Наурыз 28, 2007
НЬЮ-ЙОРКТЕ ҚАЗАҚ ДАРЫНДАРЫ НЕ ІСТЕП ЖҮР?
Қазақ халқының дарынды ұл қыздары тағдырдың бұйыруымен қазір шет шетте жүр. Солардың бірі – бұл күнде Нью-Йорк қаласында тұратын Әлия МӘЛКЕЕВА. Ол қазір Америкадағы өнер адамдарын мойындатқан айтулы пианист. Әлем астанасы атанған үлкен шаһарға жолым түсіп барғанымда онымен жолығысудың сәті түсті.
– Нью-Йоркке көшіп келуіңізге не себеп болды?
– Кеңес Одағы ыдырамған кезде Мәскеуде тұрып жатқанмын. Сол кездері экономикалық та, рухани құлдырау болды. Мүмкіндігі барлар жан-жаққа көшіп жатты. Мен де ұлымды ертіп, АҚШ-қа көшіп келдім. Өмір дәл осылай өзгереді деп кім ойлаған?! Бұл 1991 жылдың соңы еді. Жаңа мекенге көшіп келгенде қатты қиналдым. Себебі, ешкімді танымайсын. Жүзі жылы ешкім жоқ. Қазақстанның қандай ел екенін түсіндіру мүмкін емес еді. Бізді қытай, кәріс не жапон деп түсінетін. Менің ең үлкен мақсат баламның болашағы болғандықтан, оның мектептегі үлгеріміне, тәртібіне қатты көңіл бөлдім. Тек он жылға жуық уақыт өткен соң, яғни балам колледжге бара бастаған кезде барып, жаңа ортаға да бейімделіп қалғанымды сезіндім. Жан жағыма қарап, қазақтарды іздей бастадым. Екі-үшеуін танитынмын. Кейде бір-бірімізге қонаққа барып тұратынбыз. Сол басқосулар туған елге деген сағынышымызды одан сайын күшейтетін. Бұл кездері Қазақстан қуатты қарқынмен дамып келе жатыр дегенді жиі-жиі еститінмін. Содан өзім Нью-Йорктегі қазақ өкілдігін іздеп тауып: «Егер Сіздерге концерт ұйымдасыру жағынан көмек керек болатын болса, мен қолдан келген көмегімді аямаймын», – деп өз ниетімді білдірдім. Кейін Нью-Йоркте қазақ Мәдени орталығының қорын аштық.
(more…)




