Archive for the 'Islam' Category
1. Қазақ Ислам Банктері заңнамалық өзгерістерді күтуде Әлһамдулиллаһ! Аллаһ жазса, жылдың соңына қарай мұсылмандар халал жолмен өз қаржыларын банкке салып, бизнес жүргізіп, пәтер ала алатын болады.
2. Қазақстандағы американдық мұғалімнің жалақысы $ 2000. деген хабарға Айкодан басқа елең еткен ешкім болмады. Жазбада қазақ мұғалімдерінің жалақысы $ 200 доллары маңайында болып тұрғанда, шетелдік оқытушылар ағылшын тілін үйретіп [...]
Жаңа «Таулы қыраттағы» мешітте болып едім. Намаздан соң мешіт имамы қысқаша құлақтандыру жасады.
Бүгін сағат 19.30 да “Алматы” телеарнасында
07 маусым күні сағ. 12.00-де “Астана” телеарнасында
09 маусымда сағат 00.30-да “31″ телеарнасында
“Тәубе” (мешіт сыртындағы хабарландыруда орысша “Покаяние” деп жазыпты) атты Қазақстан Мұсылмандарының діни басқармасы мен Прокуратураның бірлесіп түсірген фильмі көрсетілмек. Негізі жақсы бастама ғой. Бірақ халықтың көпшілігі қарайтын [...]
Әділбектің блогындағы “туған күн бе, қуған күн бе” деген жазбаны оқыған боларсың.
Пайғамбарымыз (с.а.у):
“Аллаһ Тағала айтты:
“Иә Адам баласы, сен Менен үмітіңді үзбей
кешірім сұрап жүрсең Мен де сенің күнәләріңнің аз-көбіне қарамай кешіріп отырамын!
Иә Адам баласы, егер сен аспандағы бұлттарға жететін күнә жасап, одан кейін Менен кешірім сұрасаң, Мен сені кешіремін!
Иә Адам баласы, расында, егер сен сонша күнә [...]
Ш.Құдайбердіұлы кітабынан:
Пілдің бар жақсы көретұғын жемісін жүретұғын соқпаққа шұбатып шашып, оны тереңдеп барып тұйық жар қылып қойса, піл жемісті тере-тере тұйыққа қамалады. Сонда артын бекітіп қойып біреу ұрған болып, біреу арашалап алып әлгі жемісті беріп, үйір қылып алып көп жүк артып һәм ойнатып жетелеп жүреді.
Маймыл адам не қылса, соны қылуға құмар. Оны біліп тұрушылар маймылға [...]
Ертеде бір жас бала әке-шешесін тастап, мұхиттың арғы жағына білім іздеп кетіпті. Ілім-білімге қанығып, елге оралған соң, ата-анасына: «Үш сауалыма жауап беретін дін ғалымын, я болмаса данышпанмен жолықтыруын» өтініпті. Жалғыз баласының сөзін жерге тастамаған қарт әке-шеше бір мұсылман ғалымды тауып әкепті. Жігіт көрген бетте: «Сен кімсің?» деп сұрапты. Қарт кісі: «Мен Аллаһ Тағаланың құлымен және [...]
Бір шешімге келе алмай қиналып жүр едім, бүгін электронды сандығыма мынадай хадис келіп түсті:
“Қайбір уақытта Аллаһтың елшісіне (с.а.у)
екі іс ұсынылған болса ол әрдайым күнәсі болмаса жеңілін қалайтын, ал егер оның күнәсі болса, онда ол адамдардың ішіндегі одан ең алшақтаушысы болатын. Аллаһтың елшісі (с.а.у) өзі үшін еш уақытта кек алмайтын, ал егер Аллаһ Тағаланың харам [...]
Мынаны оқып, төбе шашым тік тұрды: Оңтүстік Қазақстан облысында өзін дұғалатты деп анасын айыптаған жігіт оны өлтіріп тастады.
Bir ben vardır bende benden içeri
Yunus Emre
“Жыныма тимеші”, “Жыным кеп тұр”, “Жындысың ба?”, “Жынданып кеттім”… Тілдік қорымда жынмен тіркесіп келетін сөздердің көп екенін аңғармайды екенмін. Серік “Жындармен сұхбат” деген бір диск әкеп берген. Соны көрудің сәтті [...]
Ерте ертеде бір жас жігіт өмір сүріпті. Бір ғана міні бар екен. Өте сабырсыз болыпты. Содан әкесі оған бір қапшық шеге беріп: “Балам, сабырсыздық танытып, ашуыңа ие бола алмай, әлдебіреуді ренжіткен кезде есікке бір шегеден қағып отыр”, - депті.
Алғашқы күні әлгі “батыр” 37 шеге қағыпты. Келесі аптада есіктегі шегелердің саны азайып, уақыт өте келе [...]
Ешқашан да туған күнімді Украина коммунистерінен мұраға қалған бункер ішінде қарсы аламын деп ойламаппын. Жалпы соңғы ай күтпеген оқиғаларға толып кетті емес пе?
Кинопалас. Кеше қаланы біраз аралаған соң, кешке Владко бізді кинопаласқа (кинотеатрға) ертіп апарды. Француз киносының аптасы екен. Азғынға толы, француздардың қала махаббаты мен сезімі араласқан бір фильмді тамашаладық. Украин тілінде аудармасы болғанымен жылдам [...]
Саналы мұсылман адам назар аударып қараса, ғайбатшыны ғайбатқа, өсекшіні өсек айтуға итермелейтін нәрселердің бірнеше себептері бар. Олардың негізгілері мыналар:
Өзінің жеңіске жетуіне әркеттену және ғайбатталушы адамға деген көкірегіндегі ашу-ызаның отын басуға тырысу. Оны ғайбаттап, оған жала жауып, басқалармен араларын бұзу үшін [...]

