Өрімтал - өрімдей жас дегеннен шығады. М: Өрімтал жігіт ең өр кеуде. Негізінен жас ер жігітке (16-23 жас аралығы) қатысты қолданады. Қыз балаға қолданғанын кездестірмеппін. Өрімтал жігіт, өрімталдай…
Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде (2007 жылы Р.Сыздықтың редакторлығымен шыққан соңғысында) 323-бетте “өрімтал” сөзі тізімде бар.
Сөзжасам жағынан алғанда бұл сөздің жасалуында қазақ тілінің үндестік заңына тән емес ерекшелік бар. Өрімтал сөзі негізінен екі компонеттен тұрады. Біріншісі жіңішке дауысты дыбысты “өрім” сөзі (өрілу, өрілген, өріл) оған “-тал” (жуан) сөз тудырушы жұрнағы жалғанған.
2000 жылы Жезқазғанда оқып жүргенде «Сарыарқа» аймақтық газетінде жастар мен студенттерге арналған “Өрімтал” атты бір бет жүргізген едік. Сол атауды әлі күнге дейін ілестіріп жүрмін. Осыдан бір жыл бұрын “Аяулым” атты журналдан “Өрімтал” атты жастар қосымшасы бар екенін көзім көрген. Яғни, бұл сөз біздің бүгінгі қоғамда жастарға қатысты қолданып, ауқымын кеңейтіп келе жатқан тәрізді.
“Өрімтал” сөзін Оралхан Бөкей шығармаларынан сондай-ақ 1960-80 ж.ж. ақындардың өлең шумақтарынан жиі кездестеріуге болады. Мысалдар кездесіп жатса, жолдауларыңды өтінімен.
Жиырмасыншы ғасыр әдебиетіміз бен өнеріміз үшін алтын ғасыр болды дегенді айтқан … сырлас іні-дос болған, өрімтал жастығына қарамастан бозбала, жігіт шағының … (Егемен Қазақстан)
“өрімтал” сөзін “ұрымтал” сөзімен шатастарытындар бар. Екеуіндегі айырмашылық тек қана алғашқы дыбысында ғана емес. Мағынасында. Грамматикалық жүктемесінде жатыр. Ұрымталдың бойында ұрыға тән бір сипат жатқаны анық байқалады. “Өрімтал” есім сөз, ал “ұрымтал” үстеу сөз (Бірақ кейде есім сөзге де жұмсалады. Мәселен, ұрымтал сәт). Өрімтал сөзі жеке дара тұрып та мағынаға ие болса, ұрымтал сөзі көп ретте екінші компонетті қажет етеді.
Қысқаша айтқанда осы.
***
Here I’ll try to write some posts in English! I noticed that many of my readers is from English speaker countryes.
Please, fell free to comment any of them…
***
Kazakh Language
Kazakh (Қазақ тілі / Qazaq tili / قازاق ٴتىلى)
Kazakh or Qazaq is a Turkic language spoken in Kazakhstan, Russia and China by about 8 million people. Kazakh was first written with the Arabic script during the 19th century when a number of poets, educated in Islamic schools, incited revolt against Russia. Russia’s response was to set up secular schools and devise a way of writing Kazakh with the Cyrillic alphabet, which was not widely accepted. By 1917, the Arabic script was reintroduced, even in schools and local government.
In 1927, Kazakh nationalist movement sprang up but was soon suppressed. At the same time the Arabic script was banned and the Latin alphabet was imposed for writing Kazakh. The Latin alphabet was in turn replaced by the Cyrillic alphabet in 1940.
***
Kazakhstan facts
