың көзі ашық азаматтарының басын шапқаны есімде қалды. Шындығында отыз жетінші жылы қазақтар өздерін өздері құртты ғой. Қарқаралыда қай үкмет келіп біздің ауылды сығалап тұрды?! Біріне бірін айдап салғандар көп болды ғой. Есімде мына бір оқиға қалыпты.

Менің көз алдыма мына оқиға оралды:

Дәу де болса, шаңдатып келе жатқан мына қара менің артымнан қуып келеді, – деді нағашы. Әу бастан не деп келе жатқанын түсінбеген қонақ бала атының басын тартты. Қараның жүзі сұп-сұр әй-шәйға қарамастан нағашының қолын қайырып, қонақ баламен бірге алып кетті. Кейін жұрт нағашы түнде қонақта отырғанда байқамай бір сөз айтып қалғанын, бір қазақтың кейін соны Қарқаралы милициясына ұстап бергенін сып-сып айтып жүрді. Нағашым сол кезде: «Әттең арманыма жете алмадым», – деп аһ ұрыпты. Біріншісі, қапыда кетіп бара жатырмын. Содан кейінгі арманым ертіп бара жатқан қонағымды үйге апарып қонақ ете алмадым деп өкініп кетіпті, жалған…

Қазиза педучилищеде оқып жүрген. Сабақтан соң жастар мұғалімін ортаға алып, жыр оқи бастады. Жастардың өлең-жырға деген махаббаты адастырды ма, ағай ескі халық әнін айтып берді. «Е, мына сорлы ертеңгі күнін біле алмай айтып отыр ғой», – деп қалды Қазизаның қасындағы бір жігіт. Айтқанындай болмады, ағайдың салған әні өзіне сор болып жабысты. Оқушылар әнші ағайды одан кейін еш көрмеді.

(жалғасы бар)

Ислами блогтарға саяхат

489156156-wince.jpg

Бүгін ислам тақырыбына арналған қазақ тіліндегі жаңа бір блогқа жолықтым. Байқаймын, халыққа дінді жеткізгісі келетін блогшылар көбейіп келеді. Соған орай, өзім білетін блогтарға шолу жасағым келіп отыр.
Хадис ілімдеріне кіріспе деген жазбамен толықтырылған блогтың иесі жайлы еш мәлімет көрсетілмеген. Тек блогтың атына қарап, Ажар есімді қыздың әкесі болар деп топшылай аламын. Алғашқы жазбаларының бірінде блог пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) сүннетіне, дәлірек айтқанда хадистеріне арналатынын автор былай ашып түсіндіреді:

Барлық ілімдер көзі ол-Құран және пайғамбар (с.а.с) сүннеті. Ал Аллаһ кітабы Құранды қалың үмметке жеткізіп, оны түсіндіруші құрал ол-сүннет. Осы орайда халқымызға имам Науауй жинақтаған «Қырық хадис» атты кітаптағы хадистерді келтіріп, сонымен қатар ол хадистерді түсіндіріп өтуді жөн санадық.

Continue reading

Пайғамбарымыз туралы шығарма жазып, байқауға қатысқың келсе…

Кейбір оқырмандарым өтікізіліп жатқан Шығармалар байқауына қатысты біраз сұрақтар қойған еді. Орайы келген соң, соларға жауап бергім келеді. Кеше Қазақстан Мұсылмандарының Діни Басқармасында болдым. Осы байқауды ұйымдастырушыларға жолықтым. Оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарды оларға да қойдым.
Сонымен, егер, аталған байқауға қатысқың келіп, шығарма жазған болсаң, өз шығармаңды оларға жөнелтудің үш түрлі жолы бар:
1. Пошта арқылы: 050004, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 64/2 үй, 33 пәтер,
Тел/факс: 8(727)2456 097
2. Электронды пошта арқылы: islam_publish[at]mail[нүкте]kz
3. Өзің редакцияға келіп, әкеліп тапсыру: Алматы қаласындағы Орталық Мешіт қасындағы ҚМДБ ғимаратының бірінші қабатында, 050016, Алматы қаласы, Пушкин көш., 16 үй

Негізі ұйымдастырушалар:

“Пошта арқылы жолдаса да, конверттің ішіне шығарманың электронды нұсқасы сақталған дискет болғаны жақсы”

деді. Себебі ұнаған шығармаларды олар газет бетіне жарияламақ ойда. Сәттілік тілеймін!

Жаңа мұсылмандар жарты адам ба, толық адам ба?


Алматы қаласындағы Астана алаңында орналасқан Қазақ-Британ Техникалық Университетінің (ҚБТУ) ғимараты бұрынырақта қып-қызыл атеистердің бас ордасы еді. Өткен аптада сол еңселі ғимарат «Құранға бастар жолда» атты тақырыптағы конференцияға есігін айқара ашты.

Осылайша қазақ тәуелсіздігі орыс империясы тұсында қазақ санасына қонған атеизмнің шаңын қақты. Сол жылдары білетіндер Қызыл Одақ күйреген соң, либерализмнің таңы атады деп сәуегейсіді. Америка философы Фрэнсис Фукуяманың бұл пікірін америка саясаткері Самуель Хантингтонның «Өркениеттер қақтығы» теориясы жұтып қойды.

«Ойдан шығарылған теорияның қалай десек те жақтастары көп. Бірақ менің ойымша, діндер бұл күндері өзара диалогқа зәру. Әлем қараңғылық материясына батқаны сонша, руханият ысырылып қалды. Адамзат қазір діннің ізгілікті-әдеп құндылықтарын іздеумен әлек. Бүгінгі мұсылмандардың миссиясы жоғалтқан балансты қалпына келтіру», – дейді «Әлбаракат» қайырымдылық қорының арнайы шақыртуымен Қазақстанға келген «Құран. Аудрмасы мен мағынасы» кітабының авторы Эльмир КУЛИЕВ.

Continue reading