img_0976-custom.jpg

Бүгін ТӨМЕР-де (Түрік тілін үйрету орталығы) аралық сынағым бар. Қазір соған кетіп барамын. Бір қызығы кеше курстастарыммен сөйлесіп отырып, ортақ таныстарымыздың бар екенін білдім. Соларға сәлем ретінде төмендегі суретті жариялап отырмын. img_0980-custom.jpgАйтпақшы, басқа курстарға қарағанда түрік тілі курстары арзан. Мәселен, барлығы үш деңгей болса, әр деңгейіне 100 доллар (студенттер үшін 75) төлейсің. Бір қызығы ТӨМЕР-де түрік тілін үйреніп жүрген орыс жастарын көптеп кездестіруге болады. Қазақ тіліне де сондай сұраныс болса, сөзсіз үйренер ме еді деген ойға келдім.