Uncategorized


- Әлемтапырық болып кетті. Түу… тағы да салың суға кетіп, мұңаймақпысың. Одан не өзгерер дейсің? Адамды түсіну оңай деп пе едің? Бәлкім, оған өкпелей бергенше жауапты өзіңнен іздегенің жөн болар.

- Таңертең ерте тұру керек. Дөңгеленген дүниемен астасып, жанталасасың. Үлгеріп қалу үшін жұлқысасың, таласасың. Жұмысқа барып, ғайбатқа толы ортада тұншығып, тұйықталасың. Дәл қазір сол үшін ұйықтамақпын ба? Басқа мақсатым қалмады ма? Япыр-ай, Аллаһ разылығы үшін демеп пе едім. Неге ұмыттым?!

- пендесің. Кіп-кішкентай пендесің. Құлсың. Құлқыңның ба, Аллаһтың ба?

- Бұл жазбаны неге жазып отырысың? Үздік болу үшін бе, я да… басқа не үшін? Жүрегіңнің қыл пернесін өзгеге ойнатқызғаннан ұтарың не? Әлсіздігіңді сыртқа шашқаннан мықты боламын деп ойлаймысың? Жақсы. Дос тапқан екенсің. Ел көріп, жер көрдің делік. Тағы не тындырдың? Кімге қарап бой түзегің келді. Достарыңның алдында адалдығың қайда? Виртуалды таныстарың… олардың алдындағы қарызыңды өтедің бе?

- Мақсатсыз, жүйесіз істеппін. Әйтеуір алға қарай ұмтыла беріппін.

- Саған білетін ағаң айтпап па еді. “Айналайын, аулақ жүр! Белсенді болып көзге түскенше, елеусіз қалып, өз ісіңді тындыр” деп. Үлкеннің ақылын тыңдамадың. Енді міне тығырыққа тірелдің.

- Неге менің бойымды сенімсіздік пен үрей билей бастады? Шамшыл, секемшілдігімді немен түсндіремін? Неге маған айғайлай бересің?

- Бәрің де маған үндемей айғайлайсыңдар! Менің де “ет пен сүйектен жаратылғанымды” ойламайсыңдар. … Тағы да сені кінәлай бастадым. Кешір! Шынымен де маған жаның ашыса, менің есеп-шотыма ақша аудармай-ақ қой. Мешітке барып, құлшылық қылғаныңда дұғаңа қоссаң болғаны. Аллаһ разылығы үшін.

- Жұмыс істеуім керек. Жігіт емессің бе? Боркемік болып, езіліп жату саған жараспайды. Қазақсың ғой!

***

Кел, бірге күлейік! Сен және мен. Кеше не болды өзі? Бұның саған қатысы жоқ. Өз-өзіме kendi kendime…

Asalaumagaleikum!

Көптен бері Солтүстік өңірлерді көрсем деп ойлап жүруші едім. Ресеймен шекараласатын өлкелерде орыс ділі қатты сіңісіп кетті дегенді еститінмін. Соны көзбен көріп қайтатын мүмкіндік туып тұр. Бүгін бұйырса, Қостанайға барамын, ИншАллаһ.

Қостанайды Нұргелді есімді блогшымыз бар еді. Бірақ ол қазір Прагада бір семинарда жүр. Енді маған ол жақта кім шәй берер екен, ә? Әлгінде “мәссағандатып” отыр едім. Өрімтал деген атпен тіркелген бір мүшесі “Алдамшы” атты бір өлең жариялапты. Мені бірінші кезекте “өрімтал” деген аты қызықтырды. Жұрт енді блогыммен байланыстырып, шатастырмаса екен деп ойлап жүрмін…

Саналы мұсылман адам назар аударып қараса, ғайбатшыны ғайбатқа, өсекшіні өсек айтуға итермелейтін нәрселердің бірнеше себептері бар. Олардың негізгілері мыналар:

  1. Өзінің жеңіске жетуіне әркеттену және ғайбатталушы адамға деген көкірегіндегі ашу-ызаның отын басуға тырысу. Оны ғайбаттап, оған жала жауып, басқалармен араларын бұзу үшін араларына сөз тасу.
  2. Басқаларға деген жек көру және көкірегіндегі жақтырмау сезімін басу үшін жек көріп, жақтырмайтын адамын ғайбаттап, оның кемшіліктерін айта бастайды. Бұл толық иманды, яғни нағыз иман келтіргендердің сипаты емес, Аллаһ Тағала осыдан сақтасын.
  3. «Пәленше надан, түсінігі саяз немесе ауру, сөздері түсініксіз» деген тәрізді т.б. сөздерді айтып, өзінің ғайбатталған адамдағы кемшіліктерден әрі ада екеніне, әрі жалпы өзінің одан артық екеніне адамдардың назарын аудару үшін өзін көтеріп, басқаны төмендету. Бұл сипат дандайсу болып табылады.
  4. Аллаһ Тағаланың қаһарына ұшырайтына қарамастан, достарының өзімен отырған адамдардың, серіктерінің ризалығын алу үшін (көңілдерін қимай),олардың айтып, жасап жатқан күнә істеріне қосылып кету, келісу.
  5. «Пәленшеге таңданам, ол ақылды немесе үлкен, білімді бола тұра қалайша қате істейді?!» - деген сияқты сөзбен таңданғандықты көрсету. Негізінде ол жеке адамды нақтылап көрсетпеуі тиіс.
  6. Басқаларды мазақтап, келемеждеп, көрсету. (more…)

Біздің үйдің Азаматы кеше Шарын шатқалына университеттегі достарымен барып келген еді. Фотоаппаратымды құшақтап кеткен. Бірді-екілі суреттерін жариялап отырмын. Шарын шатқалдарын тамашалайтын кез келген тәрізді. (more…)

Әуелі келісіп алайық. Анық-қанығы шешілгенше, Сен менен ештеңе сұрамайсың.

Бәрі де жақсы болады. Ең бастысы “Бұл дүние жалған. Аллаһтың хұзырында өмір кешіп жүргенімді” ұмытпасам болғаны. Апыр-ай, сынақтардың да түр-түрі болады екен-ау.

  1. Өткен аптада досымның анасы үйге қонаққа келген. Суреттегі құймақтарды да сол апайымыз пісіріп, бір күн болса да ұмытып қалған “аналық мейірім” дегеннің не екенін еске түсіртті. Бұған дейін ешкім айтпаған өткір-өткір сындарын айтты. Дұрыс қой. Ол кісінің айтатындай жөні бар. Жақсы көргесін, жақсы болсын деп айтты емес пе? Хош.
  2. Тып-тыныш жұмыс істеп жүр едім. Күтпеген ұсыныс келіп түсті. Ойламаған жерден жаңа бір ортаға тап болдым. Менің бұған дейінгі араласқан ортамнан басқа бір бөлек жер екен. Бұл да бір сынақ.
  3. Күні кеше шетелден бір бауырым келді. Ол да бір ұсынысын айтып, ойландырып қойды. Бірақ оған “иә” деген жауаптан гөрі “жоқ” деген жауап айтылатынын қинала-қинала жеткізген едім.
  4. Биылғы көктем көп нәрсені жаңаша қарап, сараптауға түрткі болатын түрі бар.

Аллаһым, һайырлысын бере гөр! Кім-кімді ренжіткендей болсам, кешірім сұраймын. Аллаһ разылығы үшін… Бұл жазбаны жазбай-ақ қойсам да болар еді. Бірақ Сенің менің басымдағы халді біле жүргенің жөн деп білдім.

Зергер досымның тойы болғалы жатыр. Қарбалас сәт екені түсінікті. Кеше мынадай бір әшекей бұйым жасағанын айтты. Суретке түсіріп алған едім (сапасы жақсы шықпады). Негізі сырға мен жүзікті алтыннан жасап, өрнектеріне күміс қосыпты. Зергер-Серік негізінен ұлттық нақыштағы бұйымдар жасайтынын бұрын да айтқан едім, бұл жолы да қазақтың оюын қолданыпты. Ұяттымын, бұл оюдың атын білмеймін.
Бір келіншектен тапсырыс түскен екен. Жұмысты бас-аяғы 10 мың теңгеге бағалапты. Мен оған «Алтынның нарықтағы құны жоғарылағанын, елімізде инфляция белең ала бастағандықтан, келесі жолы сәл бағаны өсіргенің жөн» деп айтқан едім. Қайдам, дәл қазір ол туралы ойлап жүрген жоқ. Тойдың
қамы!

2007 жылы Қазақстанда 1 млн 600 мың адам, немесе ел халқының 11% интернет желісін тұтынушы ретінде тіркелген.

“Интернетте шешуші іздестіретін сөз ретінде “Қазақстан”, “Астана” және “Алматы” сөздерін пайдаланатын тұтынушылар саны жыл өткен сайын өсе түсуде.

Яндекс” және “Рамблер” компанияларының мәліметінше, қазірде Қазнет ресурсын ай сайын 1 млн астам адам пайдаланады, соның ішінде

62% - Қазақстан тұрғындары,

29% -Ресей тұрғындары,

4% - басқа да ТМД елдерінің өкілдері,

3% - Еуропа, Солтүстік Америка және Азияның тұрғындарының әрқайсысы 1%,

0,5% - басқа елдердің тұрғындары” деді ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев. Пы.Сы: Блогыңыз танымал болсын десеңіз “Қазақстан”, “Алматы”, “Астана” сөдері бар жазбаларды жиі жазып тұрыңыз :)  

qurban.jpgЖақсылап ғұсыл құйынғаннан (денені толықтай жуу) кейін әдемі, таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп, мешітке айт намазына бару – мұстахаб (жақсы амалдарға жатады). Айт намазын оқығаннан кейін құрбан шалу міндеттелген жандар құрбандықтарын шалып, тиісті адамдарға таратады. Бай болсын, кедей болсын құрбан айтта шалған құрбандығының етін жеуіне болады. Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату – мұстахаб. Бір бөлігі – туыс-туған, көршілеріне бай болса да сыйға тартылады, екінші бөлігі – кедей және мұқтаж адамдарға, білім жолындағыларға, үшінші бөлігі – өзінің отбасына, бала-шағасына беріледі. Бірақ шалынған малды түгелдей кедей және мұқтаждарға таратуға болатыны сияқты, түгелдей өзінің отбасына да қалдыра алады.  Айт күні мұсылмандар көрші-қолаң, туыс-туғанды қыдырыстап, «айт құттты болсын» айтысады. (more…)

mailgooglecom.jpg27 қазан 2007 жылы 17:00 шамасында (Абай мен Гайдар көшелерінің маңы) Оралбекова Асем Махсутқызы (1993 жылы туылған, бойы 160-165, шашы ұзын) үйден шығып, әлі күнге дейін оралған жоқ. Үстінде капюшоны бар жеңіл спорт күртеше, қара шалбар, аяғында қызыл кроссовки болатын.

Қыз баланы көрген немесе осы жайтқа қатысты қайндай да бір мәліметтері бар жандардың тез арада мына телефондарға хабарласуын сұраймыз.

Тел: 8 701 729 14 17, 8 701 779 81 57 немесе - 02

Next Page »