Archive for the 'kazakh journalist' Category

1. Алғаш рет сақал-мұрт енді-енді тебіндеп өсіп келе жатқан соң, еркіне қойғаным бар. Содан бір күні автобуста қыздар орын беріп, кітап дүкенінде екі қыз бала: “Молда келе жатыр”, - деп әңгімелерін сап тыйғаны бар. “Е-е, молданың танго мен ча-чаны қалай билейтінін көрмеген ғой олар”, - деймін қазір ішімнен

2. 2006 жылдың 11-қыркүйегенде Нью-Йоркқа [...]

Қазақ блогосферасын зерттеп жүрген алғашқы кезде-ақ, дін элементінің қашан да басым тұратыны анық аңғарылатын. Бұл жайтты «дін тақырыбында ауызба-ауыз сөйлесу қиын болғандықтан оның орнын виртуалды пікірталастар мен блогтар толтырады» деп түсіндім. Себебі ислам тақырыбы (анығында сенім ғой) баршаға қызық болғанымен, көпшілігі жүзбе жүз бұл туралы талқылауға именеді. «Мұсылман бола тұра, діни білімімнің әлсіздігі көрініп қалады» [...]

Үшаралда тұратын Сымбаттың анасына хабарластық. Қамыққан ана құқық қорғау орындарынан еш қайыр болмай жатқанын айтып мұңайды. Сағы сынып, тауы шағылған байғұс шеше жергілікті аудан басшылары жедел жиын өткізіп, жауыздықты бүркемелеуге қолында үлкенді-кішілі билігі бар адамдарға «бұйрық» бергенін жеткізді бізге. Тіпті жаз ортасында мектепте шұғыл жиналыс өткен. Онда беттестіру кезінде ешкімнің ши шығармауы қадағаланыпты. 9-сынып оқушылары [...]

Первез де кетті
Саакашвилиден де мән кетті
Ақаев та кетті
Буштың да сүйкімі кетті
Әлиев те кететін сияқты
Путин Медведевті отырғызып, кеткен сыңай танытты…
Бай да өткен, бағлан да өткен… қу дүние соңынан…
Осы Сенбіде Сүмбеде (Шонжы) тойда болғанымда бір апа:
Асқанды та көргенбіз,
Тасқанды да көргенбіз
Асып, тасып сасқанды да көргенбіз!
Болғанды да көргенбіз,
Толғанды да көргенбіз,
Болып, толып солғанды да көргенбіз!
Құдайым содан сақтасын!
дегені бар [...]

Қателесетін де шығармыз, бірақ Үшаралда болған жауыздықты ауыл-аймақ болып жылы жауып тастауға қам жасап қойған тәрізді. Бірігіп зорлық жасаған 12 баланың кем дегенде үш-төртеуінің ықпалды адамы болуы әбден мүмкін ғой. Ал тергеуші бірден бір дәлел бола алатын зорлықты бейнетаспаға түсірген балалардың қол телефондарын таппай отыр. Берік Мырзаханұлы «оларды қыздың шешесі тартып алған» дейді. Егер Саягүлдің [...]

Жауқазынның туысқаны хабарласты. Бейсенбі күні сотқа баруы керек екен. Алдында келіскен бір заңгер жағдайын айтып, істі әрі қарай алып жүре алмайтын болыпты. Сөйтіп, қазір заңгер көмегіне мұқтаж екен.
Бір-екі халықаралық ұйымдарға хабарластым. Дені демалыста. Әйелдерге қолдау көрсету деген ұйым бар екен. Олар:
“Талдықорғанда өкілдігіміз бар. Заң жағынан да психологиялық жағынан да көмектесеміз”, -
деді. Қазір сол [...]

What is interest rate?

A price of money
Time dimension

Interest rate 6,32%
Interest payment 0.0632/12 * 100.000 = 526.67 USD
Capital payment 100.000/12*30

Short and long interest rates

Hawks vs. doves (Қырандар мен кептерлер)
Monetary policy is a art

‘Alqa’ a new Kazakh newspaper

Originally uploaded by Asqat
Жұлдыз Әбділдә қайда кетті деп сұрау салушылар болса, тыңдаңыздар!
“Қазақ зиялыларына қапамын” деген Жұлдыз Әбділдә қазір “Алқа” деген журнал шығарады. Газетті қолға ұстап көргендер “Жылтыр газет” деп те жатыр. Алғашқы саны жарыққа шықты. Сатылымға түскен түспегенін білмеймін. Бір қызығы, газеттің соңында Жұлдыз гмейлдегі поштасын көрсетіпті

АйтPARKOriginally uploaded by Asqat

Нұрлан Ерімбетовтің “Айт-Паркінде” бүгін Айдос Сарым мен Алексей Лобанов (суреттері төменгі жазбада. Кімнің кім екенін түрлеріне қарап, ажыратқан боларсыңдар деп үміттенемін ) “Қазақстандағы елді-мекен атауларын өзгерту” тақырыбында пікірталас ұйымдастырды.
Жан-жақтан жамыраған орыстар, орыстілді қазақтар “Егер қала атаулары Қызылжар мен Кереку болатын болса, кетем” деп міндетсініп отыр. “Кетсе, кетсін”, - [...]

No energy in Almaty Almaty qarangylyq qu
Originally uploaded by Asqat
updated: after 20 minutes situation is stabilized.
No energy in Almaty. Алматы қараңғылық құшағында. Масқара! Бағдаршамдар өшті. Жолда көліктер кептепліп қалды (суретте). Дауыл тұрып, найзағай жарқылдап тұр. Жарық қашан қосылары белгісіз. Шамасы бір станция істен шыққан-ау… Полиция келді.
Қараңғыда отырған қиын екен. Бір сәтке өзіміздің қаншалықты [...]