Саяхат


Таңертең ертерек тұрдым. Қостанайға ұшағым сағат 10.25-те ұшуы керек. Сағат 07.00-де интернетке отырып едім, әлгі жазбаны жаздым. Мәссағанды ақтардым, блогтарды бір сүзіп шықтым. Уақыт зу етіп өтіп кетіпті. Үйден асығып шыққанда сағат 08.50-ді көрсетіп тұрғаны есімде.

Таксимен әуежайға жетіп, екінші қабатқа жүгіріп жетсем, ұшақтың Қостанайға ұшып кеткеніне 20 минут болыпты. Маңдайымнан мұздай тер бұрқ ете қалды.

(more…)

IMG_2330 (WinCE)

Ешқашан да туған күнімді Украина коммунистерінен мұраға қалған бункер ішінде қарсы аламын деп ойламаппын. Жалпы соңғы ай күтпеген оқиғаларға толып кетті емес пе?
Кинопалас. Кеше қаланы біраз аралаған соң, кешке Владко бізді кинопаласқа (кинотеатрға) ертіп апарды. Француз киносының аптасы екен. Азғынға толы, француздардың қала махаббаты мен сезімі араласқан бір фильмді тамашаладық. Украин тілінде аудармасы болғанымен жылдам сөйлеген кезде кейбір сөздерін түсінбей қалдым. Бірақ қалай да киноның жалпы ойын ұғып қалдым. Екінші рет ол киноны көрмейтін шығармын.

(more…)

Львовте неміс шапқыншылары бомбылап кеткен үйдеміз. Таңертең пойызбен келдік. Львов өте әдемі қала екен. Дені украиндықтар. Aleksandr бізді өзінің Владко деген досының үйіне ертіп келді. Қалаға кіре бергенде орталық алаңнан әлдебір жастардың протес жасап жатқандарынын үстінен түстік. Жай ғана жергілікті үкіметтің ісіне наразылықтарын білдіріп жатыр екен. Владко: “Ақша үшін істеп жатыр ғой” деді.

Киевте нөсерлетіп тұрғанына қарамастан Саша екеуміз Киевтегі мешітті іздеуге шықтық. Саша Киевте туып өссе де, ешқашан мешітте болмаған екен. Содан менімен бірге еріп баруға бірден келісімін берді.
Мешіт Киевтің Татарка деген бөлігінде орналасқан. Ол жаққа қоғамдық көлік жиі жүреді. Іздеген адресімізді оңай таптық. Көшедегі бір-екі жігіттен мешіттің қай жақта екенін сұрап едім, жөн сілтеп жіберді. Аллаһ разы болсын. Бір қызығы мешіттің қасында христиан бейіттері (син: мола, қабірстан ) орналасқан.

Толығырақ….

(more…)

 

IMG_2305 (WinCE)

- Қазақстан дейсіз бе? Бай ел ғой. Бірақ автократия бар ғой деймін.

Бүгін Қазақ елінде болып көрмеген бірақ Қазақстан туралы көп естіген украиналық жастың аузынан осы сөзді естіп ойланып қалдым. “Қазақстан өзінің демократиялық жолын қалап жатыр” деп айтқаныммен бұл сөзімде шынайылықтан гөрі, күдіктің басым болғаны анық еді. Бір емес бірнеше украиналықтардың аузынан: “Байлығы тасып жатқан ел, бірақ даму жағынан бізден бес жылға артта қалған” дегенді естисің. Бәлкім еуропаға жақын әрі белгілі бір деңгейде орыс ықпалынан құтылғандықтан солай дейтін шығар деп ойладым да қойдым. Мен бұл елде қонақпын ғой…

Әлгінде метроның эсколаторымен түсіп келе жатқанда анық аңғардым, Киевте “”украиндықтардың өз өздеріне деген сенімдерін оятуға бағытталған жарнамалар өте көп. Жаңаеуразияда жарнама туралы көп жазып жүргендіктен, еріксіз киевтегі жарнамаларға көзім түскен. Себебі бұл елде оның барлығы тек қана мемлекеттік тілде. Мәселен, метродағы көлік ішінде Інжілдің үзіндісі бар.

Қай жаққа қарасаң да, кәсіпкер украин, спортсмен украин, отбасының ұйытқысы  болған украин, әдемі украин, әртіс украин, әкім украин, Отанын шексіз сүйетін украинның күлімдеп тұрған суреттерін көресің.

Бұның барлығы жалпы халыққа үлгі болатын жанның күні бойы көз алдында тұруына алып келері сөзсіз.

Украина қазір кімге арқа сүйесін? Өз аяғынды нық тұр деуге де ерте. “Бөрі арығын білдірмес….” тің кебін киіп тұр. Таңертең жұмысқа жанталасқан, ал кешке жұмыстан шаршап келе жатқан, көздерінде бір мұң бар адамдарды көрдім. Бірақ олар өз елдерінің уығын нықтап, шаңырақтарын көтеріп жатыр.

 

  

 

 

 

 

 

 
 
 


Алматыда да метро салынып бітсе, Сіздер де осылай күлімдеп отыратын боларсыздар!


1. Tanerten metroda adamdar keptelisin köruge bolady.
2. Qogamdyq orynda temeki weguge tyim salyngan talapqa qatan bagynady
3. Jarnamanyn barlygy ukrain tilinde
4. Adamdar öte asygys
5. Metro iwinde Injilden uzindiler ilinip qoilgan
6. Iogava kuagerleri kitapwalaryn jer asty ötkelderinde 1 orynda turyp taratady
7. Adamdary oqymysty. Kitap, jurnaldy elevatorda turyp, metro iwinde oqi beredi

Біздің үйдің Азаматы кеше Шарын шатқалына университеттегі достарымен барып келген еді. Фотоаппаратымды құшақтап кеткен. Бірді-екілі суреттерін жариялап отырмын. Шарын шатқалдарын тамашалайтын кез келген тәрізді. (more…)

img_18492-wince.jpgОлардың да туған елге деген бір сәлемдері бар еді. Соны жеткізгелі отырмын. “Аман-есен жақсы оқып жатырмыз” дейді Рига қаласындағы Аэронавигация институтының студенттері. Түсіндірулері бойынша бұл бір-екі жылдық курс тәрізді оқу екен. Оқу ақысын төлеп қойған мекемемен жасалған келісім бойынша (қателеспесем, “КазАэро” АҚ), Ригадағы оқулары аяқталған соң сол жақта бірнеше жыл қызмет етпек. Араларындағы біреуі (Ербол) програмистің мамандығын оқыған екен. Өзінің бірді-екілі жасаған сайттары да бар. Бірақ көрсетуге ұялып жүр. Оған қазақ тіліндегі блогтардың бірсыпырасын көрсеткен едім. Ол да өзіне блог ашпаққа уәде берді.

Жігіттер жан-жақтан жиналыпты. Біріне аға, біріне іні болып бірге араласып жүреді. Кейбіреулері жатақханада тұрады.

Райымбек, Ербол, Әсет! Жігіттер, оқып отырсаңдар, Сендерге үлкен сәлем!

Next Page »