kazakh journalist


IMG_2330 (WinCE)

Ешқашан да туған күнімді Украина коммунистерінен мұраға қалған бункер ішінде қарсы аламын деп ойламаппын. Жалпы соңғы ай күтпеген оқиғаларға толып кетті емес пе?
Кинопалас. Кеше қаланы біраз аралаған соң, кешке Владко бізді кинопаласқа (кинотеатрға) ертіп апарды. Француз киносының аптасы екен. Азғынға толы, француздардың қала махаббаты мен сезімі араласқан бір фильмді тамашаладық. Украин тілінде аудармасы болғанымен жылдам сөйлеген кезде кейбір сөздерін түсінбей қалдым. Бірақ қалай да киноның жалпы ойын ұғып қалдым. Екінші рет ол киноны көрмейтін шығармын.

(more…)

Көпшілік оқырмандар газеттің қандай қиындықпен шығатынын жете түсіне бермейді. Әр жерде бір шашылып жатқан газет парақтарын көргенде, адам еңбегінің еленбей жатқанын ойлаймын. Кішкене кезімде “Ұланның” әр санын қалдырмай түгендеп, жинап қоюшы едім. Әр жылғы “Ұланның” сол тігінділері әлі күнге дейін сақтаулы.

Мынау баспаханадан түсірген суреттерім. Көпшілік сүйіп оқитын басылымдардың бірі көптеген адамның еңбегімен осылай жарыққа шығады.

(more…)

Биылғы көктемнің ішіне бүккен сыры көп деп айтпап па едім. Кеше сондай бір тосын сыйлыққа ие болдым. Айтсам ешкім сенбейтін шығар.

“Дастархан” блогын жүргізетін Ақбантик есімді блогшы өз қолымен кешкі сағат 20.00-21.00 арасында Алматыдағы Жібек жолы мен Қонаев көшелерінің қиылысында маған кореяның фирменный футболкасын сыйлады. “Ол дегенің Жанарбектің келіншегі емес пе?” дейтін шығарсың. Дәл солай. Жанарбек, Бақытнұр, Ақбану үшеуі Дүйсенбі күні Кореядан Алматыға келді. Бүгін Кеше бірнеше қазақ блогшылар солармен кездесіп, дидарластық. Әлһамдулиллаһ! Мәссағандасатын да күн бар екен.

(more…)

Жүрген жерімде блог туралы әңгіме қозғамасам, тыныш отыра алмайтын болдым емес пе? Өткен аптада Майкросфт бірінен соң бірі бірнеше конференциялар мен баспасөз мәслихатарын өткізді. Сондай күндердің бірінде Microsoft International-дың президентінің орынбасары, Орталық және Шығыс Еуропа бойынша өкілдіктерінің президенті Vahe Torossian бірнеше журналистпен дөңгелек үстел басында кездесу өткізді..Журналистермен қалай сөйлесіп, өзін ұстау керектігін терең меңгергендердің бірі екен. Кірген беттен журналистермен жеке-жеке қол алып, танысып, визиткасын үлестіріп шықты. Сосын, Қазақстан туралы жылы-жылы лебіздерін білдірді. Кезек сұрақтарға да келіп жетті. Әлдебір “терминатор” журналистер техникалық аспектіге байланысты, пираттық өнімдер, Ресейдегі мұғалімнің тағдырына қатысты сұрақтар қойып жатты. Мен болсам, «блог туралы қалай сұрасам?» - деп ойладым. (more…)

123.jpgҚазақ журналистикасында ірі-ірі кадрлық өзгерістер болып жатыр. Әуелі “Жас Қазақ” газетінің орынбасары Жанарбек Әшімжан бірнеше қазақ газеттерінің басын қосатын бір ұйымға басшылыққа кетті. Енді “Жас Алашта” табан аудармастан жеті жыл еңбек еткен Жұлдыз Әбділдә өз еркімен қызметтен кетті. “Қазақстан” телеарнасының басшылығы ауысып, “Алтын Орда” газетінде де басшы ауысты. Қателеспесем, биылғы жылы қазақ тілінде бірнеше басылымдар дүниеге келмекші. Бұл жайттың барлығы қазақ журналистикасына қалай әсер етер екен деген ой мазалайды. Сөзсіз өткен жылдармен салыстырғанда ілгерілеулер бар. Қазіргі ел аузында жүрген басылымдар қатарында:

  1. Жас қазақ (Жас алаш өз позициясын бұдан екі-үш жыл бұрын беріп алды) - сараптамалық
  2. Айқын - ақпараттық
  3. Ана тілі - ведомстволық

айтар едім. Еліміздегі ірі-ірі компанияларға тиесілі басылымдар бұқараға жақындап келе жатыр. Ал белгілі бір саяси топтың мүддесіне жұмыс істейтін газеттердің қызметін орыс тілді басылымдар атқаруда. Осылайша, Қазақстандағы қазақ және орыс тіліндегі басылымдар қоғамда атқаратын функцияларын бөліп алғаны аңғарылады. Менің айтпағым, “Жаңаеуразия” блогында Жұлдыз “Қазақ зиялыларын қапамын” атты жазбасын жариялаған екен. Сол жазбадан оның ішкі күйінішін, бүгінгі қоғамға деген аз-кем өкпесін білуге болады.

P.S. Қазақ журналистикасына жаңа бір леп келе жатқан тәрізді!

Бәйгеге қатысушылардың баспасөз беттеріндегі мақалалар, басылым беттерінде жарық көрген суреттер немесе көрмелерін, теледидар бейнеежіресі, Радиохабарламалар 2007 жылғы желтоқсанның 1-жұлдызынан бастап 2008 жылдың 10-ақпан айына дейінгі аралықта жарияланған болуы тиіс. (more…)

 

Уақыт аз қалды. Дүйсенбі (26.11.2007 жыл)  18.00 ге дейін дауыс бер!

Дәл қазір ең үздік блог аталымында Қуаныш пен Ақтау қаласының блогының арасында тартыс жүріп жатыр. Ең үздік қазақ тіліндегі блог және ең танымал блог аталымы бойынша Сен де үздік блогты мына жерден анықтай аласың!

img_1240-custom.jpg

Борис Соркин, Regnum” ақпараттық агенттігінің атқарушы директоры, қазылар алқасының төрағасы: Бір аталымдағы екі сайт және екі сайт келесі бір аталымда бірдей дауыс жинады.

Neweurasia.net: Бұл мемлекеттік тілдегі сайттар ма еді?

Борис Соркин: Иә. Сондықтан маған өзге де қазылар алқасы тәрізді дауыс беруіме тура келді. Өзге аталымдарда мен дауыс бергенім жоқ, тек жүлдегерлерді анықтау қалай жүріп жатқанын бақыладым.

(more…)

IMG_1247

Борис Соркин, “Regnum” ақпараттық агенттігінің атқарушы директоры. AWARD.kz 2007 байқауының арнайы қонағы, қазылар алқасының төрағасы: “Мәсcаған” сайтын ұзақ зерттедім. Ол жерде не айтылған түсіну үшін аудармашы көмегіне жүгінуіме тура келді. Бұл орайда менің өзбек тілін білетінім, тілдердің өзара ұқсастығы маған сәл көмектесті. Алайда бұл іске мен көп уақытымды жұмсадым. Жақсы сайт. Бірақ оның екі кемшілігі бар. Бірінші кемшілік мүлдем дизайнның жоқтығы және сайт құрылымының күрделілігі. Екінші кемшілік жеке өзімде күдіктер тудырды. Себебі сайт қазақ тілі номинациясына ұсынылды.

(more…)

img_1183-custom.jpg

MediaNet Халықаралық журналистика мектебіндегі тыңдаушыларға жаңамедия, оның ішінде блог туралы әңгімелеп бердім. Көпшілігі қызығушылық танытты. Студенттердің журналистиканың жаңа түріне деген қызығушылықтары зор екен. Бастысы студент жастар университет қабырғасынан тыс жерден де өздеріне қажетті білім ала алатынын жақсы түсінді.

Next Page »