Archive for the 'Uncategorized' Category

Көптен бері Солтүстік өңірлерді көрсем деп ойлап жүруші едім. Ресеймен шекараласатын өлкелерде орыс ділі қатты сіңісіп кетті дегенді еститінмін. Соны көзбен көріп қайтатын мүмкіндік туып тұр. Бүгін бұйырса, Қостанайға барамын, ИншАллаһ.
Қостанайды Нұргелді есімді блогшымыз бар еді. Бірақ ол қазір Прагада бір семинарда жүр. Енді маған ол жақта кім шәй берер екен, ә? Әлгінде [...]

Саналы мұсылман адам назар аударып қараса, ғайбатшыны ғайбатқа, өсекшіні өсек айтуға итермелейтін нәрселердің бірнеше себептері бар. Олардың негізгілері мыналар:

Өзінің жеңіске жетуіне әркеттену және ғайбатталушы адамға деген көкірегіндегі ашу-ызаның отын басуға тырысу. Оны ғайбаттап, оған жала жауып, басқалармен араларын бұзу үшін [...]

Біздің үйдің Азаматы кеше Шарын шатқалына университеттегі достарымен барып келген еді. Фотоаппаратымды құшақтап кеткен. Бірді-екілі суреттерін жариялап отырмын. Шарын шатқалдарын тамашалайтын кез келген тәрізді.

Әуелі келісіп алайық. Анық-қанығы шешілгенше, Сен менен ештеңе сұрамайсың.
Бәрі де жақсы болады. Ең бастысы “Бұл дүние жалған. Аллаһтың хұзырында өмір кешіп жүргенімді” ұмытпасам болғаны. Апыр-ай, сынақтардың да түр-түрі болады екен-ау.

Өткен аптада досымның анасы үйге қонаққа келген. Суреттегі құймақтарды да сол апайымыз пісіріп, бір күн болса да ұмытып қалған “аналық мейірім” дегеннің не екенін еске [...]

Зергер досымның тойы болғалы жатыр. Қарбалас сәт екені түсінікті. Кеше мынадай бір әшекей бұйым жасағанын айтты. Суретке түсіріп алған едім (сапасы жақсы шықпады). Негізі сырға мен жүзікті алтыннан жасап, өрнектеріне күміс қосыпты. Зергер-Серік негізінен ұлттық нақыштағы бұйымдар жасайтынын бұрын да айтқан едім, бұл жолы да қазақтың оюын қолданыпты. Ұяттымын, бұл оюдың атын білмеймін.
Бір келіншектен тапсырыс [...]

2007 жылы Қазақстанда 1 млн 600 мың адам, немесе ел халқының 11% интернет желісін тұтынушы ретінде тіркелген.

“Интернетте шешуші іздестіретін сөз ретінде “Қазақстан”, “Астана” және “Алматы” сөздерін пайдаланатын тұтынушылар саны жыл өткен сайын өсе түсуде.

“Яндекс” және “Рамблер” компанияларының мәліметінше, қазірде Қазнет ресурсын ай сайын 1 млн астам адам пайдаланады, соның ішінде
62% - Қазақстан [...]

Жақсылап ғұсыл құйынғаннан (денені толықтай жуу) кейін әдемі, таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп, мешітке айт намазына бару – мұстахаб (жақсы амалдарға жатады). Айт намазын оқығаннан кейін құрбан шалу міндеттелген жандар құрбандықтарын шалып, тиісті адамдарға таратады. Бай болсын, кедей болсын құрбан айтта шалған құрбандығының етін жеуіне болады. Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп [...]

27 қазан 2007 жылы 17:00 шамасында (Абай мен Гайдар көшелерінің маңы) Оралбекова Асем Махсутқызы (1993 жылы туылған, бойы 160-165, шашы ұзын) үйден шығып, әлі күнге дейін оралған жоқ. Үстінде капюшоны бар жеңіл спорт күртеше, қара шалбар, аяғында қызыл кроссовки болатын.

Қыз баланы көрген немесе осы жайтқа қатысты қайндай да бір мәліметтері бар жандардың тез [...]

Ассалаумағалейкум, бауырлар!
Аллаһ тағала Сіздерге екі дүние бақытын бұйырсын!!!
Айт мейрамы құтты болсын!
Барлық игі тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын!
Оразадан оразаға дейін есендікте жүздесейік!
Аллаһым, елімізге тыныштық, бейбіт, ырыс-несібесін нәсіп етсін!

Жаңаеуразиядағы блогқа орыс фантасты Михаил Юрьевтің “Үшінші Империя” атты кітабындағы ойы туралы жаздым. Ол 2053 жылы әлемде бес қана ірі ел қалады, Қазақстан Ресейге қосылады депті. Жағыңызға жылан жұмыртқаласын, Миша! Ресей баспалары орыстың осындай ұлтшылдарының шалдыр-шатпағын басып, саудаға шығаратыны қызық… Орыстар өзге елдер туралы осындай дүние жазған соң, қалайша күйінбессің. Ал енді осыған қарсы жауап [...]