Байқау


Кейбір оқырмандарым өтікізіліп жатқан Шығармалар байқауына қатысты біраз сұрақтар қойған еді. Орайы келген соң, соларға жауап бергім келеді. Кеше Қазақстан Мұсылмандарының Діни Басқармасында болдым. Осы байқауды ұйымдастырушыларға жолықтым. Оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарды оларға да қойдым.
Сонымен, егер, аталған байқауға қатысқың келіп, шығарма жазған болсаң, өз шығармаңды оларға жөнелтудің үш түрлі жолы бар:
1. Пошта арқылы: 050004, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 64/2 үй, 33 пәтер,
Тел/факс: 8(727)2456 097
2. Электронды пошта арқылы: islam_publish[at]mail[нүкте]kz
3. Өзің редакцияға келіп, әкеліп тапсыру: Алматы қаласындағы Орталық Мешіт қасындағы ҚМДБ ғимаратының бірінші қабатында, 050016, Алматы қаласы, Пушкин көш., 16 үй

Негізі ұйымдастырушалар:

“Пошта арқылы жолдаса да, конверттің ішіне шығарманың электронды нұсқасы сақталған дискет болғаны жақсы”

деді. Себебі ұнаған шығармаларды олар газет бетіне жарияламақ ойда. Сәттілік тілеймін!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен “Көкжиек” баспасының ұйымдастыруымен студенттер және оқушылар арасында

“МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАР (с.ғ.с.) - АДАМЗАТТЫҢ АРДАҚ ТҰТАР ТҰЛҒАСЫ”

атты прозалық шығармалар бәйгесі жарияланады.
(more…)

Kurmetti ariptester!

Sizderdi en uzdik kazakstandyk blog baykauynyn zhenimpazy bolganynyzben kuttyktaymyn! Bul zhenis sizdin bolashak shygar mashylyktarynyzga dem bersin.

Syilyktar men diplomdar Sizderge 10 kantardan keyin beriledi, kosymsha akparatty keyinirek khabarlaymyz.

Sizderdi izgi nietpen Zhana zhyl merekesimen kuttyktaymyn!
P.S. Baqytnur, julden qutty bolsyn!!!

Бәйгеге қатысушылардың баспасөз беттеріндегі мақалалар, басылым беттерінде жарық көрген суреттер немесе көрмелерін, теледидар бейнеежіресі, Радиохабарламалар 2007 жылғы желтоқсанның 1-жұлдызынан бастап 2008 жылдың 10-ақпан айына дейінгі аралықта жарияланған болуы тиіс. (more…)