дін


Жарықтық үлкен әкем айтушы еді, бұрыңғы жайсаңдардан қалған сөз деп… – Қонышынан күміспен өрнектелген мүйіз шақшасын алып, алақанын толтыра насыбай атты. Мұртын ширатып, сақалын салалап, сәл бөгелді. – Алдымен тиянақсыз көк аспан, содан соң, тұрлаусыз қара жер жаратылды. Аспандағы ауа қойылып бұлтқа айналды, бұлттан жауған нөсермен иіген жерге жасыл шөп, гүл бәйшешек, саялы дарақ, мәуелі жеміс шықты. Отты, сулы далад, қалың жынысты орман ішінде неше түрлі жан-жануар, хайуанат өсіп-өнді. Ең ақырында солардың бәріне иелік ету үшін адамзат келді дүниеге. Тағыны тізгіндеді, асауды бұғалықтады, құла дүзді қан жайлау, меңіреуде елді мекен етті. Ол кезде ру аласы, ел таласы болған жоқ. Жұрт тегіс шат-шадыман тұрмыс кешті. Үйткені жер бетін қоныстанған алғашқы адамдардың барлығы бір атаның баласы еді.

Мұныңыз былай… зиянды пікір, - деді жұрт ішіндегі көзі ашығы Дәуренбек. – бәріміз маймылдан шыққанбыз.

Қой шырағым, мұның бос сөз, - деді Ахмет. – жарықтық үлкен әкем тағы бір сөзінде айтушы еді, арғы атамыз көк бөрі екен деп. Бірақ құраннан ұшырата алмадым. Жер бетіндегі барлық жұрт Адам-Ата мен Хауа-Анадан таралған дейді. Естуімше, тіпті, орыстың молдалары да мұны теріске шығармайтын көрінеді. Адам-Атадан Әбіл мен Қабыл туады. Қабыл…

Мұның бәрі діннің сандырағы, - деді Дәуренбек шорт кесіп. – Ғылымның айтуынша, біздің атамыз маймыл. Және кім деп атасаңыз да бір маймыл емес. Көп маймыл.

Қарттың мінезін білетін жұрт бір шатақтың шығуын күтті. Алайда, ешқандай шатақ шықпады.

М.Мағауин, «Бір атаның балалары» шығармасынан, 1973 жыл

P.S. Мектеп оқулықтарында әлі күнге дейін Дарвиннің ілімі оқытылып жатыр екен. Аталған шығарманы оқып отырғанда сол есіме түсе кеткені. Апыр-ай, кімді алдап жүрміз?…

Бұл мақала «Түркістан» газетінен қысқартылып алынды. Авторы: Маржан Телеуғажықызы

kolazh.jpg

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы бiр хадисiнде:
«
Арафа күнi ораза тұту бiр жолғы ұсақ күнәсiне кәффарат болар. Ал ашура күнi ораза тұтса бiр жылға үлкен және жаңылыс iстеген күнәсiне кәффарат болар».

 

  1. Бұл күнi зiкiрлер және дұға жасалынады.
  2. Мұхарам айының 9-10 күнi немесе 10-11 күнi ораза тұтылады. Нұһ а.с. кемесi ашура күнi тоқтаған. Яғни топан Ережеп айының бiрiнде басталып мұхарам айының оныншы күнi Жудди тауына тоқтаған Хз Нұһ (а.с.) және мүминдер осы күнi шүкiр етiп ораза ұстады. Қалған ризықтан ашура пiсiрдi. Яғни қалған барлық тамақ түрiн қосып пiсiрген. Ол – ашура деп аталған ерекше тамақ. Ашура күнi садақа беру, бiреуге сый ұсыну, ораза ұстау – сүннет болып табылған.
  3. Ғұсыл алынады. (Дененi толық жуу). «Ашура күнi кiмде-кiм ғұсыл етсе өлiм ауруынан басқасының бәрiне ем болады» – деп Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан.
  4. Бiр мүмин ауыз ашар жасаса, бүтiн мүминге ауыз ашар жасағанымен тең болады.
  5. Бiр ауруды зиярат ету. «Ашура күнi бiр ауруды зиярат етсе, бүкiл адамды зиярат еткенмен бiрдей болады.
  6. Кiмде-кiм 10 мүминге сәлем берер болса, бүкiл мүминге сәлем бергенмен тең болады.
  7. Ишрақ уақытында (таң атқан соң бiр сағат уақыты) 4 ракат намаз оқылады. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мына бiр хадисiнде: «Кiмде-кiм Ашура күнi 4 ракат намаз оқыса, әр ракатта 1 фатиха 51 рет ыхлас оқыса Аллаһ Тағала ол кiсiнiң өткен және келер жылғы күнәларын кешiредi. Омар бин Хаттаб.

Мұхарам айында көп дұға, зiкiрмен өткiзейiк.

Бір досымыз өз блогында “Мұсылмандарға жаңа жыл тойлауға бола ма ?” деген сұраққа жауап іздеген екен. Ислам діні елімізде кең насихатталып жатқан тұста, осы уақытқа дейін санаға сіңген әдет-дағдыларды қайта қарап, дәстүрдің озығы мен тозығын елеп-екшеу оңай тиіп жатқан жоқ. Бір ғана мысал, жасыл шыршаны айналудың мәнісі оған тәу ету (асылында мұсылмандар тек, Қағбаны айналып тәуап қылады) екенін білсек те, бала көңілін қалдырмай әндетіп оны айналып жүреміз… Төменде ислам күнтізбесіндегі атаулы күндерді көрсетіп отырмын.

10-қаңтар – мұсылманша жаңа 1429 жылдың басы (1-мұхаррам).
19-қаңтар – Ашура күні (10-мұхаррам).
9-наурыз – 1-рабиулаууал.
19-20-наурыз – Мәуліт ан-Нәби Пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күні (11-12 рабиулаууал Сәрсенбіден Бейсенбіге қараған түн)
4-шілде – Ережеп айының 1-жұлдызы
3-4-шілде – Рағайыб түні
29-30-шілде – Миъраж түні
3-тамыз – шағбан айының 1-жұлдызы
16-17-тамыз – Бараат түні
1-қыркүйек – Қасиетті Рамазан айының 1-жұлдызы
(more…)

IMG_0638 (WinCE)

    1. Аллаһтан көбірек кешірім сұрау - ризықты көбейтудің ең ұлы жолы; “(Сондай ақ оларға): Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені, Ол өте жарылқаушы” дедім. “Ол сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді. Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер үшін бақшалар жасап, өзендер ағызады” (Нұх: 10-12).
    2. Аллаһ жолында дүние жұмсау, яғни садақа беру. Көптеген адамдар садақа беру - мал-мүлікті азайтады деп ойлайды. Керісінше, ақша (дүние) Аллаһ үшін жұмсалса, ешқашан азаймайды, артады. “Зекет” деген сөз тазару, яғни “жамандықтардан” тазару дегенді білдіреді; “Аллаһ жолында мал сарп қылғандардың мысалы: әр сабағында жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәрізді. Әрі Аллаһ кімге қаласа бірнеше есе арттыра береді. Аллаһ Тағала тым кең, әр нәрсені білуші” (әл-Бақара: 261) “…тиісті орынға бір нәрсе жұмсасаңдар, сонда Аллаһ тағы есесін береді. Ол - ризық берушілердің ең жақсысы…” (Сәба: 39). (more…)

Қаракемер ауылының мешіті

Кеңес тұсында елімізде бар болғаны 68 ғана мешіт болса, бұл күндері олардың саны 1900-дан асты. Бір ғана Алматы қаласында бұл күнде 25 мешіт бар. Өткен аптада 15 мың адамдық бір сәтте намаз оқитын зәулім мешіттің алғашқы кірпішін Елбасының өзі қалап берді («Ислам және Өркениет» газеті №10, 2007 жыл).

Республикадағы барлық аймақ қарқынды құрылыс алаңына айналды, алдағы жылдары 100 мектеп пен 100 аурухана салу жоспарланып отыр (Елбасының Тараздағы жаңа мешіттің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінен, 27-сәуір, 2007 жыл).

(more…)

Өткенде газетті парақтап отырып, соңғы бетіндегі Көңіл айтуға көзім түсті. Таяуда ғана бір кісіден сұхбат алып едім, сол кісінің қайтыс болғаны жазылыпты. Ішім бір түрлі мұздап кетті. Диктафонда әлі күнге дейін оның дауысы сайрап тұр. Кеше сол кісінің баласы телефон шалды. Автобуста кетіп бара жатыр едім, оның үстіне суық тиігізіп алғандықтан көңілім алаңдаулы болатын. Алматының пробкасы мен автобус ішіндегі халықтың көптігі мазамды қашырды ғой деймін. “Бүгін кешке келіп, Құран оқып бересің бе?” деді ағамыз. Ауырып тұрғанымды, келе алмайтынымды білдіріп, кешірім сұрадым. Аллаһ разы болсын, мені түсінді. Десе де үйге жеткенше ойланып келдім.

(more…)

Әлгінде ғана Жас Алаш газетінде Әуезхан Қодармен болған сұхбатты (сілтемеде басқа газеттегі сұхбаты) қарап шықтым (поштама хат арқылы келді. Нақты қай санында шыққанын білмеймін). Әрі-сәрі күйде отырмын. Әр адамның сенімі өзінде ғой дейсің, амалсыз. Әуезан ағаның “Тамыр” атты журналында тәңіршілдіктің ғылыми астарын қалап жатқанын бұрыннан байқаған едім. Бірақ мені бәрінен де

Дей тұрғанмен де, мен атеист болып қалыптасқан адаммын. Бір байқағаным, қалай дінге бетбұрыс басталды, солай бірден Ислам дінін насихаттау күшейіп кетті. Мен соған іштей наразы болдым. Сөйтіп, оған қарама-қарсы дүниелерді іздестірдім. Содан тәңіршілдікке оралдым. Молдалардың «Аруаққа сенуге болмайды, тек бір Аллаһқа табыну керек» дегеніне орай, «Сонда қалай? Қазақтың ғасырлар бойы сеніп келген, өзінің ерекшелігі деп білген дүниелерінен қалай ажырауға болады? Ол деген өз-өзіңді сатқанмен бірдей ғой» деп ойладым да, осы мәселені ғылыми түрде зерттей бастадым. Түрлі әдебиеттермен таныстым. Қазір енді осы тақырыпта докторлық диссертация қорғайын деп жатырмын…

дегені ойландырды. Апыр-ай мұсылманшылықтан үркетіндей бұл ағамызға не көрінді екен?

Пайғамбарымыз (с.а.у):

“Аллаһ Қадір түнін үмметіме сыйлық етіп берген, одан бұрын ешбір үмметке бермеген.”

Пайғамбарымыз (с.а.у):

“Кімде-кім Қадір түнінде, сауабын Аллаһ Тағаладан күтіп, шын ықыласымен өткізсе оның өткен күнәлары кешіріледі.”

Хазіреті Айша анамыз Пайғамбарымыздан (с.а.у):

“Йә Расулуллаһ, Қадір түнінде
не деп дұға етейін?”,
-деп сұрады.

Сол кезде Пайғамбарымыз (с.а.у) айтты:

“Йә Аллаһ Тағала, Сен барша күнәларды кешірусің, кешіруді жақсы көресің, менің де күнәмді кешіре гөр деп дұға ет”, -деді.

(more…)


… есейгім келмейді! Компьютер адамды жалғыздыққа үйретеді. Содан ба, көп ішінде жүрсем де, өзімді жалғыз сезінемін. Көбіне мұңлы ойлар сананы шырлайды. Бәлкім, интернетте жақсыдан гөрі жамандықты насихаттайтын мәліметтер көп болғандықтан болар. Кей кейде адамдар әлемторды өздерінің лас ниеттерімен былғап тастағандай көрінеді. Жиіркенемін. Денем тітіркенеді. Түршігіп кетемін.
Қазір Прагадағы ауылшаруашылық универсиетінде отырмын. Тып тыныш. Табиғаты да таза. Білім алам дегенге барлық мүмкіндік жасалған. Бағасын салыстырсам, Алматыдан көп арзан. Тек халқы… бәрі емес әрине, рухани кемтар. Кеше амалсыз, топпен бірге өмірімде алғаш рет сыраханада болдым. Әйел киімін киген еркектерді көріп шошып кеттім. Ұлыбританиялық Корел бұл “бойдақтықпен қоштасу” рәсімі екенін түсіндірді. Өкінішке қарай ағылшындар әлі күнге дейін тозық дәстүрлерін ұстанады екен. Аяалдамада араққа сылқия тойып, ықылық атып тұрғандар жиі ұшырасады. Кеше жатақханамыздың ауласында жатқан инені көзім шалды. Вахтада отырған жігіт те, шайтан суға тойып, өңеші жыртылғанша немісше айғалағаны бар. Неге?

Прага орталығы шіркеулер мен діни құлшылық қылар ғибадатханаларға толы. Бірақ халық діндар емес.
жалғасы мында

Төмендегі өлеңдердің авторы − белгілі ақын Серік Ақсұңқарұлы. Осыдан бірнеше жыл бұрынғы күнделігімді парақтап отырып, оның Құран Кәрімнің кейбір сүрелерін өлең шумақтарымен өрнектеген жырларын тауып алдым. Әрине, бұл өлеңдер Қасиетті Кітаптағы өлеңнің толық хикметін жеткізе алмас. Бірақ арабша жаттаған сүрелердің мағынасын түсінуге жәрдемдесер деп ойлаймын.

Ғасыр (103)
Заманға серт!
Ал осымды қаперге:
Пенде біткен туа қауіп−қатерде!
Иман айтып,
Адалдықпен жүрсе жұрт,
Ақиқаттың ақ екенін білсе − қырт;
Азабына сабыр қылса − зарланбай,
Сол қияннан жол табады!
Сандалмай!

(more…)

Next Page »