Менімен бірге сырласып, мұңдасып, қуанып жүрген, оқырман!

Өкінішке қарай Сені жақыннан танымаймын. Алайда үнемі оқып, кей сәттерде пікір білдіріп тұратыныңа қуанамын. Сенің кез келген пікірің мен үшін құнды да, маңызды екенін жақсы білетін боларсың.

Блогым одан әрі, қызық та пайдалы болсын десең, Арсенал777-дың блогындағы сауалнамаға жауап беріп, қазақ блогосферасының дамуына үлесіңді қосуыңды сұраймын.

Өрімтал

Суретте: sitemeter диаграммасында осы блогтың оқырмандары

қай елден екені көрсетілген

 

 Қостанайдағы семинарым жаңа ғана аяқталды. Өте қызықты өтті. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай университетінің журналистика факультетінің 1-2 курс студенттері қатысты.

 

Бұрын-соңды блог дегенді естімеген екен. Сөйтіп біразы блог ашты, өздеріне пошта ашып алды. Өте ұлтжанды жастар. Сөздеріне қарағанда Қостанайда тіл мәселесі аса өткір тұрған жоқ. Себебі қазақтардың өздері орысша сөйлеп кете беретін көрінеді. Десе де қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін көптеген шараларды қолға алу керек дейді. Жалпы жақсы қарсы алды. Қала тыныш. Машиналардың у-шуы естілмейді. Кеше мешітке бас сұққанмын. Ақмешіт деген қала орталығында орналасқан әдемі мешіттері бар.

Қостанайдағы семинардан суреттер  

 

Таңертең ертерек тұрдым. Қостанайға ұшағым сағат 10.25-те ұшуы керек. Сағат 07.00-де интернетке отырып едім, әлгі жазбаны жаздым. Мәссағанды ақтардым, блогтарды бір сүзіп шықтым. Уақыт зу етіп өтіп кетіпті. Үйден асығып шыққанда сағат 08.50-ді көрсетіп тұрғаны есімде.

Таксимен әуежайға жетіп, екінші қабатқа жүгіріп жетсем, ұшақтың Қостанайға ұшып кеткеніне 20 минут болыпты. Маңдайымнан мұздай тер бұрқ ете қалды.

(more…)

Көптен бері Солтүстік өңірлерді көрсем деп ойлап жүруші едім. Ресеймен шекараласатын өлкелерде орыс ділі қатты сіңісіп кетті дегенді еститінмін. Соны көзбен көріп қайтатын мүмкіндік туып тұр. Бүгін бұйырса, Қостанайға барамын, ИншАллаһ.

Қостанайды Нұргелді есімді блогшымыз бар еді. Бірақ ол қазір Прагада бір семинарда жүр. Енді маған ол жақта кім шәй берер екен, ә? Әлгінде “мәссағандатып” отыр едім. Өрімтал деген атпен тіркелген бір мүшесі “Алдамшы” атты бір өлең жариялапты. Мені бірінші кезекте “өрімтал” деген аты қызықтырды. Жұрт енді блогыммен байланыстырып, шатастырмаса екен деп ойлап жүрмін…

Ерте ертеде бір жас жігіт өмір сүріпті. Бір ғана міні бар екен. Өте сабырсыз болыпты. Содан әкесі оған бір қапшық шеге беріп: “Балам, сабырсыздық танытып, ашуыңа ие бола алмай, әлдебіреуді ренжіткен кезде есікке бір шегеден қағып отыр”, - депті.

Алғашқы күні әлгі “батыр” 37 шеге қағыпты. Келесі аптада есіктегі шегелердің саны азайып, уақыт өте келе өз нәпсісін қадағалай алатын дәрежеге жетеді. Нәтижесінде шеге қаққаннан гөрі, ашуды ақылға бағындырғанның жақсы екенін түсінеді. Содан бала есікке бiр де бір шеге қақпаған күні әкесіне келеді. Әкесі сол кезде: “Ұлым, енді ашуланбаған күні бір шегеден алып отыр” деп кеңес береді. Жігіт бұл істі тез аяқтайды да әкесіне есікті барлық шегеден тазалағанын жеткізеді.

Сол күні кешке күн ұясына қонған сәтте әкесі оны есіктің алдына әкеліп: “Балам, жарайсың! Нәпсіңе ие бола білдің. Алайда, есікте қанша ұңғыма қалғанын байқадың ба? Сен де бір адамды ренжіткен кезде оның жүрегін жаралайсың. Одан қанша рет кешірім сұрасаң да, есікте қалған шегенің ізіндей ізі қалады. Қалған көңіл шыққан жанмен бірдей деген осы. Сақ болғайсың” депті. Мына жерден аудардым

IMG_2330 (WinCE)

Ешқашан да туған күнімді Украина коммунистерінен мұраға қалған бункер ішінде қарсы аламын деп ойламаппын. Жалпы соңғы ай күтпеген оқиғаларға толып кетті емес пе?
Кинопалас. Кеше қаланы біраз аралаған соң, кешке Владко бізді кинопаласқа (кинотеатрға) ертіп апарды. Француз киносының аптасы екен. Азғынға толы, француздардың қала махаббаты мен сезімі араласқан бір фильмді тамашаладық. Украин тілінде аудармасы болғанымен жылдам сөйлеген кезде кейбір сөздерін түсінбей қалдым. Бірақ қалай да киноның жалпы ойын ұғып қалдым. Екінші рет ол киноны көрмейтін шығармын.

(more…)

Львовте неміс шапқыншылары бомбылап кеткен үйдеміз. Таңертең пойызбен келдік. Львов өте әдемі қала екен. Дені украиндықтар. Aleksandr бізді өзінің Владко деген досының үйіне ертіп келді. Қалаға кіре бергенде орталық алаңнан әлдебір жастардың протес жасап жатқандарынын үстінен түстік. Жай ғана жергілікті үкіметтің ісіне наразылықтарын білдіріп жатыр екен. Владко: “Ақша үшін істеп жатыр ғой” деді.

Киевте нөсерлетіп тұрғанына қарамастан Саша екеуміз Киевтегі мешітті іздеуге шықтық. Саша Киевте туып өссе де, ешқашан мешітте болмаған екен. Содан менімен бірге еріп баруға бірден келісімін берді.
Мешіт Киевтің Татарка деген бөлігінде орналасқан. Ол жаққа қоғамдық көлік жиі жүреді. Іздеген адресімізді оңай таптық. Көшедегі бір-екі жігіттен мешіттің қай жақта екенін сұрап едім, жөн сілтеп жіберді. Аллаһ разы болсын. Бір қызығы мешіттің қасында христиан бейіттері (син: мола, қабірстан ) орналасқан.

Толығырақ….

(more…)

 

IMG_2305 (WinCE)

- Қазақстан дейсіз бе? Бай ел ғой. Бірақ автократия бар ғой деймін.

Бүгін Қазақ елінде болып көрмеген бірақ Қазақстан туралы көп естіген украиналық жастың аузынан осы сөзді естіп ойланып қалдым. “Қазақстан өзінің демократиялық жолын қалап жатыр” деп айтқаныммен бұл сөзімде шынайылықтан гөрі, күдіктің басым болғаны анық еді. Бір емес бірнеше украиналықтардың аузынан: “Байлығы тасып жатқан ел, бірақ даму жағынан бізден бес жылға артта қалған” дегенді естисің. Бәлкім еуропаға жақын әрі белгілі бір деңгейде орыс ықпалынан құтылғандықтан солай дейтін шығар деп ойладым да қойдым. Мен бұл елде қонақпын ғой…

Әлгінде метроның эсколаторымен түсіп келе жатқанда анық аңғардым, Киевте “”украиндықтардың өз өздеріне деген сенімдерін оятуға бағытталған жарнамалар өте көп. Жаңаеуразияда жарнама туралы көп жазып жүргендіктен, еріксіз киевтегі жарнамаларға көзім түскен. Себебі бұл елде оның барлығы тек қана мемлекеттік тілде. Мәселен, метродағы көлік ішінде Інжілдің үзіндісі бар.

Қай жаққа қарасаң да, кәсіпкер украин, спортсмен украин, отбасының ұйытқысы  болған украин, әдемі украин, әртіс украин, әкім украин, Отанын шексіз сүйетін украинның күлімдеп тұрған суреттерін көресің.

Бұның барлығы жалпы халыққа үлгі болатын жанның күні бойы көз алдында тұруына алып келері сөзсіз.

Украина қазір кімге арқа сүйесін? Өз аяғынды нық тұр деуге де ерте. “Бөрі арығын білдірмес….” тің кебін киіп тұр. Таңертең жұмысқа жанталасқан, ал кешке жұмыстан шаршап келе жатқан, көздерінде бір мұң бар адамдарды көрдім. Бірақ олар өз елдерінің уығын нықтап, шаңырақтарын көтеріп жатыр.

 

  

 

 

 

 

 

 
 
 


Алматыда да метро салынып бітсе, Сіздер де осылай күлімдеп отыратын боларсыздар!

« Previous PageNext Page »