blogger


Биылғы көктемнің ішіне бүккен сыры көп деп айтпап па едім. Кеше сондай бір тосын сыйлыққа ие болдым. Айтсам ешкім сенбейтін шығар.

“Дастархан” блогын жүргізетін Ақбантик есімді блогшы өз қолымен кешкі сағат 20.00-21.00 арасында Алматыдағы Жібек жолы мен Қонаев көшелерінің қиылысында маған кореяның фирменный футболкасын сыйлады. “Ол дегенің Жанарбектің келіншегі емес пе?” дейтін шығарсың. Дәл солай. Жанарбек, Бақытнұр, Ақбану үшеуі Дүйсенбі күні Кореядан Алматыға келді. Бүгін Кеше бірнеше қазақ блогшылар солармен кездесіп, дидарластық. Әлһамдулиллаһ! Мәссағандасатын да күн бар екен.

(more…)

Күтпеген кездесулер болып тұрады. Бүгін Кеше Solai.de атты қазақ тілінде тез танылып келе жатқан жастар порталдарының ұйымдастырушыларымен кездестім. Қалта телефоныма ес емес жеткен еді. Қателеспесем Бекжаннан келді ғой деймін. Әлде Аршаттан ба? Сөйтсем, Көңілашардан келген екен :) Алматыға семинарға келген екен. Қызық қылғанда, бір семинарда бас қостық. Майкрософт жаңа өнімдерінің таныстыру үшін журналистермен АйТи мамандардың басын қосқан еді.
Маратхан мен Алмас Атыраудың белсенді жастарының бірі. Интернет технологиямен әуелде жай ғана қызығушылықпен бастап, оның соңы қазақ жастарына арналған арнайы бір порталдың дүниеге келуіне әкелді.

“Порталдың белсенділігі артқан сайын өзімізге жүктеліп отырған жауапкершілікті айқын аңғарудамын”

дейді Маратхан. Еркін отырып әңгімілесерміз деп ойлап едім, бірақ әу бастан әңгімені салмақты да өзекті тақырыпқа бұрғандықтан емін-еркін ашылып сөйлесе алмадық. Өзімнен болды. Кездескен беттен адам қазақ тілінде интернетті дамыту мәселесін сөз қылушы ма еді? Бірақ қазақ тілінде интернет бағдарламаларды дайындау мәсәлесіне қатысты айтылған ойлары өте ұнады.

Біздің әңгімеміз көбіне үш салада өрбіді.

  1. “Солай денің” мақсаты мен келешегі
  2. Атырауда семинар ұйымдастырудың жай-жапсары
  3. Қазақ тіліндегі Интернеттің дамуы мен жігіттердің болашақ кәсіптері.

Алмас Атырауда блогқа байланысты тренинг өткізуге ұсыныс жасады. Қуана-қуана келістім. Бірақ жол шығыны өте қымбат екен. Әзірге барар бармасым белгісіз болып тұр. Өткен Бейсенбіде ғана КазГУ дегі студенттерге үнхабар мен бейнехабар жасауды үйреткенім бар еді. Аз ғана күннің ішінде көп нәрсе өтті басымнан.

1 . Табағанда журналистердің 3 күндік тренингі өтті

2. КазГУ-де тренинг өткіздім

3. Үнді Орталығы өткен аптада АйТи білім беру туралы семинар өткізді

4. Бүгін Майкрософт жаңа өнімдерін таныстырды

5. Ертең АйТи мен білім беру жүйесіне қатысты конференция өтпек.

qb-small.jpgИнтернетті де қазақ тіліне бағындыруға болады. Ол үшін программист немесе журналист болу шарт емес. Қазақ жастары қазірдің өзінде жаңа медия технологиялар арқылы қазақ тілінде блог ашып, интернет арқылы ақша табуға көшті.

(more…)

Ригада ақпан айында өтетін БарКэмпке Қазақстаннан әзірге барлығы 10 адам қатысуға өтініш білдірді. Кейбіреулерінің белсенділігін байқап, ұйымдастырушылар жолақысын төлейтін болды.

Жеке өз басым әлі де екі ойлы болып жүрмін. Виза алу үшін Астанаға бару керек екен. Әрі Ригада тұратын жерді өзің іздеп табуың қажет. Түптеп келгенде солай болуы заңды да. Себебі бұл бейконференция, яғни кенеттен ұйымдастырылатын жиын. Әркім өз үлесін қосуы керек.

Қазіргі мейрам қарсаңына қарамастан, Баркэмпке қатысты блогшылар арасында белсенділік өте жоғары. Әтүрлі елдердің блогшылары қатысатын болып жатыр. Бір қызығы бұл жиынға қатысқан адам, өзінің жаңамедияға қатысты бір жобасын ұсына алады. Егер жоба шынымен де қоғам үшін пайдалы болып шықса, оған арнайы қаржы бөлінбек екен. Әлгінде айтып өттім ғой, барар бармасым, әзірге белгісіз…

«img_1076-custom-2.jpgИнтернет қолданушылар арасындағы ең үздік Қазақстан блогы» атты байқаудың нәтижелері:

  1. «Ең үздік жеке блог» Adam Kesher «Свободный радикал» (орыс тілінде)
  2. «Ең үздік ұжымдық блог» «Neweurasia Kazakhstan» (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)
  3. «Қазақ тіліндегі ең үздік блог» «Huanyshs blog» (қазақ тілінде)
  4. «Ең танымал блог» «Блог поселка Актау» (қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде)

Жеңісің құтты болсын, Қуаныш! QB атынан Қуанышты (суретте) жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілеймін! Алда енді “Мәссағанның” үздіктері бар.

Бір ерекшелігі бұл байқауда басында түгелдей орыс тілінде өткелі тұрған. Дер кезінде араласқандықтан, қазақ блогтары барлық аталымдарға өтініш білдіре алатын болды. Ұйымдастырушыларға: “Не себепті қазақ тіліндегі блогтар ең үздік блог аталымына қатыса алмайды? Қазақ блогтары тек қана “қазақ тіліндегі ең үздік блогқа” қатыса алады ма, әлде барлық аталымға қатыса ма?” деп сұраған соң ғана барып, өз қателіктерін мойындап кешірім сұраған болатын. Қазылар алқасы бүгін өздерінің шешімдерін түсіндіруі керек. Қалай десек те, аталған шаралардың барлығы блогты бұқараға кең көлемде насихаттауға бағытталғаны түсінікті. Мені бәрінен де Қуанышты енді қандай сыйлық күтіп тұрғаны қызықтырады ;)

IMG_1230 (Custom)

Ербол Сүлейменов Award 2007 интернет байқауындағы мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт номинациясындағы жүлдегерлердің атын атағанда, сахнаға бірінші және үшінші орын алған сайт өкілдері көтерілді. Жүргізуші Герман мыңнан озып, жүзден дара шапқан екінші орынды иеленгендердің сахнаға шығуын қайта-қайта сұрады. Гранд Опера театрландырылған түнгі клубтың ішіндегі салтанатты шараға жиналғандар, “мәссаған, қайда?” деп бір-біріне қарады. Алайда, Award 2007 интернет байқауының ұйымдастырушылары екінші орынға ие болған massagan.com жастар порталы авторларының Кореяда тұратынын кеш соңына таман бірақ білді.

(more…)


Қазақ блогшыларының басы қосылды ау, әйтеуір. Аллаһқа мың да бір шүкір! Кездесіп, пікірлесіп, бір бірімізге жәрдем бере алады екенбіз. Бұған дейін бір бірімізді интернет арқылы ғана танитын жандардың жүзбе жүз кездесуі қызықты өтеді екен. Бірақ біздер бір бірімізді бұрыннан білетін достардай сөйлестік. Себебі, блогтарымыз арқылы ой пікірімізді біліп жүрміз ғой.
Бірнеше тақырыптар көтерілді. Бәрінен де Бақытнұрмен чат арқылы тілдескеніміз қызық болды. Қуаныш қазақ блогосферасына қатысты өз пайымын айтса, Бақытгүл өз идеясын ұсынды. Сол жерде отырып, Әділге блог ашудың қыр сырын көрсеттік. Рахаттың блогындағы суретті алып, блог санақ жүйесін орнатуды көрсеттік. Енді ол өз блогын қанша адам, қай жақтан оқып жүргенін біліп жүретін болады. Думан таяу күндері блог ашатын болды. “Рамсторда” толқынды интернеттің болғаны мұндай жақсы болар ма?
Бірінші кездесудің мақсаты бір бірімізбен танысу болатын. Бұл өз мақсатына жеткен секілді. Енді өзге өңірдегі қазақ блогшыларыда кездесіп, әріптестік қарым қатынастарын нығайта түссе деген ой бар. Кім біледі, бір күні дәл осы қазақ блоггерлері қазақ қоғамына ықпал етер, қазақ мүддесін күйттейтін топқа айналар. Шешілмей жүрген мәселелердің тез арада шешілуіне ат салысар… Бастысы да ол емес. Ниеті бір, ойы бір қазақ жастарының блог негізінде кездесіп, бір бірімен жақыннан араласып жатқанының өзі үлкен жеңіс.


Өзім де күптеген едім. Қуанышпен кездестім. Көп тақырыптар талқыланды. Бәлкім не айтқанымызды асықпай бір жазармын. Сіздің бізің арамызда болмағаныңыз өкінішті. Мүмкін келесі жолы…


Прага ресторанына барар болсаңыз! Қаперіңізде жүрсін!!!

1. "Просим, вода!" дегеніңіз "Су беріңізші" деген сөз. "Вада" деп айтсаңыз бұл - "сіз ұяттысыз" деген мағына береді. Сондықтан "О" дыбысын сәл созыңқырау керек екен.

2. Үстел үстінде тіс шұқитын таяқшалар таппайсыз. Есесіне сыра ішуге арналған стақанның астына қоюға арналған кішкентай төсеніш табасыз.

3. Стақандар мен қасықтардың ұзындығын көріп таңқалмаңыз!

4. Нанды әдейілеп барып сұрамасыңыз, нанды тамақпен бірге алып келмейді.


5. Егер қасық, пышағыңыз немесе шанышқыңыз тәрелке ішінде жататын болса, даяшы бұны "Тамақ жеп болды" деп түсінеді. Демде алдыңызды тазалап қояды.


Нұрғисаның блогын өз блогыма қосқан едім. Кеше төмендегідей жыр жолдарымен алғысын білдіріпті.

Псевдонимің Ұрымтал
Көрмеп едім бұрын дәл
Әріптесті блогтағы
Бұл арнаға бұрып қал

Аз емеспіз, баршылық
Су тамыздым тамшы ғып
Дұрыс бопты қосқаның
Бізден түк жоқ қарсылық! :)

Нұрғиса Асылбеков

P.S. Негізі блогтың аты “Өрімтал” еді. Сонымен біреулер үшін ұрымтал, біреулер үшін өрімталмыз.

Next Page »