Сәуір 19, 2008
…-ке келдім!
Posted by urimtal under Islam, kazakh journalist, Саяхат, жастар, суреттер[14] Comments
Сәуір 19, 2008
Наурыз 1, 2008
Сіз бақытты жансыз! Алматы Аршатты күтіп алғанын естіп қана қоймай, Аршаттың қасында отырып, блогшылардың бүгінгі кездесуінің куәсі болған жанның блогын оқып отырсыз.
Білгенімізбен бөлісу үшін бүгін Алматыдағы “Қорқыт Ата” кафесінде бас қостық. Екі сағаттық кездесуде қазақ тілінде интернетті дамыту, блогты жүргізудегі техникалық мәселелерді шешу жолдары, ортақ жобаларды іске асыру жайы сөз болды. Ең бастысы бір-біріміздің жүзімізді көріп, шынайы күлкімізді ести алдық. Шыны керек, смайликтерден гөрі күнделікті пікір айтып жүрген оқырманның жылы сөзін жақыннан естіп, пікірлесудің жөні бір бөлек екен.Бір-бірімізді көптен білетін жандардай тез араласып кеттік. Ұнағаны ешбір қысылып, қымтырылу болмады. Көкейдегі мәселелер, іштегі ойлар ортаға салынды. Жеке өз басым мына жайттарға тоқталғым келеді. (more…)
Қараша 23, 2007
Сәлем достар! Бүгін қазақ тілінде блог жүргізуге қызығушылық танытқан журналистердің басын қосып, “Қазақ тілінде блог жүргізудің қыр-сыры” деген тақырыпта арнайы семинар өткіздім. Бұл семинарға Азаттық радиосынан, Түркістан газетінен, Ана тілі газетінің және Айқын газетінің тілшілері қатысты.
Espai өз блогындағы алғашқы жазбасын былай бастапты:
Kurmetti dostar! Biz qazaq tilinde blog jasau seminarinda otirmiz. Jalpi kogamnin baska salalari sekildi qazaq tili internetke de jete almai jatir. Jetedi birak sirek ari bayay. Sol sebepten side jasauga blok ashuga barimiz bir kisidei at salisaik.
семинарда ашылған блогтар:
Қараша 5, 2007
Бішкектегі Орталық мешіт. Өткен жұмада осында жұма намазда болдық. Жамағат үлкен болды. Әлһамдулиллаһ!
Бішкекте такси қызметі жақсы дамыған екен. Халық Алматыдағыдай көшеде кез-келген көлікті тоқтатып, қалаған жеріне бармайды. Белгілі таксилардың тел. нөмірлеріне звондайды. Мына “Халал” таксимен жұма намаздан соң, семинар өтіп жатқан жерге барғым келіп еді. Жүргізушісін таба алмадық. Халал таксилер де болады екен
Қыркүйек 22, 2007

Сәтпаев қаласындағы мешіттің ішкі көрінісі және ондағы неке қию рәсімі
Қыркүйек 15, 2007
Бүгін Сәтпаев қаласының туған күні. Жаңа далаға шығып, қаланың орталық алаңын суретке түсіріп келдім. Қала негізінен кеншілер қаласы деп аталады. Себебі халықтың дені “Қазақмыс” корпорациясына қатысты шахтада жұмыс істейді.
![]()
![]()
Шілде 28, 2007
Шілде 28, 2007

Қазақ блогшыларының басы қосылды ау, әйтеуір. Аллаһқа мың да бір шүкір! Кездесіп, пікірлесіп, бір бірімізге жәрдем бере алады екенбіз. Бұған дейін бір бірімізді интернет арқылы ғана танитын жандардың жүзбе жүз кездесуі қызықты өтеді екен. Бірақ біздер бір бірімізді бұрыннан білетін достардай сөйлестік. Себебі, блогтарымыз арқылы ой пікірімізді біліп жүрміз ғой.
Бірнеше тақырыптар көтерілді. Бәрінен де Бақытнұрмен чат арқылы тілдескеніміз қызық болды. Қуаныш қазақ блогосферасына қатысты өз пайымын айтса, Бақытгүл өз идеясын ұсынды.
Сол жерде отырып, Әділге блог ашудың қыр сырын көрсеттік. Рахаттың блогындағы суретті алып, блог санақ жүйесін орнатуды көрсеттік. Енді ол өз блогын қанша адам, қай жақтан оқып жүргенін біліп жүретін болады. Думан таяу күндері блог ашатын болды. “Рамсторда” толқынды интернеттің болғаны мұндай жақсы болар ма?
Бірінші кездесудің мақсаты бір бірімізбен танысу болатын. Бұл өз мақсатына жеткен секілді. Енді өзге өңірдегі қазақ блогшыларыда кездесіп, әріптестік қарым қатынастарын нығайта түссе деген ой бар. Кім біледі, бір күні дәл осы қазақ блоггерлері қазақ қоғамына ықпал етер, қазақ мүддесін күйттейтін топқа айналар. Шешілмей жүрген мәселелердің тез арада шешілуіне ат салысар… Бастысы да ол емес. Ниеті бір, ойы бір қазақ жастарының блог негізінде кездесіп, бір бірімен жақыннан араласып жатқанының өзі үлкен жеңіс.
Шілде 28, 2007
Шілде 23, 2007
Төмендегі сурет пен мазмұндағы хатты алып, абдырап қалып едім. Елімізде тапа тал түсте бала тонаушы оңбағандар пайда болыпты!
БАЛАЛАР ЖОҒАЛЫП КЕТТІ!
Тастемір Мағжан (сол жақта) - 6 жаста
Сағатбек Сұлтан (сол жақта)– 6 жаста
“17 июля 2007 года около 15:00 вышли из дома м кр. Молодежный дом 34 и не вернулись. Дети: Магжан – смуглый, рослый, рост примерно 1,50м., был одет в зеленую футболку с цифрой «2», темные джинсовые бриджи; Султан – светлый, невысокого роста, рост примерно 1,45м., был одет в синюю футболку с рисунком человека-паука, светлые джинсовые бриджи. Видивших или имеющих информацию о местонахождении детей просим сообщить по телефонам: Казахстан, г. Астана, 8 (3172) … или 02
ВОЗНАГРАЖДЕНИЕ ГАРАНТИРУЕТСЯ!!!
По имеющейся информации возможно они были вывезены за пределы Казахстана, возможно в Кыргызстан
Мүмкіндігінше осы суретті таратуларыңызды сұраймыз.”
деген хат келген еді.
Бүгін теледидарды қарап отырып, балалардың шынымен де Қырғызстаннан табылғаны айқын болды. Баланы қаржы талап ету ниетімен ұрлаған екен. Біреуі үшін 200.000 АҚШ доллары ал екіншісі үшін 180.000 АҚШ долларын сұрапты.
Бұл ауыр қылмысты қырғызстан республикасының азаматы, өрт сөндіру бөлімінің қызметкері, капитан істеді деген күдікпен қамауға алынды. Балалар дін аман, әке шешесіне қайтарылды.
Кішкентай балалардың жазығы не деген сауал туады? Баланы ұрлаған жанды әке шешесі мейірімсіз тәрбиелеген бе????
Күні ертең менің бауырымның да осылай тоналып кетпесіне кепіл қайда?
Суреттер strana.kg сайтынан алынды