Kazakh blogger


Кеше кездестік. Блог туралы сұхбаттасттық. Ауа райы мен интернет бағасының құбылуына қарамастан Интернеттің қазақ тілді бөлігіне алаңдайтын жандардың бірі екені анық көрінді.

Қызық… Осыдан санаулы ай бұрын тек блогын ғана оқып: “Қандай адам, тілі неткен әдемі”, - деп отырушы едім. Енді міне қарсы алдымда отыр. Алматыдағы қым-қуыт шаруаларының арасынан бірер сағатын менімен кездесуге арнапты. Респект!

Адамдармен кездесуге барғанда мына тақырыпта сөйлесемін, мынаны сұраймын деп нақтылап алатының болады да, дәл сол кісімен кездескенде басқа тақырыпта әңгімелесіп, әлгі сұрағың тасада қалатыны болады. Сондай бір сұрағымды сұрай алмай қалдым деп, жолда ойланып келдім. Кәсіби аудармашы ретінде “Блогшы” дегеніміз жөн бе, әлде “блоггер” ме? Біріміз блогшы, енді біріміз блоггер деп жүрміз.

Менімен бірге сырласып, мұңдасып, қуанып жүрген, оқырман!

Өкінішке қарай Сені жақыннан танымаймын. Алайда үнемі оқып, кей сәттерде пікір білдіріп тұратыныңа қуанамын. Сенің кез келген пікірің мен үшін құнды да, маңызды екенін жақсы білетін боларсың.

Блогым одан әрі, қызық та пайдалы болсын десең, Арсенал777-дың блогындағы сауалнамаға жауап беріп, қазақ блогосферасының дамуына үлесіңді қосуыңды сұраймын.

Өрімтал

Суретте: sitemeter диаграммасында осы блогтың оқырмандары

қай елден екені көрсетілген

 

Биылғы көктемнің ішіне бүккен сыры көп деп айтпап па едім. Кеше сондай бір тосын сыйлыққа ие болдым. Айтсам ешкім сенбейтін шығар.

“Дастархан” блогын жүргізетін Ақбантик есімді блогшы өз қолымен кешкі сағат 20.00-21.00 арасында Алматыдағы Жібек жолы мен Қонаев көшелерінің қиылысында маған кореяның фирменный футболкасын сыйлады. “Ол дегенің Жанарбектің келіншегі емес пе?” дейтін шығарсың. Дәл солай. Жанарбек, Бақытнұр, Ақбану үшеуі Дүйсенбі күні Кореядан Алматыға келді. Бүгін Кеше бірнеше қазақ блогшылар солармен кездесіп, дидарластық. Әлһамдулиллаһ! Мәссағандасатын да күн бар екен.

(more…)

өрімталӘлгінде Достықтың бойымен төмен түсіп бара жатыр едім. Әдемі бір ән құлаққа естілді. Сөйтсем, Республика сарайы алдында мына бүлдіршіндер іс-шараға дайындалып жатыр екен. Сондай-ақ бүгін Нұргүлдің сіңілісі – Мир, емтихан тапсырады. Сол сүренбей өтсін деп жариялап отырмын. Сынақ тапсырғалы жатқандардың бәріне де сәттілік тілеймін. Мына бүлдіршіндер де көпшіліктің алдында өнер көрсетуге дайындалып жатыр. Сүрінбей өтіңдер, балақайлар! (more…)

Күтпеген кездесулер болып тұрады. Бүгін Кеше Solai.de атты қазақ тілінде тез танылып келе жатқан жастар порталдарының ұйымдастырушыларымен кездестім. Қалта телефоныма ес емес жеткен еді. Қателеспесем Бекжаннан келді ғой деймін. Әлде Аршаттан ба? Сөйтсем, Көңілашардан келген екен :) Алматыға семинарға келген екен. Қызық қылғанда, бір семинарда бас қостық. Майкрософт жаңа өнімдерінің таныстыру үшін журналистермен АйТи мамандардың басын қосқан еді.
Маратхан мен Алмас Атыраудың белсенді жастарының бірі. Интернет технологиямен әуелде жай ғана қызығушылықпен бастап, оның соңы қазақ жастарына арналған арнайы бір порталдың дүниеге келуіне әкелді.

“Порталдың белсенділігі артқан сайын өзімізге жүктеліп отырған жауапкершілікті айқын аңғарудамын”

дейді Маратхан. Еркін отырып әңгімілесерміз деп ойлап едім, бірақ әу бастан әңгімені салмақты да өзекті тақырыпқа бұрғандықтан емін-еркін ашылып сөйлесе алмадық. Өзімнен болды. Кездескен беттен адам қазақ тілінде интернетті дамыту мәселесін сөз қылушы ма еді? Бірақ қазақ тілінде интернет бағдарламаларды дайындау мәсәлесіне қатысты айтылған ойлары өте ұнады.

Біздің әңгімеміз көбіне үш салада өрбіді.

  1. “Солай денің” мақсаты мен келешегі
  2. Атырауда семинар ұйымдастырудың жай-жапсары
  3. Қазақ тіліндегі Интернеттің дамуы мен жігіттердің болашақ кәсіптері.

Алмас Атырауда блогқа байланысты тренинг өткізуге ұсыныс жасады. Қуана-қуана келістім. Бірақ жол шығыны өте қымбат екен. Әзірге барар бармасым белгісіз болып тұр. Өткен Бейсенбіде ғана КазГУ дегі студенттерге үнхабар мен бейнехабар жасауды үйреткенім бар еді. Аз ғана күннің ішінде көп нәрсе өтті басымнан.

1 . Табағанда журналистердің 3 күндік тренингі өтті

2. КазГУ-де тренинг өткіздім

3. Үнді Орталығы өткен аптада АйТи білім беру туралы семинар өткізді

4. Бүгін Майкрософт жаңа өнімдерін таныстырды

5. Ертең АйТи мен білім беру жүйесіне қатысты конференция өтпек.

Әрбір блогты жеке-жеке ашып: “Кімде қандай жаңа жазба бар екен?” деп іздеп отыратыным рас. Бірақ қазақ тілінде блогтар көбейген сайын интернетті қарауға кететін ақшам уақытым көбейіп бара жатқанын аңғарудамын.

Осы орайда гуглдың ридер бағдарламасы маған көмекке келді. Өзімнің сүйікті блогтарыма жазылу арқылы жаңаланған жазбаларды қадағалап отыратын болдым. Ең жақсысы, бұл қызметті электронды пошта арқылы қолданамын. Ал поштаны интернетке кіргенде бірінші кезекте тексеретінім белгілі.

Сонымен үш адыммен бұл бағдарламаны қалай қолдануға болатындығын көрсетейін. Ең маңыздысы гмейлде э-поштаңыз болуы қажет.

1. Қалаған блогыңыздан Жазулар RSS деген түймені тауып алып, түртіңіз.

2. Add to Google reader түймесін шертіңіз!

3. Құттықтаймын! Блогтағы жазбаларға жазылдыңыз.

Төменнен бұл адымдардың суретті нұсқасын көре аласыз. (more…)

Сіз бақытты жансыз! Алматы Аршатты күтіп алғанын естіп қана қоймай, Аршаттың қасында отырып, блогшылардың бүгінгі кездесуінің куәсі болған жанның блогын оқып отырсыз.

Блогшылар құрылтайы

Білгенімізбен бөлісу үшін бүгін Алматыдағы “Қорқыт Ата” кафесінде бас қостық. Екі сағаттық кездесуде қазақ тілінде интернетті дамыту, блогты жүргізудегі техникалық мәселелерді шешу жолдары, ортақ жобаларды іске асыру жайы сөз болды. Ең бастысы бір-біріміздің жүзімізді көріп, шынайы күлкімізді ести алдық. Шыны керек, смайликтерден гөрі күнделікті пікір айтып жүрген оқырманның жылы сөзін жақыннан естіп, пікірлесудің жөні бір бөлек екен.Бір-бірімізді көптен білетін жандардай тез араласып кеттік. Ұнағаны ешбір қысылып, қымтырылу болмады. Көкейдегі мәселелер, іштегі ойлар ортаға салынды. Жеке өз басым мына жайттарға тоқталғым келеді. (more…)

489156156-wince.jpg

Бүгін ислам тақырыбына арналған қазақ тіліндегі жаңа бір блогқа жолықтым. Байқаймын, халыққа дінді жеткізгісі келетін блогшылар көбейіп келеді. Соған орай, өзім білетін блогтарға шолу жасағым келіп отыр.
Хадис ілімдеріне кіріспе деген жазбамен толықтырылған блогтың иесі жайлы еш мәлімет көрсетілмеген. Тек блогтың атына қарап, Ажар есімді қыздың әкесі болар деп топшылай аламын. Алғашқы жазбаларының бірінде блог пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) сүннетіне, дәлірек айтқанда хадистеріне арналатынын автор былай ашып түсіндіреді:

Барлық ілімдер көзі ол-Құран және пайғамбар (с.а.с) сүннеті. Ал Аллаһ кітабы Құранды қалың үмметке жеткізіп, оны түсіндіруші құрал ол-сүннет. Осы орайда халқымызға имам Науауй жинақтаған «Қырық хадис» атты кітаптағы хадистерді келтіріп, сонымен қатар ол хадистерді түсіндіріп өтуді жөн санадық.

(more…)

News

  • spiegel.de
  • Неміс тіліндегі жаңалықтар сайты. Бұның мобайл нұсқасы да бар. Антиамерикалық бағыттағы сайт болғандықтан өте танымал.
  • Видеоконтен те мол.
  • t-online.de
  • телекоммуникацияға бағытталған. Бұл жерде іздеу тораптары мен пошталар, жаңалықтар барлығы аралас. (more…)

 

Мына суреттегі сумканы иеленгің келсе, QB-дің тұңғыш байқауына қатыс!

Next Page »