Islam


Ертеде бір жас бала әке-шешесін тастап, мұхиттың арғы жағына білім іздеп кетіпті. Ілім-білімге қанығып, елге оралған соң, ата-анасына: «Үш сауалыма жауап беретін дін ғалымын, я болмаса данышпанмен жолықтыруын» өтініпті. Жалғыз баласының сөзін жерге тастамаған қарт әке-шеше бір мұсылман ғалымды тауып әкепті. Жігіт көрген бетте: «Сен кімсің?» деп сұрапты. Қарт кісі: «Мен Аллаһ Тағаланың құлымен және ол қаласа сенің сауалдарыңа жауап беремін» депті.

        Сенімдісің бе? Әлемнің танымал профессорлары менің сауалыма жауап бере алмаған еді…

        Аллаһтың жәрдемімен қолдан келген көмегімді аянбаспын.

Олай болса, менің үш сауалым бар. Біріншісі, Құдай бар болса, маған оның күшін көрсет? Екіншісі, тағдыр дегеніміз не? 

 

Үшіншісі: егер шайтан оттан жаратылған болса, неліктен ол кейін отқа тасталып жазаланады? Бұл жаза оған ауыр келмесе керек. Себебі шайтан өзі де оттан жаратылған ғой.

 

Аллаһ тағала бұдан бұрын бұл туралы ойлап пе еді? Мені мазалап жүрген сұрақтар осы, - деп жігіт қартқа назар аударғаны сол еді, кенеттен қарт данышпан оның бетінен шапалақпен тартып жіберді. Мұсылман ғалымның бұл қылығына түсінбеген жас жігіт: «Маған неге сонша ашуландың?» - депті сасқанынан. (more…)

Бір шешімге келе алмай қиналып жүр едім, бүгін электронды сандығыма мынадай хадис келіп түсті:

“Қайбір уақытта Аллаһтың елшісіне (с.а.у)
екі іс ұсынылған болса ол әрдайым күнәсі болмаса жеңілін қалайтын, ал егер оның
күнәсі болса, онда ол адамдардың ішіндегі одан ең алшақтаушысы болатын. Аллаһтың елшісі (с.а.у) өзі үшін еш уақытта кек алмайтын, ал егер Аллаһ Тағаланың харам еткен нәрселері орындалса, онда ол Аллаһ Тағала үшін кек алатын.”

(Айшадан (р.а) Имам Бухари,
Имам Муслим риуаят етті)

Э-поштаңызға хадистердің келуін қаласаңыз,
мына адресті оларға жіберіңіз:
http://www.rasulullah.kz/join.html

 

Bir ben vardır bende benden içeri

Yunus Emre

“Жыныма тимеші”, “Жыным кеп тұр”, “Жындысың ба?”, “Жынданып кеттім”… Тілдік қорымда жынмен тіркесіп келетін сөздердің көп екенін аңғармайды екенмін. Серік “Жындармен сұхбат” деген бір диск әкеп берген. Соны көрудің сәтті осы демалыс күндері түсті. Бұған дейін жындар туралы тиіп-қашып оқығаным болмаса, я жын кіріп, ауырғандар туралы әңгімелер болмаса, бірнеше жыннан қатар сұхбат алғанын алғаш көрдім. Таңқалдым. Аллаһ адам мен жынды өзіне құлшылық ету үшін жаратқанын есіме қайыра түсірдім.

Апыр-ай, олар да біз қатарлы екен-ау деген ойдан арыла алмадым. Жынның адам ішіне кіріп кетуі де жылдам екен. Аузымыздан “жынды”, “жыныма тиме” деген сөздер қалай тез шығып кетсе, солай жылдам енеді екен. Кәрімнің де жазбасын оқып, ол жерден де әлгі сөзді кезіктірдім.

Сөйтсем тікелей жындар әлеміне қатысы бар таныстарым өз арамызда да жүр екен. Тіпті бірі жақын құрбысының қалай емделгенін де айтып берді. Бастысы иманыңды күзетіп сақтанып жүру керек екен. Әйтпесе, адамның жынданып, сиқырланып қалуы оңай ма деп ойлап қалдым.

Айтпақшы, жынданудың алғашқы симптомы үздіксіз түсініксіз түстер көру деп естідім. Анық-қанығын қайдан нақтыласа болады екен…

Ерте ертеде бір жас жігіт өмір сүріпті. Бір ғана міні бар екен. Өте сабырсыз болыпты. Содан әкесі оған бір қапшық шеге беріп: “Балам, сабырсыздық танытып, ашуыңа ие бола алмай, әлдебіреуді ренжіткен кезде есікке бір шегеден қағып отыр”, - депті.

Алғашқы күні әлгі “батыр” 37 шеге қағыпты. Келесі аптада есіктегі шегелердің саны азайып, уақыт өте келе өз нәпсісін қадағалай алатын дәрежеге жетеді. Нәтижесінде шеге қаққаннан гөрі, ашуды ақылға бағындырғанның жақсы екенін түсінеді. Содан бала есікке бiр де бір шеге қақпаған күні әкесіне келеді. Әкесі сол кезде: “Ұлым, енді ашуланбаған күні бір шегеден алып отыр” деп кеңес береді. Жігіт бұл істі тез аяқтайды да әкесіне есікті барлық шегеден тазалағанын жеткізеді.

Сол күні кешке күн ұясына қонған сәтте әкесі оны есіктің алдына әкеліп: “Балам, жарайсың! Нәпсіңе ие бола білдің. Алайда, есікте қанша ұңғыма қалғанын байқадың ба? Сен де бір адамды ренжіткен кезде оның жүрегін жаралайсың. Одан қанша рет кешірім сұрасаң да, есікте қалған шегенің ізіндей ізі қалады. Қалған көңіл шыққан жанмен бірдей деген осы. Сақ болғайсың” депті. Мына жерден аудардым

IMG_2330 (WinCE)

Ешқашан да туған күнімді Украина коммунистерінен мұраға қалған бункер ішінде қарсы аламын деп ойламаппын. Жалпы соңғы ай күтпеген оқиғаларға толып кетті емес пе?
Кинопалас. Кеше қаланы біраз аралаған соң, кешке Владко бізді кинопаласқа (кинотеатрға) ертіп апарды. Француз киносының аптасы екен. Азғынға толы, француздардың қала махаббаты мен сезімі араласқан бір фильмді тамашаладық. Украин тілінде аудармасы болғанымен жылдам сөйлеген кезде кейбір сөздерін түсінбей қалдым. Бірақ қалай да киноның жалпы ойын ұғып қалдым. Екінші рет ол киноны көрмейтін шығармын.

(more…)

Саналы мұсылман адам назар аударып қараса, ғайбатшыны ғайбатқа, өсекшіні өсек айтуға итермелейтін нәрселердің бірнеше себептері бар. Олардың негізгілері мыналар:

  1. Өзінің жеңіске жетуіне әркеттену және ғайбатталушы адамға деген көкірегіндегі ашу-ызаның отын басуға тырысу. Оны ғайбаттап, оған жала жауып, басқалармен араларын бұзу үшін араларына сөз тасу.
  2. Басқаларға деген жек көру және көкірегіндегі жақтырмау сезімін басу үшін жек көріп, жақтырмайтын адамын ғайбаттап, оның кемшіліктерін айта бастайды. Бұл толық иманды, яғни нағыз иман келтіргендердің сипаты емес, Аллаһ Тағала осыдан сақтасын.
  3. «Пәленше надан, түсінігі саяз немесе ауру, сөздері түсініксіз» деген тәрізді т.б. сөздерді айтып, өзінің ғайбатталған адамдағы кемшіліктерден әрі ада екеніне, әрі жалпы өзінің одан артық екеніне адамдардың назарын аудару үшін өзін көтеріп, басқаны төмендету. Бұл сипат дандайсу болып табылады.
  4. Аллаһ Тағаланың қаһарына ұшырайтына қарамастан, достарының өзімен отырған адамдардың, серіктерінің ризалығын алу үшін (көңілдерін қимай),олардың айтып, жасап жатқан күнә істеріне қосылып кету, келісу.
  5. «Пәленшеге таңданам, ол ақылды немесе үлкен, білімді бола тұра қалайша қате істейді?!» - деген сияқты сөзбен таңданғандықты көрсету. Негізінде ол жеке адамды нақтылап көрсетпеуі тиіс.
  6. Басқаларды мазақтап, келемеждеп, көрсету. (more…)

Бүгін Мәуліт түні. Осыдан бірнеше жыл бұрын осы күнге орай Күлпара екеуміз мынадай бір мақала әзірлеген едік. Соны қайыра ұсынып отырмын.

Аллаһ Тағала сүйікті Елшісі Мұхаммед (с.а.с.) арқылы дүниеге жаңа өмір берді. Ол негізін қалап, жүректерге орын тепкізген иман (сенім) сәулесінің арқасында қате, жалған сенімдер жойылды. Надандық орнын ілім, зұлымдық орнын адамға деген сүйіспеншілік басты. Ислам бауырластығы құрылды. Әйел отбасында да, қоғамда да лайықты орнын тапты.

(more…)

Түркия басшылығы Ислам дініне реформа жасауды көздеуде деген хабарды өткен аптада бірнеше сайттардан оқығаным бар еді.

Внимание западной прессы на этой неделе оказалось приковано к событиям внутри Турции. На днях стало известно, что Университет Анкары при личной поддержке премьер-министра страны Реджепа Тайипа Эрдогана завершает масштабную реформу по пересмотру некоторых положений в исламе в сторону “более либеральных”, то есть адаптированных к современным требованиям и изменившимся моральным установкам. Как считают идейные вдохновители реформы, реинтерпретация хадисов (сборника изречений и рассказов о жизни и пророчестве Мухамеда) в конце концов окончательно развеет западные представления об исламе как о жесткой религиозной системе, узурпирующей права и свободы человека, и подготовит Турцию к окончательному вступлению в Евросоюз.

Аталған мақаланы жазған журналист бұл өзгерістер уақыт өте келе “Еуропа құндылықтарына оңтайландырылған Исламның пайда болуына әкеледі” деп жазыпты. Егер белгілі бір елдердің мәдениетіне оңтайлайтын болсақ… әрі қарай не болмақ деген сұрақ туады. Түсінсем бұйырмасын.Аталған тақырыпқа қатысты тапқан қосымша мақалалар сілтемесі:

 

Жарықтық үлкен әкем айтушы еді, бұрыңғы жайсаңдардан қалған сөз деп… – Қонышынан күміспен өрнектелген мүйіз шақшасын алып, алақанын толтыра насыбай атты. Мұртын ширатып, сақалын салалап, сәл бөгелді. – Алдымен тиянақсыз көк аспан, содан соң, тұрлаусыз қара жер жаратылды. Аспандағы ауа қойылып бұлтқа айналды, бұлттан жауған нөсермен иіген жерге жасыл шөп, гүл бәйшешек, саялы дарақ, мәуелі жеміс шықты. Отты, сулы далад, қалың жынысты орман ішінде неше түрлі жан-жануар, хайуанат өсіп-өнді. Ең ақырында солардың бәріне иелік ету үшін адамзат келді дүниеге. Тағыны тізгіндеді, асауды бұғалықтады, құла дүзді қан жайлау, меңіреуде елді мекен етті. Ол кезде ру аласы, ел таласы болған жоқ. Жұрт тегіс шат-шадыман тұрмыс кешті. Үйткені жер бетін қоныстанған алғашқы адамдардың барлығы бір атаның баласы еді.

Мұныңыз былай… зиянды пікір, - деді жұрт ішіндегі көзі ашығы Дәуренбек. – бәріміз маймылдан шыққанбыз.

Қой шырағым, мұның бос сөз, - деді Ахмет. – жарықтық үлкен әкем тағы бір сөзінде айтушы еді, арғы атамыз көк бөрі екен деп. Бірақ құраннан ұшырата алмадым. Жер бетіндегі барлық жұрт Адам-Ата мен Хауа-Анадан таралған дейді. Естуімше, тіпті, орыстың молдалары да мұны теріске шығармайтын көрінеді. Адам-Атадан Әбіл мен Қабыл туады. Қабыл…

Мұның бәрі діннің сандырағы, - деді Дәуренбек шорт кесіп. – Ғылымның айтуынша, біздің атамыз маймыл. Және кім деп атасаңыз да бір маймыл емес. Көп маймыл.

Қарттың мінезін білетін жұрт бір шатақтың шығуын күтті. Алайда, ешқандай шатақ шықпады.

М.Мағауин, «Бір атаның балалары» шығармасынан, 1973 жыл

P.S. Мектеп оқулықтарында әлі күнге дейін Дарвиннің ілімі оқытылып жатыр екен. Аталған шығарманы оқып отырғанда сол есіме түсе кеткені. Апыр-ай, кімді алдап жүрміз?…

Әлһамдулиллаһ!

Не айтарымды да білмеймін. Нью Йоркта болғанда Манхэттендегі бірнеше мешітте жиі намаз оқып едім. Қателеспесем, 30 көшеде, сосын одан төменірек 51 ғой деймін мешіттер бар еді. Канал стриттен жоғары тағы бір мешіт болған. Қонақ үйімнің қасында болғандықтан, таң намазына да жиі баратынмын. Әлгінде 12 Уоррен стриттегі іргетасы 70 жылдары қаланған мешіт орналасқан ғимарат сатылғалы отырғанын оқыдым. Шамасы келсе, АҚШ пен Канадада тұратын 500 мың мұсылман 10 доллордан аударса, мешітті өзімізге қалдыра аламыз деп хат жазыпты. Манхэттенде негізінен мешіттер көп. Бірақ 12 көшедегісі есіме түспей тұрғаны. Мынау үлкен мешіттердің бірі. Егер Сен Нью Йоркта болған болсаң немесе қазір сол жақта жүрсең осы мешіт туралы мәліметпен бөлісуіңді өтінемін. 

 

Ал мынау Брулиндегі Фатх мешіті. Бұл жақта қазақ ағайындар көп.

Next Page »