Archive for the 'жастар' Category

Апта басында Бақытгүл уордпресті аударуға байланысты керемет бір ұсыныс жасаған еді. Жаңа ғана аудармаға байланысты бірінші кездесуіміз аяқталды.
Нәтиже:
kk — Қазақ тілі
3161 of 4247 strings
Тәтті-пәттімді көтеріп, Бақытгүлдің офисіне келсем, ешкім жоқ. Енді Бақытгүлден басқа дегенім ғой. Сөйтсем, көпшілгі он лайнда отыр екен. Келдік те аудармаға кірісіп кеттік. Уақыт деген зу етіп өте шықты. Бір сағат [...]

Ертеде бір жас бала әке-шешесін тастап, мұхиттың арғы жағына білім іздеп кетіпті. Ілім-білімге қанығып, елге оралған соң, ата-анасына: «Үш сауалыма жауап беретін дін ғалымын, я болмаса данышпанмен жолықтыруын» өтініпті. Жалғыз баласының сөзін жерге тастамаған қарт әке-шеше бір мұсылман ғалымды тауып әкепті. Жігіт көрген бетте: «Сен кімсің?» деп сұрапты. Қарт кісі: «Мен Аллаһ Тағаланың құлымен және [...]

Кеше кездестік. Блог туралы сұхбаттасттық. Ауа райы мен интернет бағасының құбылуына қарамастан Интернеттің қазақ тілді бөлігіне алаңдайтын жандардың бірі екені анық көрінді.
Қызық… Осыдан санаулы ай бұрын тек блогын ғана оқып: “Қандай адам, тілі неткен әдемі”, - деп отырушы едім. Енді міне қарсы алдымда отыр. Алматыдағы қым-қуыт шаруаларының арасынан бірер сағатын менімен кездесуге арнапты. Респект!
Адамдармен кездесуге [...]

Мынаны оқып, төбе шашым тік тұрды: Оңтүстік Қазақстан облысында өзін дұғалатты деп анасын айыптаған жігіт оны өлтіріп тастады.
Bir ben vardır bende benden içeri
Yunus Emre

“Жыныма тимеші”, “Жыным кеп тұр”, “Жындысың ба?”, “Жынданып кеттім”… Тілдік қорымда жынмен тіркесіп келетін сөздердің көп екенін аңғармайды екенмін. Серік “Жындармен сұхбат” деген бір диск әкеп берген. Соны көрудің сәтті [...]

Менімен бірге сырласып, мұңдасып, қуанып жүрген, оқырман!
Өкінішке қарай Сені жақыннан танымаймын. Алайда үнемі оқып, кей сәттерде пікір білдіріп тұратыныңа қуанамын. Сенің кез келген пікірің мен үшін құнды да, маңызды екенін жақсы білетін боларсың.
Блогым одан әрі, қызық та пайдалы болсын десең, Арсенал777-дың блогындағы сауалнамаға жауап беріп, қазақ блогосферасының дамуына үлесіңді қосуыңды сұраймын.
Өрімтал
Суретте: sitemeter диаграммасында осы блогтың [...]

 Қостанайдағы семинарым жаңа ғана аяқталды. Өте қызықты өтті. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай университетінің журналистика факультетінің 1-2 курс студенттері қатысты.
 
Бұрын-соңды блог дегенді естімеген екен. Сөйтіп біразы блог ашты, өздеріне пошта ашып алды. Өте ұлтжанды жастар. Сөздеріне қарағанда Қостанайда тіл мәселесі аса өткір тұрған жоқ. Себебі қазақтардың өздері орысша сөйлеп кете беретін көрінеді. Десе де қазақ тілінің [...]

Ерте ертеде бір жас жігіт өмір сүріпті. Бір ғана міні бар екен. Өте сабырсыз болыпты. Содан әкесі оған бір қапшық шеге беріп: “Балам, сабырсыздық танытып, ашуыңа ие бола алмай, әлдебіреуді ренжіткен кезде есікке бір шегеден қағып отыр”, - депті.
Алғашқы күні әлгі “батыр” 37 шеге қағыпты. Келесі аптада есіктегі шегелердің саны азайып, уақыт өте келе [...]

Ешқашан да туған күнімді Украина коммунистерінен мұраға қалған бункер ішінде қарсы аламын деп ойламаппын. Жалпы соңғы ай күтпеген оқиғаларға толып кетті емес пе?

Кинопалас. Кеше қаланы біраз аралаған соң, кешке Владко бізді кинопаласқа (кинотеатрға) ертіп апарды. Француз киносының аптасы екен. Азғынға толы, француздардың қала махаббаты мен сезімі араласқан бір фильмді тамашаладық. Украин тілінде аудармасы болғанымен жылдам [...]

Львовте неміс шапқыншылары бомбылап кеткен үйдеміз. Таңертең пойызбен келдік. Львов өте әдемі қала екен. Дені украиндықтар. Aleksandr бізді өзінің Владко деген досының үйіне ертіп келді. Қалаға кіре бергенде орталық алаңнан әлдебір жастардың протес жасап жатқандарынын үстінен түстік. Жай ғана жергілікті үкіметтің ісіне наразылықтарын білдіріп жатыр екен. Владко: “Ақша үшін істеп жатыр ғой” деді. [...]

Биылғы көктемнің ішіне бүккен сыры көп деп айтпап па едім. Кеше сондай бір тосын сыйлыққа ие болдым. Айтсам ешкім сенбейтін шығар.
“Дастархан” блогын жүргізетін Ақбантик есімді блогшы өз қолымен кешкі сағат 20.00-21.00 арасында Алматыдағы Жібек жолы мен Қонаев көшелерінің қиылысында маған кореяның фирменный футболкасын сыйлады. “Ол дегенің Жанарбектің келіншегі емес пе?” дейтін шығарсың. Дәл солай. [...]